Жаңа сабақ түсіндіру Америка Құрама Штаттары

176

Жаңа сабақ түсіндіру  Америка Құрама Штаттары

 

Сабақ жоспары :

 

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың АҚШ – қа тигізген әсері
  2. 1922-1929 жылғы АҚШ – тың саясаты . Гүлдену кезеңі
  3. 1929 – 1933 жылдағы АҚШ – тағы экономикалық дағдарыс .
  4. Президент Ф. Рузвельттің «Жаңа бағыты»
  5. АҚШ – тың сыртқы саясаты .

 

 

1.Бірінші дүниежүзілік соғыстың АҚШ – қа тигізген әсері

 

Бірінші дүниежүзілік соғыс АҚШ экономикасына өте пайдалы болды. Соғыс кезінде Америка қатты байып алды. Елде өнеркәсіп шапшаң дамыды. АҚШ әлемге ықпалын жүргізуге тырысты , бірақ Оған Еуропада Англия мен Франция , Азияда Жапония кедергі келтірді . АҚШ басшылығы дүниежүзі демократиялық жолмен дамуы керек деп есептеді .

 

 

 

2.1922-1929 жылғы АҚШ –тың саясаты .

 

ХХ ғасырдың 20 жылдары АҚШ әлемде өндіретін өнімнің 44% шығарды . Машина жасау , ұшақ шығару , химия салалары маңызды орын алды .Корпарациялар елдегі өндірістің жартысын өндірді . Халықтың жағдайы едеуір жақсарды. 1928 жылы АҚШ президенті Гувер сайланды . Гувер халыққа Америка гүлденген заман деп атады . Халықтың қолында акциялар болды . Америка жұрты ақшаларын банкіге сеніп тапсырып қойды .

 

 

 

Дүниежүзіндегі өнеркәсіп көлемі -1928жылы

 

 

АҚШ

 

КСРО

 

Германия

 

Ұлыбритания

 

Франция

 

Жапония

 

Италия

 

44%

 

12%

 

10%

 

7%

 

4%

 

3%

 

2%

 

 

3.1929 жылғы АҚШ – тағы экономикалық дағдарысы .

 

 

1929 жылы АҚШ дүркіреп тұрғанда күтпеген жерден экономикалық дағдарыс болды. Тарихта «Ұлы дағдарыс» деп аталды. Төменде тірек –сызбаға көңіл аударайық .

 

 

 

 

 

Өнеркәсіп 50 % қысқарды

 

Ұлы дағдарыс                                      5 мың зауыт пен фабрика жабылды

 

5,5 мың банкі күйреді

 

 

13 миллион адам жұмыссыз қалды

 

Елді қайыршылық жайлады.

 

 

 

 

Ұлы дағдарыс АҚШ халқының тағдырына ауыр әсер етті . Елді ашаршылық , жоқшылық жайлады . Президент Гувер дағдарыстан шығару үшін түк істеген жоқ . Осындай қиын жағдайда АҚШ президенті Ф. Рузвельт сайланды .

 

Америка тарихында Рузвельт 4 рет сайланған президент болды . Рузвельтке Конгресс төтенше билік берді . Рузвельт реформаларын тарихта «Жаңа бағыт » деген атпен қалды. Төмендегі кестеден біз реформалар жүйесімен танысамыз.

 

  1. Президент Ф. Рузвельттің «Жаңа бағыты»

 

Қай жылы Қабылдаған заңы Мақсаты
1. 1933ж

4- наурыз

Алтын қоры туралы Алтынды сыртқа шығармау , жасырмау
2. 1933 ж

6-наурыз

Банкілерді реттеу заңы 19 мың банкіні жауып,800 банкі қалдыру
3. 1933 ж

22-наурыз

Құрғақ заңды жою Арақ сатуға рұқсат
4.1933 ж

16-мамыр

НИРА(ҰӨҚК)- заңы

1.     Әділ бәсеке

2.     Кәсіпкер мен жұмыскер

3.     Өнеркәсіпке несие беру

Өнеркәсіпті қалпына келтіру
5.1933 ж

20-мамыр

ААА(АШҚК)- заңы Ауыл шаруашылығына көмектесу. Фермерлерді қолдау
6.1935 ж

14-тамыз

Әлеуметтік қамсыздандыру заңы Жәрдемақы мен зейнетақыны төлеу
7.1937ж

5-шілде

Жоғары сот реформасы Сот жүйесін өзгерту

 

 

 

 

4 . Бекіту сұрақтары – жұптық жұмыс . Деңгейлік тапсырма.

  • Жұпқа
  1. АҚШ тың тұңғыш президенті -5 балл

2.Бірінші дүниежүзілік соғыс қай жылдары болды . АҚШ кімді   қолдады -10

  1. НИРА – заңын түсіндір-20 балл

 

2-жұпқа

  1. АҚШ тың ұлттық валютасы -5 балл
  2. Ф. Рузвельт кім -10 балл
  3. Банкі деген не , Банкілерді реттеу заңы – 20 балл

 

3-жұпқа

1.АҚШ парламенті қалай аталады -5 балл

  1. Жаңа бағыт реформасының басты мақсаты – 10балл
  2. Гүлдену дәуірі деген не ?-20 балл

 

 

  1. Қортындылау

Қортындылау Венн диаграмасы арқылы және топтасыру арқылы жүргізіледі.

 

 

Қазақстан — ерекшелігі     Ортақ белгілері АҚШ — ерекшелігі

 

Топтастыру

 

Оқушыларды бағалау , жаңа тақырыпты пысықтап беру . Оқушылардан түсінбеген болса сұрақтар бергізу.

Үй тақырыбы $ 9