Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында

939

Сабақтың тақырыбы : Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында

Сабақтың түрі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, дамыта оқыту технологиясы.

Сабақтың әдісі: Флипчарт,  термин сөздермен жұмыс, жекелеп сұрау, фронтальді сұрау, ынталандыру, өзіндік жұмыс, пысықтау, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.

 

 Сабақтың мақсаты:

Білімдік: Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқының қосқан үлесін, қазақстандық жауынгерлерлің майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өткендігін, Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмағандығын айта отырып, қазақтың батырлары ерен ерлік көрсеткендігін түсіндіру.

Тәрбиелік:Әрбір оқушыны Отанын, халқын, елін -жерін, сүйе алатын патриот тәрбиелеу, аға — апаларының ерлігі мен есімін ұмытпай мақтан тұтуға үйрету.

Дамыту:Оқушының ойлау қабілетін, ізденімпаздық, ұйымдастырушылық, оқуға деген ынтасын арттыру, ой- өрісін жеке тұлға ретінде сыни тұрғыда талдауға, рухани жетілдіре отырып дамыту.

 

Пәнішілік байланыс:

Ұлы Отан соғысының басталуы.

1941 жылы 22 маусымда Ұлы Отан соғысы басталды.Еңбекшілер Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жазыла бастады.Республикада 2 млн-нан астам адам әскери даярлықтан өтті. Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар  және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып, майданға жіберілді.Қазақстандық 36 — жеке атқыштар бригадасы 30 дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар дивизиясы жасақталды. Командирі – генерал М.В.Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн 200 мың қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.

            Қазақстан – майдан арсеналы.

     Соғыстың алғашқы кезеңінде ел өнеркәсібін орналастыруда елеулі өзгерістер болды. (Арсенал – күш, қуат, қару – жарақ  қоймасы). 1943 жылы кенші кәсібіне 18 мыңдай адам оқытылып мамандандырылды. Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы іске қосылды.

КСРО Ғылым академиясының комиссиясы Шымкент қорғасын және Балқаш мыс балқыту заводтарын рудамен, Қарағанды көмірімен қамтамасыз ету проблемаларын зерттеді.1943 жылы сәуір айында Жезқазған комбинаты құрылды. 1943 жылы шаруашылық айналымына 775 мың га жаңа жер алқаптары тартылды. Республиканың көптеген аудандары қуаңшылыққа ұшырады. Жұмыс қолы, күш көлігі жетіспеді.Жоғары өнім алудың асқан шеберлері Шығанақ Берсиев, Ким Ман Сам, Ыбырай Жақаев ерлікпен еңбек етті. Әр гектардан 52 центнерден тары өсірген павлодарлық звено жетекшісі Анна Дацкова бүкіл елге мәлім болды.  Жеңіс қорына Жезқазған кеншілері 1945 жылдың алғашқы төрт айы ішінде мыңдаған тонна кен өндіріп, өз үлестерін қосты.

 

Пәнаралық байланыс:

Әдебиет

Тақырып: Жамбылдың өмірпі мен дерегі.

    Әдебиет халықтың қуатты идеялық қаруы болды.Қазақстанның  90 -ға жуық жазушысы мен ақыны соғыс майдарында шайқасты.Ж.Сайнның «Ақын өлімі туралы аңызы» соғыс жылдарында қазақ поэзиясында елеулі оқиға болды.

«Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады… біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік.»

 

«Тәртіпке бас иген құл болмайды»

Б.Момышұлы.                                                                               Ж.Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім», «Алатау» өлеңдері жарық көрді.

Сорғыс жылдары академик А.С.Орлов қазақ тілін зерттеп, орыс-қазақ сөздігін құрастырды. М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов т.б. жазушылардың көмегімен «Абай әндері», «Жауынгер ұлы», — «Саған майдан», 8-гвардиялық« сияқты картиналарды түсірді.

