Сабақтың тақырыбы: 1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар

115

№ 2 облыстық арнаулы санаториялық мектеп

Интернатының тарих пәні мұғалімі Г.Кариева

Ашық сабақ   8 сынып   Қазақстан тарихы

 

Сабақтың тақырыбы:  1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар

Сабақтың мақсаты:  1) Білімділік-  оқушыларға реформаны әзірлеудің  түпкі мәні  неде және  1867-1868 жылдардағы реформаның Қазақстан жеріне тигізген ықпалын  түсіндіру.

2) Дамытушылық— Оқушылардың жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, тірек сызбасын сызу, жүйелі ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше қорытынды жасау, құбылыстарды салыстыра, айырмашылығын білуге үйрету. Оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз бетінше жұмыс жасауына , шығармашылықпен айналысуына ықпал жасау, бағыт- бағдар беру.

3) Тәрбиелік—  Оқушылардың ұлттық намысын ояту, адамгершілік сана-сезімін қалыптастыру, туған елі мен жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың  көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық,  Қазақстан картасы,тірек-сызбалар, қосымша  материалдар.

Пән-аралық байланыс: Қазақ әдебиеті

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс –тәсілдері:  Сұрақ-жауап, түсіндіру, пікіралысу,  жазбаша тапсырмалар, ойын.

І. Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті

  1. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ әдебиетіне қандай екі идеялық ағым болды?
  2.  Махамбет Өтемісұлы кім болды?
  3.  Шернияз, Шөже, Сүйінбай ақындарының өнері қандай болды?
  4. Қазақ халқының тұрмысында музыка қандай орын алды?
  5. Материалдық мәдениет дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ барысы

  1. Реформаны дайындау
  2. Реформаның мазмұны, мәні.

Хандық билікті іс жүзінде жойған 1822 және 1824 жылғы жарғылар жаңа капиталистік қатынастар дами бастаған кезде өлкенің шаруашылық даму талабына сай болмады.

Патша үкіметі 1867-1868 жылдары Қазақстан аумағында әкімшілік реформа жүргізді. Реформа жүргізудің негізгі мақсаты:

 

Сұлтандар тобын  өкімет билігінен біржола ығыстырып, жалпыимпериялық басқару тәртібін енгізу еді.

Реформа дегеніміз— қоғамдық өмірдің қандай да бір жағын қайта құру, өзгерту, жаңарту.

ХІХ ғасырдың 60ж. қазақтардың  басқару жүйесін өзгерту үшін статс-хатшы И.И. Бутков басқарған комиссия  құрылды.

Бутков бүкіл қазақ даласын  екі облысқа бөлуді ұсынды:

Батыс                                           Шығыс

Орталығы-Торғай                    орталығы- Сергиополь немесе  Қарқаралы

Комиссия ұсынысы Орынбор генерал-губернаторы А.П.Безакқа тапсырылды. 1864ж. 29 қыркүйегінде Безак Орынбор қазақтарының облыстық басқармасына қажетті мәліметтерді жинастыруды тапсырды. 1865 ж. Безактың отставкаға шығуына байланысты оның орнына жаңа губернатор Н.А.Крыжановский тағайындалып, Бутков комиссиясының  бұл ұсыныстары қабылданбады.

Қазақ өлкесін басқару ісін өзгертуді дайындау үшін « Дала комиссиясы » құрылды.

Дала комиссиясын

Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарды

Оның құрамы: —  Бас штабтан- полковник Ф.К.Гейнс

— Орынбор өлкесінен полковник К.К.Гутковский

— Батыс Сібір ген-губ. Капитан А.П.Проценко

1865ж. 5 маусымда ІІ Александр  патшаның әмірі бойынша  қазақ өлкесін зерттеп білу мәселелері дайындалды.   Алайда реформаны әзірлеуде бұқараның  талап-тілегі ескерілмеді.

Қазақтың ғалымы Шоқан Уәлиханов:

  • Қазақстанды билеуді халықтың өзін-өзі басқару негіздерінде қайта құруды;
  • Әлеуметтік-экономикалық жаңалықтар енгізуді талап етті.

Қазақ жерінде реформаны тезірек асыруды көздеген комиссия феодалдық топ өкілдерімен ақылдасып, мәліметті солардан жинады.  Батыс Сібір генерал губернаторлығында  комиссия ірі бай Мұса Шорманұлынан, билеуші сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлынан, Орынбор өлкесінде билеуші аға сұлтан  Сейдәліұлынан т.б. ауқатты ақсүйектерден жиналған  мәліметтерге сенім артты.

