Орта ғасырлардағы Қытайдың мәдениеті мен өнері

36

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §27. Орта ғасырлардағы Қытайдың мәдениеті мен өнері

Сабақтың мақсаты:

  • Орта ғасырлардағы қытайдың қалалары , қолөнері мен саудасы, Ү-ІХ ғасырлардағы Қытай мәдениеті туралы мол мағлұмат беру.
  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Ежелгі қытайлықтар шаруашылықтың қандай түрімен айналысқан?
  • Қытайда жер иеліктерінің қанша түрі болды?
  • Тан әулеті Қытайда қай жылдарда билік құрды?
  • Қытайда будда діні қай ғасырда кең тарады?
  • Даосизм дегеніміз не?

Жаңа сабақтың жоспары:

  • Қала, қолөнер және сауда
  • Фарфор өндірісі
  • Ү-ІХ ғасырлардағы Қытай мәдениеті
  • Өнер, дебиет, ғылым
  • Халық емшілігі
  • Ян Цзянь мен Ян Гуан император сарайында кітапхана жинақтады. Қытайда каллиграфиялық жазудың  негізі қаланды. Қытай мәдениеті будда идеологиясының ықпалында  дами бастады. Будда шіркеуінде және оның маңында Будданың бейнесін салу, пагода тұрғызу (бірнеше қабат биік мұнаралар) қолға алынды.

Сабақты бекіту:

  • Ежелгі Қытай мемлекетінің шаруашылығы, қолөнері қалай дамыды?
  • Қытайдың саяси құрылымы. Императорлық әкімшілік басқару жүйесі қандай болды?
  • Ежелгі Қытай мемлекетінде қандай діндер үстемдік етті?
  • Қытай феодалдық мемлекетінің мәдениеті қалай дамыған?
  • Ұлы Жібек жолының негізгі бағыты қандай болды? Неге Жібек жолы деп аталды? Ұлы Жібек жолы  қазақстан жерінің қай өңірімен өтті?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §27. Орта ғасырлардағы қытайдың мәдениеті мен өнері