Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы.

142

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §10. Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы.

Сабақтың мақсаты:

  • Көшпелілер өмірі, шаруашылығы,малының түрлері, отырықшылық пен көшпеліліктің айырмашылығы тақырыптарында түсіндіре отырып, шаруашылыққа бейім, еңбекқұмар, отансүйгіш азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілік: сызба, суреттер,т.б.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?
  2. Көшпелі мал шаруашылығының шығу себебі туралы әңгімеле
  3. Беғазы-Дәндібай мәдениетін Андрон мәдениетімен салыстыр

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Көшпелі мал шаруашылығы
  • Табиғатта құрғақшылық бет алып, жауын-шашын азайды. Егіншілікпен шұғылдану қиындады.
  • Ат әбзелдерін жетілдіру жылқыны көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берді.
  • Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті.
  1. Малдың түрлері
  • Табиғаттың дайын өнімін пайдаланған аңшы-терімшілер сияқты еміс, көшпелілердің өздері өнім өндірді. Малшылар жылқы, түйе, қой мен сиыр ұстады.
  1. Көшпеліліктің бөлінуі
  • Көшпелілер ат әбзелдерін үнемі жетілдіріп отырды. Олар үзеңгіні, ауыздықты, ерді ойлап тапты. Қыштан, шыныдан, металдан жасалған көлемді заттар анағұрлым жұмсақ әрі жеңіл металдармен: былғары, киіз, ағашпен алмастырылды.
  • Табын түрлерінің әр қилылығы өсімдікке байланысты. Мысалы, еліміздің шөлді аудандарында шөптің 288 түрі өседі. Сиыр мен жылқы олардың-109, түйе, 148, қой-167 түрін жейді. Ал 180 түрлі сортаң шөптің қой 132, сиыр 24 түрін ғана жейді

Сабақты бекіту:

  1. Көшпелі мал шаруашылығы қашан пайда болды?
  2. Көшпелі мал шаруашылығы қалай дамығанын айтып бер
  3. Көшпелі мал шаруашылығының отырықшылықтан айырмашылығы қандай?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §10. Ежелгі Қазақстан тұрғындары неліктен көшпелі мал шаруашылығымен айналысты? /эссе жазып келу/