Көшпелілердің салт-дәстүрі мен діни нанымдары

132

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §29. Көшпелілердің сал-дәстүрі мен діни нанымдары

Сабақтың мақсаты:

  • Қазақстанның ертедегі тұрғындары-сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар мен сарматтардың наным-сенімдері, бұл тайпалардың мәдениетіндегі ұқсастықтар, ескерткіштеріндегі ерекшеліктер, дәстүрі туралы толық-қанды мәлімет бере отырып, ұтжанды, мәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:сызба, суреттер

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Көшпелілердің материалдық және рухани мәдениеттегі жетістіктері, жалпы адамзат тарихына қосқан үлесі туралы айтып бер.
  • Көшпелілердің қандай заттарды ойлап тапқанын айт.
  • Ұлы Жібек жолы туралы айт.
  • Қазақстанның аумағы арқылы қандай тауарлар тасымалданған?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Көшпелілердің діни-нанымдары
    • Қазақстан аумағын жайлаған ежелгі тайпалар ата-баба аруағына, көк тәңіріне сыйынған.
    • «Олардың жерлеу ғұрыптары, әдет-салты мен күнделікті тұрмысы ұқсас болған» деген сөздерді ертедегі грек тарихшыларының еңбектерінен оқи аламыз. Олар көшпелілердің «басқалармен достық, адал, әрі шынайы қарым-қатынасындағы» қайырымдылық пен әділеттікті атап айтқан.
  2. Мәдениеттегі ұқсастықтар.
  3. Ескерткіштері

Сабақты бекіту:

  1. Көшпелі халықтардың діни нанымдары туралы әңгіме құрастыр.
  2. Сақ, үйсін, ғұн, қаңлы, сармат тайпалырының салт-дәстүрінде қандай ұқсастықтар бар?

Бағалау:  Үйге тапсырма: §29. Шығармашылық тапсырма. Картадан ежелгі Қазақстан тұрғындарының, тайпалық одақтар мен мемлекеттердің орналасу аумағын көрсетіңдер. Олардың ерекшеліктері мен ұқсастығын анықтаңдар.