Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты.

69

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы:    § 6. Египеттегі үстем тап өкілдері және

перғауындардың басқыншылық саясаты.

  • Білімділік: ІІІ Тутмос тұсында Египет әскерлері зор жеңіске жетіп, бұл басқыншылық жорықтар Египеттің Азияға ықпалын, беделін күшейткенін баяндау.
  • Дамытушылық: Перғауындардың жаулап алған жерлерін аяусыз талан-таражға салғанын, фараон мен шонжарлар өмірін суреттеу.
  • Тәрбиелік: Египет әскербасыларының бөтен елге, жерге жасаған басқыншылық соғыстарын, олардың ұстанған саясатын бейнелеу, әшкерелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу картасы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үйге берілген тапсырамын тексеру.

  • Еңбекшілер еңбегін сипаттаңдар
  • Шаруалар патша қазынасына қандай салықтар төлеп отырғаны таралы айтыңдар.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Перғауындар.
  2. Ежелгі Египеттіктердің перғауынды құдай деп санауы.
  3. Күшті әскери тәртіптің орнауы

Перғауындар басқарып тырған мемлекеттік аппарат әр түрлі қызмет басындағы шонжарлардан тұрды.

«Шонжар» ұғымы туралы баса айтып кетемін. Оларды тікелей перғауында өзі тағайындайды, шонжарлар тобына сарай қызметкерлері, қазылар, әкімдер, жазғыштар, сақшылар мен шабармандар жатты.

Перғауындар мемлекеттің шаруалар мен құлдарды басып-жаншитын құлар болғанын, үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғап отырғанын   сабақ барысында қорытындылап, түйіндеймін. Сондай-ақ ежелгі Египет патшаларының бүкіл Египет халқы мен табиғат байлықтарына иелік етіп, билеп-төстегені, шонжарлардың мүддесі үшін еңбеккерлерді аяусыз қанағаны туралы баяндаймын.

Перғауындар шонжарлардың жағдайын жақсарту мақсатында оларға құнарлы жерлерден  тұтас мекендер беріп, шондардар өмірі мен олардың дүние-мүлкіне қастандық жасағандарды  аяусыз жазалағанын айта отырып,   перғауын мен  шонжарлар бейнесін аша түсемін.

Оқулықтағы суреттерге оқушылар назарын аудару.

Ежелгі Египеттіктердің перғауынды құдай деп санайтына тоқталып,   тақтаға «Перғауын» («фараон») сөзін жазып, египеттіктерше «перо» сөзі «үлкен үй», «патша сарай» деген ұғымды білдіретінін айтамын.

Шонжарлар тобына кімдер жататынын тақтаға жазып қоямын. Олардың тұмыс жағдайы туралы бір оқушыға кітаптан оқытамын.

Перғауындардың жақсы дайындығы бар, жаттықтырылған, тұрақты әскер құрғаны туралы баяндай келіп, ІІІ Тутмостың негізгі әсер құрамы жаяу әскерден тұрғанын, құлдар әскерге шақырылмағанын, негізгі әскер құрамы шаруалар болғандығын айтамын.

Тәжірибелі әскербасылар қарамығындағы жаынгерлерін сапта жүру, садақ ату сияқты әскери өнерлерге үйретті. Жалқауларға дүре соғылды. Бейбіт уақытта жауынгерлер жұмыстың  небір ауыр түрлерін атқарды.

Соғыс тактикасында жеңіске жету көбінесе жаяу әскердің іс-қимылдарына байланысты болды. Жаяу әскер садақпен қаруланды. Ауыр қаруланғандардың қолында қалқаны, ұзын найза, балтасы болды.

Соғыс қару-жарақтарын жасаған кезде қола кеңірек қолданыла бастады.

Жеңіл арбалы атты әскер құрамы  пайда болып, соғыс тактикасына үлкен өзгерістер әкелгенін, оған тек  бай-шонжарлар, ауқатты әскербасылар мінгенін айта кетемін. Ал олардың қолбасшысы болып, әрине, перғауынның баласы ғана тағайындалды.

Сондай-ақ   перғауындардың Азия мен Африка елдеріне ақы төлеп, әскер жалдағанын айта кетемін.

Перғауындар жалдамалы әскерін қалай тиімді пайдалана білді? /ой қозғау/

Оқушылар жауабын тыңдап болған соң: «Шаруалардан құрылған әскерге қарағанда жалдамалы әскерлер әскери сапасы жағынан ерекшелеу болды. Соғыс өнерін жақсы білді. Шаруалардан құрылған жауынгерлерден жалдамалы  әскерлердің  айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?   Қандай жағдайларда сенімді болды? Қандай жағдайларда әлсіздік танытты?» деген сұрақтар қоя отырып, әскердің екі түріне мінездеме беруге көшемін. Әскерге алынған шаруаларды перғауындар соғыс өнеріне үйретті, жаттықтырды. Бірақ әскери жорықтар кезінде шаруаның ойында, санасында ауылы, шаруашылығы тұрды. Алдағы шайқасты ойлап келе жатқан ол жоқ, шаруашылықты басқаруға отбасының шамасы жете ме, күзгі өнімді жинай ала ма-міне, оны осы ойлар қинайды.

Жалдамалы әскердің негізгі міндеті-жорыққа қатысу, соғыс тактикасын үйрену, сондықтан ол шаруаларға қарағанда сапасы жағынан мықты, соғыс өнерін меңгерген, жауды жеңіп, бекіністі алуға бар күшін салады.  Ал егер Египетті жау шапса, қайсысы елін ерлікпен қорғай алады? Неге?

Осы сұрақтар арқылы жалдамалы әскердің жақтарын ашып көрсетемін.

Перғауындар жаулап алған елдерін аяусыз талан-таражға салды. Египет әскерлері мол олжамен оралып отырды. Алтын тиеген кемелер, тең-тең маталар, бағалы ағаштар, әшекей бұйымдар, табын-табын сиыр, үйір-үйір жылқылар әкелді. Осылардың ішіндегі бағалысы тұтқындар еді.

Соғыста қолға түскен тұтқындар неге бағалы болды?

Соғыста жан аянбай күрескен шаруа да үйіне оралды. Шайқастан оралған шаруаның үйі, шаруашылығы қандай жағдайда еді?

Үнемі жүргізілген соғыстар Египет патшалығын неге әлсіретті? Өз ойларыңды білдіріңдер.

ІІІ. Оқушының жаңа оқу материалын қалай түсінгенін тексеру.

  1. Жаңа сабақты пысықтау
  2. Үй тапсырмасы: §6