 

  Дүниежүзі тарихы

Тақырып: І Бірінші  Дүниежүзілік соғыс

  Германия өзін 1914-1918 жылдары 38 мемлекеттің қатысуымен болған І дүние жүзілік соғыста  жеңілген, отарларды бөлісу кезінде өзін құр қалған мемлекет деп есептеді.Сонымен қатар өздерін «таза арийлердің ұрпағымыз » деп санап дүние жүзңне өз биліктерін жүргізуді армандады..Осы армандарын жүзеге асыруға 1933 жылы Германияда Фашистік партияның сайлауында жеңіске жеткен Адольф Гитлер қол жеткізбек болды.Гитлерлік Германия өзінің агрессиялық соғысын 1939 жылы 1 қыркүйекте Польша жерін басып алудан басталды.

 

Адам және қоғам

Тақырып: Демографиялық қатынас.

Қазіргі кезде республикамызда 17 млн – ға жуық халық тұрады. Оның 55 пайыздан астамы қазақтар, 35 пайыз орыстар. Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстан 600 мың адам шығын болды. Сөйтіп демографиялық ахуалдың төмендеуіне әкелді.

  

Сабақтың уақыты : 90 мин

 

Сабақтың жабдықталуы :

 Асtivstudio (суреттер, түрлі мәліметтер) және т.б.

көрнекі құралдар.

 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин

Студенттердің сыртқы формасына, аудиторияның сабаққа дайындығы тексеріліп, студенттер түгелденеді, журнал толтырылады. Бүгінгі жоспарымен, мақсатымен таныстырып, бұл тақырыпты меңгерудің маңызы бар екендігі түсіндіріледі.

 

2.Студенттердің білімдерін бақылау(актуализациялау) – 25 мин

Үй тапсырмасының тақырыбы : Қазақстан — майдан арсеналы.

Білім деңгейлерін тексеру әдістері: ауызша сұрау, пікір алмасу, фронтальді сұрау, логикалық сұрақтар т.б.

2.1.Ауызша сұрау интерактивті тақтада орындалады. Қайталау сұрақтары:

1.Ұлы Отан соғысының басталуы.

  1. Барбаросса жоспары.

3.Германияның Польша жерін және Европа елдерін басып алуы.

4.Фашистердің КСРО аумағын бірнеше рейхкоммисариатқа бөлуі.

5.Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қосқан үлесі.

6.Соғыс қимылдары болған аймақтар.

7.Фашистік Германияның КСРО туралы ойлары.

  1. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанның экономикасының құлдырауы.
  2. Соғыс кезіндегі халықтың жағдайы.
  3. Үлкен Үштіктің бас қосуы.

Бақылау сұрақтары үшін ұяшықтарды шерту арқылы сұрақтарға жауап береді.

 

1 Ұлы Отан соғысының басталуы.

1933 жы­лы Гер­ма­ни­яда фа­шистік пар­тия сай­ла­уда жеңіске же­теді, оның же­текшісі Адольф Гит­лер ел­де қатал тәртіп ор­натты. Гит­лерлік Гер­ма­ния өзінің соғыс жос­па­рын 1939 жы­лы бас­та­ды. 1939 жы­лы 2 қыркүйек­те Гер­ма­ния Поль­ша жеріне ба­сып енуімен Екінші дүни­ежүзілік соғыс бас­талды. Гер­ма­ния 1941 жы­лы өзінің бас­ты қар­сы­ласы деп есеп­те­ген КСРО-ға аяқ тіреді .

Себебі I – дүние жүзілік соғыста Германия елі жеңіліс тапқандықтан кегін қайтару мақсатында соғысты бастап кетті.

  1. Барбаросса жоспары «Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны «сансыз көп ұлттың жасанды және тұрақсыз бірлестігі», «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конглемерат» деп 6-8 аптада «толық жаулап аламыз» деп жоспарлады.

3.Германияның Польша жерін және Европа елдерін басып алуы.

  1939 жылдың қысында Германия Польшаға «Данциг мәселесін» шешуді ұсынды.Польша бас тартты. Гитлер осы мәселені Польшаға қарсы соғысу үшін қолданды. 1939 жылғы тамыз айында Германия мен Кеңестер Одағының арасында шабуыл жасапау туралы келісім жасалды. Келісімнің құпия қосымшасы бойынша Германия мен КСРО Еуропаны өзара ықпалдар  аймағына бөлісіп алды. 1939 жылғы қыркүйектің 1-інде Германия Польшаға қарсы соғыс бастады. Бұдан кейін Ұлыбритания мен Франция Германияға соғыс жариялап Польшаға қолдау көрсетті. Екінші дүние жүзілік соғыс басталып кетті.Герман әскерлері 2 аптаның ішінде поляк қарулы күштерін талқандап, поляктар қоныстанған шығыс шекарасы Керзон сызығына дейін жетті.1940 жылы Германия Дания мен Норвегияны (Дания Норвегия операциясы), сосын Бельгия, Нидерланд, Люксембургті және Францияның жартысын жаулап алды. Франция тізе бүгуге мәжбүр болды.

