2 саны және цифры

37
  1. Сабақтың тақырыбы: 2 саны және цифры. 21 бет

Сабақтың мақсаты: 1.  2 саны және цифрымен таныстыру  2. 2 цифрын таза жазып үйрену. 3. 2 цифры мен заттардың санын сәйкестендіре білуді    үйрете отырып, білімін тереңдете түсу.

Сабақтың көрнекілігі: Геометриялық фигуралар, әр түрлі заттардың шаблоны

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

                                      Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Үйге берілген тапсырманы пысықтау                       

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ: а)   Сыныпта ұл да, қыз да көп. Ұлдың ішінен бір ұлды, немесе екі қызды бөліп алып, санды сәйкестендіру.  — Менің қолымда неше алма бар? -1 алма 2 алма болу үшін не істеу керек? -Тағы бір алма қосу керек. Осындай жаттығудың нәтижесінде 2 санын шығарып алу қорытындысын оқушылар өздері жасайды.

ә) Полотноға бір көк, екі қызыл дөңгелек қыстыртып салыстыру. Қандай дөңгелек көп?  Қандай дөңгелек аз? Демек,1 ≤ 2. 2>1-ден.   2-1 азайтса1 шығады. 1+1 қосса 2 шығады.

Сергіту сәті:

Бірден кейін тұрамын              Бірден кейін тұрағым.

1-ді 1-ге қосқанда                      Мен шығамын шырағым.

Ү.Жаңа білімді бекіту. 1) Суреттен 2 санын бөліп алу.  2 ) Қорапта не бар?

2 см

-2 деген қорапқа нені саламыз?  -2 капуста, 2 қияр, 2 көк бұрыш.

3) Дәптермен жұмыс

2 Цифрын ауада жазып,дәптерге жазып үйрену.  1- ден 10-ға дейін оң санау. 10-нан 1-ге дейін кері санау.

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен қанша саны және цифрымен таныстық?

ҮІІ. Үйге тапсырма ҮІІІ. Бағалау