Сынып тыс жұмыстың тақырыбы: «Сыныптың зерек математигі»

53

Сынып тыс жұмыстың тақырыбы: «Сыныптың зерек математигі»

Мақсаты: а  ) Оқушылардың математика пәнінен алған білімдерін кеңейту,  өмірмен байланыстылығын ұғындыру, ұлы математиктердің есімдерімен таныстыру.

ә )Пәнге деген қызығушылықты арттыру, ой-өрістерін , есте сақтау қабілеттерін дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

б)Адамгершілікке,зейінділікке, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, шыншылдыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайдтар.нақыл сөздер.тапсырмалар.

Әдіс-тәсілдер:

Пәнаралық байланыстар:

Барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.

2.Кіріспе.

Армысыздар, осында жиналғандар,

Сіздерді қызықтырар не бір сыр бар,

Рұқсат берсе біздерге көрермендер,

Сайысты бастайық, қол соғыңдар!

Құрметті оқушылар, ұстаздар!

Математика апталығы барысында өткелі отырған 6 а сынып оқушылары арасындағы «Сыныптың зерек математигі» сабағымызға қош келдіңіздер!

Әл-Фараби айтқан екен:-«Зеректік дегеніміз-бір нәрсені уақыт өткізбей, тез немесе аз уақыт ішінде тамаша жақсы аңғару қабілеті»

Ғалымдардың патшасы атанғансың,

Евклид,Фалес, Пифагордан бата алғансың,

Төзбейтін  өтірікке,жалғандыққа

Жасықтан емес сен, қаталдансың,
«Ақыл ойды тәртіпке келтіретін,
Нағыз пән — математика атанғансың
!-деп сайысымызды бастамақпыз.

Шеберлікті , білімді

Сараптап сендер көріңдер,

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңдер!

Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от, көзде жалын бар

Үлгі, тәртіп, жақсы оқу

Алға қойған мақсаттар.

Енді қатысушы оқушыларды ортаға шақырайық.

Сайыс шарттары.1.Өзін таныстыру./аты-жөні, оқыған кітабы, пәнге қызығушылығы,болашақта кім болам/

2-тур.Лезде сұрақ-жауаптар.

  1. Құрамында әрпі бар өрнектер.

2.Тіктөртбұрыш ауданы

3.7-жай сан ба, құрама сан ба

4.Бұрышты өлшейтін құрал

5.1 м-де неше см бар

6.Миллионда неше ноль бар

7.Ең кіші натурал сан

8.2ғасырда неше жыл бар

9.Шеңбер сызатын құрал

10.Құрамында белгісізі бар теңдік

3-тур.Тәрбие көзі –мақалда,

Керегінде оны амалда,

Математикада оның да

Өз орны бар әманда!

Мақал-мәтелдерге сан есім қою.

1.1 қарлығаш келгеннен жаз болмайды

1 сауысқан келгеннен қыс болмайды

2.2 жақсы қас болмас,

2 жаман дос болмас

3.Досыңды үш күн сынама

Үш жыл сына

4.Жұмысқа 3 күнде үйренесің

Жалқаулыққа 3 күнде үйренесің

5.4 аяқты да жылқы сүрінгіш.

  1. 5Саусақ бірдей емес

7.7 жұрттың тілін біл, 7 түрлі білім біл

8.Дос егіз, дұшпан сегіз.

Сергіту сәті.Көбейту кестесін қадаммен айтып шығу.Көрермендермен ойындар.

Викториналық сұрақтар.

4-тур.Логикалық есептер. «АҚБОТА» интеллектуальдық  марафонының ЕСЕПТЕРІ

1.Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды. Абзал Арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?
(Аян, Абзал, Арман)
2.Үш бала 17 бауырсақ жеді. Ең көп жегені Тимур. Аз дегенде Тимур неше бауырсақ жеді?  (7)

3.Шаршының сол жағында үшбұрыш, оң жағында дөңгелек орналасқан. Шаршы қай жағына салынған?  (ортасына)

4.«КЕНГУРУ» интеллектуальдық марафоны есептері:
«Кенгуру» байқауы 1991 жылдан бастап Европада жыл сайын өткізіліп тұрады. Байқау 2009 жылы нешінші рет өтті?  (19)
5.Төрт пен бестің арасына қандай таңба қойғанда 4-тен артық 5-тен кем сан шығады?   (үтір)

  1. Арман  МАТЕМАТИКА сөзінің суретін салмақшы. Ол сәрсенбіден бастап, әр күні бір әріптің суретін сала бастады. Аптаның қай күнінде Арман соңғы әріпті салып бітіреді?   (сенбіде)

5-тур.Иә, жоқ стратегиясы.Бағдарлама бойынша мысалдар және жалпы сұрақтар

1.Тура мағынадағы шамалар оң санмен өрнектеледі./иә/

2.Екі санның бөліндісі пропорция деп аталады./жоқ/

3.-5 ке қарама –қарсы сан 5/иә/

4.І1,9І= 1,9 /иә/

5.2-жақсы баға /жоқ/

6.І-4/5І=-4/5/жоқІ

7.-8,19 ‹9/иә/

8.Алтын ұяң- Отан қымбат/ иә/

  1. -1‹0‹12 /иә/

10.-7/8›-1 /жоқ/

Қиын есеп оңай-ақ шығар,

Миды егер шынықтырсаң,

Пропорция, және басқа

Есептеуді ұғар болсаң.

6-тур.есептер шығару кезеңі

  1. 5     =  10                         7        =     1
  • х                             х             12

 

  1. Х           64                      25           х

2             4                            4           40

5.Үшбұрыштың қабырғалары  1,2 см,  4,3 см, 5,5 см.Периметрі неге тең?

  1. Тіктөрбұрыштың қабырғалары 2,5 м, 4м. Ауданы неге тең?

7-тур.Өнер көрсету.

Шәкіртім, жарқын сенің келешегің

Алдыңда тұр өмір керуендерің,

Сайыстың болу керек бір-ақ жеңімпазы

Еншілейік  атақты аса зеректікке

Зерделі ой түйген білімдіге.

Әділқазы алқасы қорытындылайды.

Жеңімпаз бен белсенділер марапатталады.