   

 

  1. Фашистердің КСРО аумағын бірнеше рейхкоммисариатқа бөлуі.

Остланд – Беларусь пен Балтық жағалауы, Украйна, Московия (Ресей) және Кавказ, елдің шығыс шет аймақтарында Үлкен Түркістан (Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Қытайдың Шыңжаң аймағы, Ауғанстанның солтүстігі) және Еділ – Орал рейх – комисариаттарын құруды көздеді. Қуыршақ мемлекет құру идеясы экономикалық мақсатта, саяси мақсат да  көздеген еді.Экономикалық жағынан – бұл аймаққа ұлы герман империасы үшін қуатты шикізат және қосымша азық-түлік базисін құру міндеті қойылды.

5.Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қосқан үлесі.

Қазақстаннан әрбір бесінші азамат яғни 1 200 000 мың адам соғысқа аттанды. Қазақтар 50% құраса, орыстар -37%, басқа ұлт өкілдерінен — 13% құрады. Ұлы Отан соғысында құрбан болған адам саны жалпы әлем бойынша – 70 000 000.Фашистік Германия бойынша  — 10 000 000.Кеңестер бойынша Кеңес Одағының батыры – 11600 адам.Соның ішінде қазақстандықтар – 500 адам.Қазақтар- 98 адамды құрады.

     6.Соғыс қимылдары болған аймақтар.

Екінші дүниежүзілік соғыс пен Ұлы Отан Соғысының негізгі шайқастары.Мәскеу

үшін шайқас – 1941 жылдың 30-қыркүйегінен бастап 1942 жылдың 7-қаңтарына

дейін; Сталинград шайқасы – 1942 жылдың 19-қарашасынан 1943 жылдың 2-

ақпанына дейін; Курск шайқасы — 1943 жылдың 5-шілдесінен 23-тамызына дейін;

Днепр үшін шайқас 1943 жылдың қыркүйегі мен қарашасы аралығында; Берлин

операциясы – 1945 жылдың 20-сәуірі мен 8-мамыры аралығында.
 7. Фашистік Германияның КСРО туралы ойлары.

КСРО – ны «сансыз көп ұлттың жасанды және тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат» деп ойлады.

  1. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанның экономикасының құлдырауы.

КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Соғыс зардаптары: 1710 қала, 70000 ауыл қирады, 32000  өнеркәсіп, 100000 ауыл шаруашылық кәсіпорны бүлінді және 2 млн адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Сталинград, Минск т.б. қалалардың көп бөлігі талқандалды. Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру міндет болды.Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Себебі КСРО соғыста 27 млн адамнан айырылды. Осыған байланысты Қызыл Армия қатарында демобилизация (әскерден босату) басталды.

9.Соғыс кезіндегі халықтың жағдайы.

1941 жылы маусымда П.Ангелинаның бастамасымен ондаған мың қыздар мен әйелдер тракторшы мамандығын меңгерді. Қазақстан өнеркәсібінде түсті металлургия жетекші салаға айналып, Шымкент қорғасын, Балқаш мыс қорыту, Лениногорск, Зырянов полиметалл зауыттары, мыс балқыту комбинаты, Ащысай, Қоңырат кеніштері құрылды. Шымкент қорғасын зауытының қорғасыны одақтағы ең таңдаулы деп танылды. Майданға жақын өңірлерден 220 зауыт пен фабрика, цехтар Қазақстанға көшірілді. Көшіріліп әкелінген зауыттар мен фабрикалар негізінен Алматы, Орал, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе.

 

  1. Үлкен Үштіктің бас қосуы.

