Көшпелілікті зерттеу тарихы.Қазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуы

169

10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: §14. Көшпелілікті зерттеу тарихы.Қазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуы

Сабақтың мақсаты:

  • Көшпелі қоғамның өзіне тән белгілерін, шаруашылық, сауда, кәсіптік ерекшеліктерін көрсету. Әлеуметтік-саяси дамуын түсіндіру. Ежелгі көшпелілерде мемлекеттік қоғамдық құрылым болғандығын, ондағы басқару жүйесі мен әскери істің дамуы жетілдіріп отырылғанын түсіндіру.
  • Тарихи санасы қалыптасқан , пәнге қызығушылығы жоғары білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. карта
  2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

Үй тапсырмасын сұрау:

  • Ғалымдар «қазақ» сөзінің шығу тегін немен байланыстырады?
  • «Қазақ» сөзінің шығу тегін зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер?
  • «Қазақ» сөзінің мағынасы нені білдіреді?

Сабақтың жоспары:

  1. Қазақстанда еделгі дәуірде мал өсірудің пайда болуы.
  2. Көшпелі мал шаруашылығының дамуы.
  3. Көшпелі өркениеттің Қазақстандағы көріністері
  4. Көшпелілердің қоғамдық құрылысы
  5. Көшпелі қоғамдағы әскери іс.
Б.з.б. 3-мыңжылдық-малды қолға үйреткен.

Б.з.б. 2-1-мыңжылдық-мал өсіру-жер өңдеу

Б.з.б. XVII-XII ғасырлар-көшпелі мал өсіру бастамасы-жер өңдеу.

«Көшпелі шаруашылықтың дамып келе жатқанын қалай дәлелдеуге болады?»- деген сұрақ қоя отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыруға, оларды ойланып жауап беруге дағдаландыру.

Екінші мәселеде көшпелі мал шаруашылығының үш түріне тоқталу. Оқушыларға кесте толтырту арқылы өздігінен оқып-үйрену жұмысын жүргізу.

Мал шаруашылығының үш түрі

Мал шаруашылығын түрі Ерекшеліктері Таралған аймағы Деректер

 

Қазақстандағы қола дәуірінің соңы мен алғашқы темір дәуіріндегі кезеңі зерттеу барысында Жетісу, Шығыс Қазақстан, Сырдария бойында мекендеген тайпалар мемлекет дәрежесіне көтерілгенін оқушылардың есіне сала отырып, мемлекеттің пайда болып дамуын дәлелдеу.

Сабақты бекіту:

  • Көшпелі өркениет қай кезден басталады?
  • Мал шаруашылығы дамуынының қандай кезеңдерін білесіңдер?
  • Көшпелі мал шаруашылығының қандай түрлері бар? Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуына не себеп болды?

Бағалау: Үйге тапсырма: §14.