Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.

71

10-сынып. Дүние жүзі тарихы(гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: §25. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы.

Сабақтың мақсаты:

  • Соғыстың ауқымы, қимылдарының сипаты, кезеңдері, Германияның Польшаға баса көктеп кіруімен екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы туралы оқушаларға түсіндіру;
  • Белсенділігін,ойлау қабілеттерін арттырып, білімін жетілдіру;
  • Тарихи санасы қалыптасқан, шығармашыл, бәсекеге барынша қабілеті ұлтжанды тұлға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: карта, сызба, суреттер

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

 

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • 1929-1933 жылдары дүниежүзілік экономикалық дағдарыс халықаралық қатынастардың дамуына әсер етті ме?
  • Тоталитарлық мемлекеттің сыртқы саясаттағы ерекше белгілерін анықтаңдар
  • Соғыс ошақтары қай аймақтарда және қай уақыттарда пайда болды?
  • Ұлтар Лигасының Германия, Италия және Жапонияның басқыншылығын тоқтатуға неге шамасы келмеді?
  • Басқыншыларды «қолпаштау» саясатының мәні неде?
  • Соғыс қарсаңында КСРО-ның жүргізген сыртқы саясатын қалай бағалайсыңдар.

 

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Соғыс ауқымы
  1. Соғыстың кезеңдері
  2. Германияның Польшаға шабуылы
  3. КСРО-ның Финляндияға қарсы басқаншылығы
  4. Батыс майдандағы жағдай
  5. Африка мен Балқандағы соғыс

 

Сабақты бекіту:

1.Екінші дүниежүзілік соғыстың тұтану себептері мен сипаттамасы туралы әңгімелеңдер

2.Осы соғысты бастатқызбауға мүмкіндік болды ма?

  1. «Оғаш соғыс» туралы не білесіңдер

4.1939-1941 жылдары соғысқа қатысқан елдердің халықтары, әскери күштері, шаруашылығы туралы мәліметтер жинастырып диаграмма жасап, салыстырыңдар.

 

Бағалау:

Үйге тапсырма: §25.