Үлкен үштіктің мақсаты — Англия – У.Черчилль, АҚШ – Ф.Рузвельт, КСРО –

И.Сталин   БҰҰ-ны құру, соғыстан кейінгі қайта қалпына келтіру шаралары.

 

2.2. Студенттерге үйге берілген деңгейлік тапсырмалар:
Бірінші деңгей:
1. Ұлы Отан соғысы тақырыбына ребус.
Екінші деңгей:
1. Соғыс арсеналына Қазақстанның қосқан үлесін картадан көрсету.

Үшінші деңгей:
1.  Ұлы Отан соғысы туралы презентациялар жасау.

2.3.Сөздер сөйлейді. (Терминдермен жұмыс)

Фашизм –         (италь.фаши-ұғым, одақ) – италян тілінде «ұйым» деген сөз

Дүние жүзіне үстемдік орнатпақ болған топ,бірлестік.

Агрессия  —        Мемлекеттің тәуелсіздігімен аумақтық бір тұтастығын,

егемендігін    әскери күшпен бұзу.

Барбаросса —    Фашистік Германияның Кеңес Одағына кенеттен   соққы беру

жоспары

Тайфун  —          Гитлер армиясының Мәскеуге басып кіруі туралы жоспар

Остланд —         Кеңес Одағы мен Шығыс Еуропаны мекендеген халықтарды

қырып-жою   жоспары

Цитадель —    Гитлер армиясының Курск аймағына басып кіру жоспары

Блицкриг –   Гитлерлік армияның жеңілмейтіні туралы аңыздың күйреуі,

сәтсіздікке ұшырауы

Этноцид —      Халықты түгелге жуық қырып  тастау

Террор    —    (лат. Terror – қорқыныш, үрей) – саяси жауға қарсы күрестің адамды

өлтіруге дейін баратын шиеленіскен түрі.

Оккупация – бір мемлекеттің территориясын басқа мемлекеттің әскер күшімен

уақытша басып алуы.
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру. – 30-40 мин.

Қолданатын әдістер:түсіндіру, көрсету, инновациялық технологияларды қолдану т.б.

Тақырыбы : Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында

Тақырыпты түсіндіру жоспары:

1.Мәскеу шайқасы.

2.Ленинград шайқасы.

3.Сталинград шайқасы.

4.Берлин операциясы.

 Мәскеу шайқасы.(1941 жылдың 30 қыркүйек – 1941 жылы 6 желтоқсан)

Отан  соғысының алғашқы күндерінен бастап – ақ қатарында мыңдаған қазақстандықтар шайқасқан кеңес жауынгерлері барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді.Жаудың қарақшылық соққысына бірінші болып шекарашылар ұшырады.

Кеңес қарулы Күштері орасан зор қиыншылықтарды жеңе отырып, күш жинап, жауды Москва түбінде алғаш рет ірі жеңіліске ұшыратты.Мұнда Генерал майор И.В.Панфилов және полк комиссары А.С.Егоров қолбасшылық еткен даңқты 316-шы атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. Мәскеу шайқасындағы ерлігі үшін 316-шы атқыштар дивизиясы Қызыл ту орденімен марапатталды.

Москва үшін шайқаста қахарман Кеңес Одағының батыры, белгілі жазушы Бауыржан Момышұлы «Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады…біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік» деп жазды.

1941 жылғы 16 қарашада Дубосекова разьезі түбінде жаудың 18 жауынгерлік машинасын жойып, оны шығысқа жібермеген 1075-ші атқыштар полкінің танк жоюшылар тобы өшпес ерлік көрсетті.Ол топтың саяси жетекшісі В.Г.Клочков бүкіл майданды шарлап кеткен «Россия кең –байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда Москва» деген жалынды ұранын көтерді.

Бородино селосында неміс бөлімінің штабына басыр кіріп, 5 неміс офицерінің көзін жойған Төлеген Тоқтаровтың ерлігі жауынгерлердің есінде. Оған қаза тапақаннан кейін Кеңес Одағының батыры атағын берді.

