ХХІ ғасырдың жас математигі әрі физигі

106

Сабақтың тақырыбы: ХХІ  ғасырдың жас математигі әрі физигі

Сабақтың мақсаты:    Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға

ұмтылуын дамыту.  Білімді дарынды , озық.

болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ

 

Жабдықталуы:  тест, конверттер; қалақшалар.

 

Барысы:

І. «Ойлан, тап»

ІІ. «Орыңдарың тап»

ІІІ. «Зеректер бекеті»

IV . «Ғажайып үштік»

  1. «Көкпар»
  2. Асу.

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Баршаңызда бүгінгі кешке қош келдіңіздер.

Ғылымдардың патшасы атанғансыз,

Евклид, Фалес, Пифагорды бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа

Жасықтан емессің сен, қаталдансың

Ақыл-  ойды тәртіпке келтіретін

Нағыз пән- математика атанғансың,- дей келе ортаға бүгінгі

«ХХІ ғасырдың жас математигі әрі физигі» атты ойынға қатысушыларды  шақырамыз.

Мәңгі бақи есте қалар

Қызықты бір жиын болсын

Білімдірек шәікрт озар

Сұрақтары қиын болсын- дей отырып,  ойынымызға қатысушылармен таныс болыңыздар.

7ә— класс оқушысы         Қаратаев Арданат

7а— класс оқушысы          Тлебалив Асылжан

7ә— класс оқушысы        Ахмашева Сымбат

7а— класс оқушысы         Салимова Айымгүл

7ә— класс оқушысы        Шұғаев Сұлтанбек

7а— класс оқушысы        Жангерейқызы Жайнагүл

7ә— класс оқушысы        Ахметқалиева Самал

7а— класс оқушысы         Есенова Еркегүл

 

Кешімізді бастамас бұрын  ойыншының білімін дұрыс бағалау үшін әділқазы алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әр  әділқазының алдына  дайындалып қойылған.

Шын жүйрік шабысынан танылады,

Қатты білім, терең ой саналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпен қол соғылады.

  1. «Зерде» әдістемелік бірлесігінің жетекшісі: Жапалақова С.А.
  2. Физика пәнінің мұғалімі: Атошева Л.Ғ.
  3. Информатика пәнінің мұғалімі: Қарабалиева Э.М.

Ал бүгінгі сайысқа қалайсыңдар,

Сендер өтер әлі де талай сын бар,

Сұрағыма  жауап бер, қымсынбай- ақ.

Жауап қатсаң сұраққа жарайсыңдар.- дей келе сайысымызды бастаймыз.

 

 Ойынның І бөлімі «Ойлан, тап»  деп аталады. Бұл бөлімнің шарты бойынша алдарыңызда жатқан түрлі түсті конверттерді таңдау арқылы ішіндегі сұрақтарға жауап берсеңдер. 10 ұпайға ие боласыңдар. Ең аз ұпай жинаған

екі ойыншы  ойыннан кетеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Тең әсерлі күшті түсіндіретін ұлттық ойын түрі.

(арқан тартыс)

  1. 36 км/ сек неше м/ сек бар? (36000 м/с)
  2. Бірлік ауданға түсірілген күш (қысым)\
  3. тепе- теңдікті көрсетіп тұрған таразының екі табақшасына екі шар салынады. Біреуі пластмасс, екіншісі болат. Таразы тепе- теңдік қалыпты көрсетті. Шарлардың массалары туралы не айтуға болады? (Шарлардың массалары бірдей)
  4. Құттықтаймыз. Сіздің жолыңызды болды. 10 ұпай сізге сыйға тартылады.
  5. Денеге басқа денелер әсер етпеген кезде жылдамдығын сақтау құбылысы қалай аталады?      (Энерция)

 

  1. Бірмүше дегеніміз не?

8.Үшбұрыштар теңдігінің үшінші белгісі не деп аталады?

  1. (а-в) (а+в)= ары қарай жікте.

І бөлімді қортындылау үшін сөз кезегін әділқазы алқасына береміз.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер- дей келе, «Орыңдарың тап»  атты ІІ бөлімді бастаймыз. Бұл бөлімнің шарты бойынша ойыншыларға латын әріптері мен символдар беріледі. Сол әріптерден  3 минут ішінде  физикалық немесе математикалық формула құрастыру керек.  Уақытында құрастырылмаған ойыншы ойыннан кетеді.