Сөйтіп :

  • 1867 жылы 11 шілдеде ІІ Александр патша « Сырдария мен жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережені»
  • 1868 жылы 21 қазанда « Орынбор және батыс Сібір генерал губернаторлығындағы  Дала облыстарын басқару турлы уақытша ережені» бекітті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүкіл қазақ жері 3 генерал-губернаторлыққа бөлінді:

 

Түркістан                   Орынбор                  Батыс Сібір

 

 

 

Жетісу        Сырдария       Орынбор          Торғай         Ақмола        Семей

 

 

Сергиополь      Қазалы            Орал                    Елек                  Көкшетау         Баянауыл

Қапал                Перовск          Атырау                Қостанай          Омбы                Зайсан

Верный             Түркістан       Калмыково          Ырғыз              Петропавл        Көкпекті

Ыстықкөл         Шымкент       Жем                     Торғай              (Атбасар,          Қарқаралы

Тоқмақ              Әулиеата                                                               Сарысу)            (кейінен

Ташкент                                                                                           Павлодар

Ходжент                                                                                           Өскемен)

Жизақ

 

 

 

 

1867 – 1868 жылдардағы реформа бойынша

 құрылған сот жүйесі

 

 

 

 

Уездік сот                                                            Әскери сот

 

 

 

 

 

Қазылар соты                                                      Билер соты

 

 

Қазақстанның 1867 – 1868 жылдардағы реформалар

бойынша әкімшілік-аумақтық бөлінісі

 

 

 

Генерал-губернаторлық

 

Облыс

 

 

Уезд

 

Болыс

 

 

Ауыл

 

 

 

Реформа бойынша басқару жүйесі

 

Генерал-губернаторлықты                    Генерал губернатор басқарды

 

Облыстарды                      Әскери губернатор басқарды

 

Уездерді                      Уезд бастығы басқарды

 

Болыстарды                    Болыс сұлтандары басқарды

 

Ауылдарды                     Ауыл старшыны (ауылнай) басқарды

 

 

 

Әскери губернатор жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылды.Ол 3  бөлімнен тұрды:

 

 

 

Облыстық басқармалар

 

 

 

 

Шаруашылық                    Жарлықты жүзеге асыру                Сот істері

 

 

Генерал- губернаторлар  тағайындап отырған уезд бастықтарына көмекші екі кісінің біреуі жергілікті халық өкілдерінен алынды.

 

 

 

Уезд бастықтарына

 

 

 

Полиция                  Уездегі                   Бекіністер             Әскери бөлім

Мекемелер

 

 

Сырдарияның отырықшы елді мекендерінің басқару билігі ақсақалдар қолына берілді. Облыстық әскери губернаторлар бекіткен ақсақалдар арнайы өкілдер жиынында 3 жылға сайланатын. Қазақтарға болыс және ауыл старшыны деген нң төменгі  дәрежедегі қызметтер ғана тиді.

1.Әскери билік қолында болды.

Генерал –губернатордың           2.Азаматтық билік қолында болды

Құзырына                                     3. Болыстарды,уезд бастықтарын тағайындады.

 

 

  1. Сол аймақтағы казак әскерінің үкімет

Әскери губернатор                       тағайындаған атаманы болып есептеледі.

Құзырына                                    2. Билер мен қазылар сотын бекітті.

  1. Ақсақалдарды бекітті

 

 

Реформаның жағымсыз жақтары:

  1. Қоғамның қайшылықтарын шеше алмады;
  2. Реформа арқылы  отарлық басқару, билік нығайтылды;
  3. Халықты бағынышты жағдайда ұстайтын,үстем таптың  саясатын бұлжытпай орындайтын әскери әміршілер Қазақстанда да өз күшіне енді;
  4. Реформалар Қазақстанды Ресейге қосып алу үрдісінің  толық аяқталғанын көрсетті;
  5. Қазақстанның кең байтақ жері Ресейдің мемлекеттік меншігіне өтті;
  6. Патша үкіметі енді қазақтардың құнарлы жерлерін кез-келген  сылтаумен тартып ала беретін болды;
  7. Қазақтарға болыс және ауыл старшыны деген ең төменгі дәрежедегі қызметтер ғана тиді;
  8. Патша өкіметінің Қазақстанның табиғи бай ресурстарын оңды-солды емін-еркін пайдалануы бұл өлкені  Ресей экономикасының қосалқы арзан шикізат көзіне айналдырды.

 

Реформаның жағымды жақтары:

  • Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуында белді орын алды;
  • Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты;
  • Әлеуметтік,шаруашылық өмірге капиталистік құбылыстар ене бастады;
  • Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтардың да күнделікті өмірі өзгеріске түсті;
  • Кедейленген қазақтардың қалаларға,алғашқы өндіріс орындарына шоғырлануы.

Осы реформаның куәсі болған Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарыұлы сияқты ойшылдар  оның теріс жақтарын өз шығармаларында талай мысқылдаған. Мысалы Абайдың « Күлембайға» арнаған өлеңі.

       ІV.Жаңа сабақты бекіту:

Сынып 3 топқа бөлінеді.

  1. Сұрақ – бізден, жауап –сізден.
  2. Тарихи диктант ( Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қою)
  3. Сәйкестендіру
  4. Картамен жұмыс
  5. Өз сыңарыңды тап.
  6. Тарихи домино

Бағалау

Үйге тапсырма

— 1867-1868 жылдардағы реформаны 1822-1824 жылдардағы жарғылармен салыстыру