Ротаның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы жау танкісін жойып, өз бөлімшелерін қоршаудан алып шықты.Неміс фашистеріне қарсы ұрыстарда көрсеткен жауынгерлік ерлігі үшін Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Төрт қазақстандық ұшқыш — Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский Кеңес Одағының Батыры атағына екі рет ие болды.Әрқайсысы 200-ден астам ұшу сапарына шығып, 10-нан астам жау ұшағын, көптеген соғыс техникасын, 100-деген фашистерді жойған

Талғат Бегильдинов 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралған соң, әскери әуе академиясын аяқтайды.

Ұлы Отан соғысы жыл­да­ры ең алғаш Кеңес Одағының Ба­тыры атағын алған қазақстан­дық жа­уын­гер К. А. Се­мечен­ко (1941 жы­лы 22 шілде).

238 – атқыштар дивизиясының автоматшысы Ока жағасында, Серпухов түбіндегі Воронино қыстағындағы шайқаста 13 фашистің көзін жойып, өзі де қаза тапқан – Амангелді Имановтың ұлы Рамазан Амангелдиев.

П.Б. Вихрев Панфиловшы 1075- атқыштар полкі 8-ротасының саяси жетекшісі жетекшілігімен 14 жауынгер, жаудың 5 танкісі мен 2 взвод жаяу әскерін жойды.Жалғыз қалған саяси жетекші гранатамен 2 танкіні жойып, өзін-өзі атып қаза тапты. Вихревке Батыр атағы берілді.

 

 

 

 

Ленинград шайқасы. (1941 жылы  9 қыркүйек – 1943 жылы қаңтар)

Қазақстандық жауыгерлер Ленинград түбінде ерлікпен шайқасты. 1941  жылғы қыркүйекте Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім» жыры достықтың шынайы әнұранына айналды.

Ленинград үшін шайқаста Сұлтан Баймағамбетов пулеметтің дзотының аузын аузынөз кеудесімен жауып, қаза тапты.

Нүркен Әбдіров 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нүркен дивизиясымен бірге жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты. Нүркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Қаһарман қазақ қызы Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының Батыры. Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі №9 мектепте оқыған. 1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты. Жауынгер достары  Лия деп атап кеткен.

1922 жылы Мәншүк Мәметова дүниеге келді. Оның шын аты Мәнсия. Ол Орал облысы, Орда ауданында туылған, ал 1943 жылдың 16-шы қазанында қайтыс болды. 1944 жылдың 1 наурызында ержүрек қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк Алматы Медициналық университетінде оқитын. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанған, ол 21 атқыштар дивизиясының құрамында атысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк мергендігімен, ержүректігімен көзге түсті. Ол Невель қаласының түбіндегі шайқаста соңғы демі үзілгенше қолынан пулеметті тастамаған күйінде қаза болды.

   Сталинград шайқасы. (1942 жылы шілде- 1943 жылы ақпан)

1942 жылы 17 шілдесінде Сталинград түбіндегі кескілескен ұрыстар болды.

Мәскеу түбінде жеңіліске ұшыраған фашист әскерлері астық пен мұнайға бай оңтүстік аумақты жаулап алмақ болып, Сталинград бағытына ең таңдаулы әскерін жіберді. Кеңес жауынгерлері: “Өліспей беріспейміз!” – деген ант берді. Сталинград қаласының әр үйі, әр көшесі қамалға айналды. Қазақ жауынгерлері таңғажайып ерлік көрсетті.

Алғадай Жамбылұлы – 19 гвардиялық атты әскер полкінде пулемет расчетін басқарды.Синельникова қаласы маңында ерлікпен қаза тапты.

Днепр шайқасында ерлік көрсеткен 18 жастағы ең жас батыр – Жәнібек Елеусізов.

Украйна майданында сапер минаны кеудесіне қысып, танкінің табанына құлап өзін құрбан етіп, өшпес ерлік көрсеткен –Абдолла Үсенов.

 

Берлин операциясы.(1945 жылы 16 сәуір – 1945 жылы 2 мамыр)

1945 жылы 16 сәуірде Берлин  қоршауға алынды.Бұл шайқасқа 3.5 млн адам қатысты.Жас офицер Рақымжан Қошқарбаев өзінің досы Григорий Булатовпен бірге  рейхстаг терезелерінің біріне алғашқылардың бірі болып алқызыл  жеңіс туын тікті.