1)  (а + в)2              2)  а2 – в2

 ІІІ бөлім «Зеректер бекеті» деп  аталады. 

Мұнда қазір экраннан тест сұрақтары  шығады. Сұрақтар  екі  жауаптан тұратын  тест түрінде болады. (Иә немесе жоқ) Әр дұрыс жауап  10 ұпаймен есептелінеді, ең аз ұпай жинаған 1 ойыншы ойыннан шығады.

Заттың үш күйі бар ма?  (Иә)

  1. Температураны өлшейтін құрал динамомерт ме? (Жоқ)
  2. Қысымның өлшем бірлігі Ньютон ба? (Жоқ)
  3. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал барометр ме?(Иә)
  4. Тең бүйірлі үшбұрыштың табанындағы бұрыштары тең бе? (Иә)
  5. Жазыңқы бұрыш 1600— қа тең бе? (Жоқ)
  6. Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 1800— қа тең бе? (Иә)
  7. (а+в)2 =  а2+ ав+в2 екі өрнектің қосындысының квадратының формуласы ма?   (Иә)

 

Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,

Есеп- қисап, сан цифр термек үшін.

Көрсетіп есептеудің жолын қалай,

Келдім оларды  айтып бермек үшін- деп

 

ойынымыздың «Ғажайып үштік» деп аталатын бөлімін бастаймыз. Тақтадағы түрлі түсті фигураны бірінші болып, ұпайы көп оқушы таңдайды. Дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі.

1 оқушы ойыннан шығады.

 

  • 125 л сұйықтың массасы 100 кг оның тығыздығын табыңдар. (Физикадан)

 

 Бөлім «Көкпар» деп аталады. Бөл бөлімде 4 тақырып беріледі. Әрбір ойыншы өзіне ұнаған 1 тақырыпты таңдайды. Ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.

 

1 тақырып                                                        2 тақырып

Логикалық есептер                                           Формулалар

 

3 тақырып                                                           4 тақырып

Ғалымдар                                                          Мектеп

 

Логикалық есептер

1.Үш пар ат 30 км- ге шапса, әр ат қанша км- ге шапқан? (30 Км)

  1. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минцут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (Екеуі тең)
  2. Бір тонна мақта аур ма, бір тонна темір ауыр ма? (Бірдей)
  3. 4 пен 5- тің арасына қандай таңба қойылғанда төрттен артық, 5- тен кем сан шығады. (үтір).
  4. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (бес)

 

Ғалымдар

  1. 1643 жылы тәжірибені бірінші рет шәкірті Вивианы жасаған, ауаның салмағын есептеген,, атмосфералық қысымды есептеген. Ол кім? (Торригелли)
  2. Дәлелдеген формуласы бар, математик, астроном, өзінің табысына шаттанып қуанғанда «Таптым!», «Таптым!» деп айғалаған кім? ( Архимед )
  3. Итальян ғалымы энерцияны ашыпты. Оны білген балалар залда жүгіруден қатыпты. Кім болды екен бұл ғалым? Галилео Галиий.)

. Формулалар

1)  (а + в)2              2)  а2 – в2    3)

 

МЕКТЕП ӨМІРІ

  1. Мектептегі баспалдақ саны нешеу? (46)
  2. Информатика кабинетінде неше компьютер бар? (6)
  3. Мектепте неше класс комплектісі бар? (19)
  4. Бізде неше математик бар? (4)

 

  1. Бөлім. «Асу» деп аталады. Бұл соңғы бөлім. Мына алдыңызда жатқан екі конверттің біреуін таңдайсыз. Конверт ішінде  есеп бар. Егер есепті шығара алсаңыз. Жеңіс таза сіздікі. Онда іске сәт!

 

  1. Барометр таудың етегіндегі қысымның 760 мм сын бағанына, ал оның ұшар басындағы қысым 722 км сын бағанына тең екенін көрсетеді. Таудың биіктігі қандай?

 

  1. 6 х2— 4 х 3+10 х4 Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығар.

Қортынды:       Кешіміздің соңғы сәті таяп қалды,

Ал, қазір әділқазылар сөз алады.

Кешіміздің жеңімпаздарын анықтап,

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады,- деп жеңімпаздарды марапаттау үшін әділқазы алқасына сөз береміз. Сонымен, бүгінгі «ХХІ ғасырдың жас математигі әрі физигі» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.

Қатысқандарыңызға көп рахмет!