ХІ-ХҮ ғасырлардағы Испания
7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §16. ХІ-ХҮ ғасырлардағы Испания
Сабақтың мақсаты:
- Испанияны арабтардың жаулап алып мемлекет құруы, арабтар мен испандықтардың реконкиста атты соғысы, испаниядағы күпірлерге қарсы күрес туралы баяндау;
- Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
- Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- ХІ-ХҮғғ. Германия жерлеріндегі саяси даму ерекшеліктері қандай болды?
- Германия рыцарьларының мақсат-мүддесі нені көздеді? Мақсаттарына жету үшін рыцарьлар не істеді?
- Германияның орта ғасырлардағы қалалары не үшін күресті?
- Олардың өзара және шет елдермен байланыстары қандай болды?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Арабтармен күрес
Пиреней түбегіндегі араб мәдениетінің ықпалы
Кордова халифаты (756-1031) | ||
Ауыл шаруашылығы жедел қарқынмен дамыды | Қалалар өсті | Медицина, математика, география ғылымдары дамыды |
- Реконкиста. Испанияның бірігуі
- Католик шіркеуі. Инквизиция және күпірлерге қарсы күрес
Сабақты бекіту:
- Реконкиста деген не? Ол қашан , немен аяқталды?
- Испанияны кімдер, қашан, қалай біріктірді?
- Католик шіркеуі реконкистаға не үшін қатысты?
- Күпірлерге қарсы күрестің мақсаты қандай болды?
- Инквизиция деген не?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §16. «Кордова халифаты» атты тақырыпта реферат жазып келу.