1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды. 1945 жылы 8 мамырда Фашистік Германия тізе бүккендігі туралы шартқа қол қойды.1945 жылы  9 мамырда Ұлы Отан соғысы аяқталып, алғаш рет парад жүрді. Берлин үшін ұрыстарға Сағадат Нұрмағанбетов, Есжанов, Қайдауылов, Т.Бигелдиновтар қатысты.

 

4.Жаңа тақырыпты пысықтау 10-15 мин.

— Қолданатын әдістер: фронтальді сұрау, жалпылама сұрау, әңгімелесу, дискуссия. Оқушылардың тақырып бойынша материалды қалай игергендігін байқау.

 

4.1. Тарихи диктант.Көп күктенің орнына тиісті сөздерді қою

1941 жылы 22 шілдеде  соғыс тарихында алғаш рет Кеңес Одағының Батыры атағын алған –К.А Семенченко. Ең соңында 1990 жылы мұндай атақ панфиловшы, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы берілді.Жаудың екі танкісін жойып өзін-өзі атып жіберген батыр П.Б.Вихрев. Бородино селосынды неміс бөлімінің штабына кіріп 5 офицердің көзін жойған – Төлеген Тоқтаров. Мәлік Ғабдуллин — басқарған автоматшылар тобы жау танкісін жойып, бөлімшелерін жау қоршауынан алып шықты. 238- атқыштар дивизиясының автоматшысы Ока жағасында, Серпухов түбіндегі Воронино қыстағындағы шайқаста 13 фашистің көзін жойып, өзі де қаза тапқан  Амангелді Имановтың ұлы Рамазан Амангелдиев. Ерекше ерлік көрсеткен төрт жауынгер ұшқыш-штурмовиктер: Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және ұшқыш-истребитель С.Д.Луганский Кеңес Одағының батыры атағын екі реттен алды. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі – Кожедуб үш мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алды.

 

4.3. Сандар сөйлейді. Мына сандарға қарап мәлімет беру

 

1941ж. 22. 06    —     (Ұлы Отан соғысы басталды)

61              —             (Екінші дүние жүзілік соғысқа қатысқан елдер саны)

11,600                —     (Кенес одағының батыры)

500         —                  (Қазақстандықтар Кеңес Одағының Батыры атағын алды)

1418                  —       (Күн мен түнге созылған Ұлы Отан соғысы болып өтті.)

1910-1982 жж      —   (Бауыржан Момышұлы өмір сүрген жылдар)

1945 – 9 .V   —           (Ұлы Отан соғысы аяқталды.Ең алғаш парад болды)

     1940.18. 12—   (Гитлер КСРО -ны жаулап алу үшін Барбаросса жоспарын жасады.)

    

4.4Тұлғаны таны. (Ұяшықтардан тұлғаларды анықтау, оларға сипаттама беру.)

1.Бауыржан Момышұлы

2.Иосиф Сталин

3.Адольф Гитлер

4.Қасым Қайсенов

5.Мәншүк Мәметова

6.Әлия Молдағұлова

7.Рақымжан Қошқарбаев

8.Василий Георгиев Клочков

  1. Мәлік Ғабдуллин

 

5.Қорытындылау 3-5 мин.

Студенттердің сабақ барысында белсенді, жақсы немесе нашар қатысуы айтылып, қорытынды баға шығарылады .

Бағалау парағы

 

Студенттердің аты-жөні

 

Ауызша сұрақ

 

Деңгейлік тапсырмалар

 

Терминдермен жұмыс Тарихи диктант

 

Сандар сөйлейді Тұлғаны таны

 

Жалпы баға

6.Үйге тапсырма беру 3-5 мин

6.1.Тақырыбы : Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы майданында

Өзіндік дайындалу үшін сұрақтар:

  1. 1. Мәскеу шайқасы.

2.Ленинград шайқасы .

3.Сталинград шайқасы.

4.Берлин операциясы.

 

6.2Үйге тапсырма.  Презентация жасау.

1.Кеңес Одағының батыр қыздары.

2.Кеңес Одағының батырлары.

  1. Ұлы Отан соғысы жайлы әдебиеттерді оқып, танысып, ішінен үзінділер      оқу.

 

6.3.Кестені толтыру.

 

  Білеміз            Не білдік?   Не білгіміз келеді?