Сабақтың тақырыбы: Абылай хан (1711-1781жж)

75

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан (1711-1781жж)

Сабақтың мақсаты: Абылай хан, дүниенің төрт бұрышымен тіл табысқан,        ымырашылдығымен «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған»жұмбақ дәурен құрғысы келген, ақылды, саясаткер адам болғандығын түсіндіру.

 

Дамытушылық мәні:Оқушылардың осы сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырып, ойлау, сөйлеу, танымдық, ізденімпаздық қасиетін арттыру.
Тәрбиелік мәні:«Туған жерді сүю парыз, сүю үшін тарихын білу парыз»- дегендей, өз Отанының тарихын біліп қоймай туған жерге деген сүйіспеншілікке, «Бабалар ерлігі — ұрпаққа үлгі», — деп айтып оқушыларды өз елінің бабалары сияқты елін қорғауға, ерлікке, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Әдісі:топпен жұмыс,сұрақ-жауап,баяндау, талдау.

 

Көрнекілігі: Билердің суреттер,слаидтар,карта,Абылай хан туралы деректі фильм

 

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу,  түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.   2 минут

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

Үйге қандай тапсырма берілді? Қазақтың билері   5 минут

  1. Қандай билерді білеміз?
  2. Мына суретте қай бидің суреті бейнеленген?

 

№1.Слаид

арқылы көрсетіп қайталап өту  3 минут

 

Жүз дегенді қалай түсінеміз?-Жүз-бағыт, бөлік, жақ,сан деген сөз

Үш жүздің туыстық белгілерін ата?Тілі ортақ,діні,тұрмыс салты, киімі,әдебиеті,жыр-дастаны ортақ.

III.Үй тапсырмасын қорытындылау:Арттарына аталы сөз қалдырған, есімдері ел жадында сақталған қазақтың атақты үш биі бір ананың тетелес үш ұлындай қатар аталып қадірленіп, ел есінде бірдей сақталған.   2 минут

  1. Жаңа тақырып:. Алдымен сабақ бастамас бұрын экраннан Абылай хан туралы деректі фильмді көріп алайық .

 

№ 2 Слаид. Абылай хан .8 минут

Сосын сабағымызды ары қарай жалғастырамыз.

 

Енді балалар 4 топқа бөлініп алайық. Жоспарға сай жаңа көрген киномыздан мәліметтер пайдалана отырып сабақты талдаймыз.

Жоспар:

  • топ «Тарихшылар»      Абылайдың балалық шағы,жігіттік кезеңі
  • топ «Әдебиетішілер»  Абылай қолбасшы, саяси қайраткер
  • топ «Географтар»         Абылай кезіндегі қазақ хандығы
  • топ «Математиктер»       Деректермен қорытындылау

Міне балалар біз жоспар бойынша бөліндік. Енді  әр маман өз тапсырмаларын ортаға салуға тырысады.

  1. Топ. Тарихшылар.Тарихшылар мазмұнын айтып өтеді.Абылайдың азан шақырып қойған аты – Әбілмансұр. Ол 1711 ж Түркістан билеушісі Қанішер Абылайдың ұлы Көркем Уәлидің шаңырағында дүниеге келеді. Абылай 13 жасында Түркістанды қалмақтар басып алады, Уәли өледі, әкесінің қызметшісінің көмегімен жаудан қашып құтылып ол барған жерінде, тегңн жасырады.Оған Төле Сабалақ деп ат қояды.

Абылайдың 22 жасында Төле биге сәлем беруге Бөгенбай батыр келеді, ол қалмақтарды барлауға Сабалақты ертіп кетеді. Бөгенбай өте сыншыл жан екен: адамның да, малдың да асылын бір көргенде таныған екен.Сабалаққа батсын беріп, астындағы Нарқызыл деген тұлпарын ұсынып: шырағым-ай , көзің отты бала екенсің, мінезі қазақтағы хан екенсің, жазғы салым қалмаққа ататнамыз, сонда да керек болар жан екенсің!-депті. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет Абылайды өзіне шақырып алып: Ел жұртың кім? Туғаның кім? Жөніңді бастан-аяқ айтшы жайлап деген.Сонда бала айтты: Қазақ қалмақ ерегесі, мұндайда елдің қозар делебесі, қысылған соң аузыма түсіп кетті, Атам-Абылай мен бала немересі-деген екен.Ол ел бірлігіне қол жеткізуде, қазақың күшін біріктіруді арман етті, сол мақсатына жетті.

2 –топ Әдебиетшілер.

  1. Қоғам кайраткері
  2. Хан
  3. Батыр
  4. Қолбасшы
  5. Ұйымдастырушы

3.топ-Географтар. Абылай хан кезіндегі қазақ хандығын картадан тауып көрсетіңдер.

Картамен жұмыс

4 –топ  Математиктер  «Даталар сөйлейді» жылдарды оқиғасымен тауып беріңдер.

1711 ж

1730 ж

1726ж

1771 ж

1781 ж

 

Қазір тапсырмалар беріледі. Осы топтардың қайсысы жылдам және дұрыс жауап береді екен?

 

Тақтамен жұмыс

1 .Абылайдың хандық еткен жылдарын тап.

1711-1761ж

1761-1771ж

1771-1781ж

1711-1781ж

 

2.Абылайдың  ата  тегін  жаз.

  1. Шыңгыс хан
  2. Жошы хан

3.Тоқай Темір

4.Өз темір

5.Қожа

6.Бәдіғұл

7.Орыс хан

8.Құйыршық хан

9.Барақ хан

10.Әз-Жәнібек

11.Жәдік

12.Шығай

13.Есім хан

14.Жәңгір хан

  1. Уәлибақы

16.Қанішер Абылай

  1. Көркем Уәли
  • Абылай хан

 

 

Осы тақырыбымызға байланысты анаграмма шешейік.

 

НХА                          Хан

ЛТАСНҰ                  Сұлтан

ҮКРНҮІАСТ            Түркістан

ИУЛӘ                       Уәли

АҚЫКЕЗБ                Қазыбек

ҚАСЛБАА                Сабалақ

ЙБЫАЛА                  Абылай

АНБӘСРҰМІЛ         Әбілмансұр

 

Сұрақ-жауап жүргізейік.

1.Абылай хан өмір сүрген жылдар?

2.Абылайдың атасы Қанішер Абылай билік құрған қала?

3.Абылай хан жерленген қала?

4.Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты?

 

 

  1. Тест
  2. Абылай хан қай жылы дүниеге келді?

 

а) 1718 жылы ә) 1715 жылы б) 1713 жылы в) 1711 жылы

 

  1. Абылай ресми түрде қай жылы хан болып сайланды?

а) 1771 жылы ә) 1781 жылы б) 1731 жылы в) 1733 жылы

 

 

  1. Өмір сүрген жылдары.

а)1711-1781 ә)1771-1781  б)1711-1782  в) 1710-1780

 

  1. Төле бидің қойған аты.

а) Әбілмансұр  ә) Абылай  б) Сабалақ  в) Түйеші

 

  1. Таққа отырған жылы.

а) 1711 ж    ә)1781 ж  б) 1771 ж   в) 1791 ж

 

VI.Үй тапсырма беру. «Абылай ханның ханы, батырдың батыры» тақырыбына эссе жазып келу

VII.Бағалау.