.ХІ-ХҮ ғасырлардағы шаруашылықтың дамуы және әлеуметтік өмірдегі өзгерістер

71

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §18.ХІ-ХҮ ғасырлардағы шаруашылықтың дамуы және әлеуметтік өмірдегі өзгерістер

Сабақтың мақсаты:

  • Шаруашылықтағы қол жеткен табыстар, қолөнершілердің ауыл шаруашылығынан бөлінуі, еуропада қалалардың пайда болуы туралы айту;
  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қала мемлекеттері және олардың ерекшеліктері
  • Венецияның күшеюі. Флоренция
  • Медичилердің банк қызметі
  • Савонарола

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Шаруашылықтағы қол жеткен табыстар
  2. Қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлінуіЕуропада ортағасырлық қалалардың пайда болуы
  3. Брюгге қаласының пайда болуы
  4. Жәрмеңкелер. Шығыс елдерімен сауда жүргізу.

Сабақты бекіту:

  • Ауыл шаруашылығы мен қолөнердегі жетістіктердің бір-бірімен байланысы қалай болды?
  • Қалалардың неліктен және қалай пайда болғанын түсіндіріп беріңдер?
  • Қалалардың пайда болуына және өсуіне байланысты қандай еңбек бөлінісі өмірге келді? Қалалардың өсуі сауданың дамуына қалай әсер етті?
  • Жәрмеңке деген не? Шампань жәрмеңкесі туралы әңгімелеп беріңдер

Бағалау:             Үйге тапсырма: §18.