Күшік пен мысық

66

№ 111сабақ. Сабақтың тақырыбы: Күшік пен мысық

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды  ертегімен таныстыру.Үй жануарлары туралы   түсініктерін кеңейту.ә) Оқу жылдамдықтарын арттыру.Сөйлеу тілдерін , есте  сақтауларын дамыту.Сөздік қорларын молайту.б)  мақтаншақ болмауға, батылдыққа, тыңдай білуге тәрбиелеу..

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.

II.Үй тапсырмасын сұрау:1.Арыстан мен түлкі ертегісі бойынша түсінгендерін сұрау.2.Ертегі бойынша салған суреттерін тексеру.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Қима карточкалар арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.Берілген сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындату.

  1. Мақсат қою кезеңі:Бүгін біз үй жануарлары туралы «Күшік пен мысық» ертегісімен таныс боламыз.
  2. Жаңа сабақ:Мысық пен күшіктің суреттерін көрсету, таныстыру.Мысық пен күшік үй жануарларына жатады.Оларды адамдар асырайды.мысық тышқан аулайды.Ал күшік үй күзетеді.Күшік пен мысық ертегісін түсініп оқып беру.Мазмұнын әңгімелеп беру.Ертегіні кезекпен оқу.Оқушыларды ешқашан да мақтаншақ болмауға үндеу. Мақтаншақтықтың соңы жақсылыққа әкелмейтінін түсіндіру.

VI.Жаңа материалды пысықтау:Күшік пен мысық қайда өмір сүреді?Ертегі не туралы?Күшік қасқырды қалай мақтады?Мысық күшікке қандай мінездеме берді.Мақтаншақтықтың неге әкеліп соқтырды?Ертегіден біз нені ұқтық?

VII.Бекіту  кезеңі:Ертегіні рөлге бөліп оқу

VIII. Үйге тапсырма, бағалау:Ертегіні оқу, әңгімелеу, сурет салу.