Арифметикалық және геометриялық прогрессия
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық және геометриялық прогрессия
Сабақтың мақсаттары:
І. Білімділік:
Арифметикалық, геометриялық прогрессияның анықтамасын меңгеріп, n-ші мүшенің және алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласын меңгеріп, есептер шығаруға қолдана білу.
- Тәриелік:
Оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетінше оқуға, ізденуге тәрбиелеу.
- Дамытушылық:
Ойлау қабілетін, танымын, пәнге қызығушылығын дамыту.
Сабақтың түрі:
Қорытындылау сабағы.
Оқыту әдістері:
Сұрақ-жауап, есептер шығару, тест алуда дидактикалық материалдарды ірілендіру, деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану.
Көрнекілік:
Сұрақтар, есептер жазылған палакаттар. Тест карточкалары.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру (2 мин) Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру.
- Сұрақ жауап арқылы өткенді қайталап, қорытындылау (10 мин)
- Есептер шығару (20 мин)
- Үйге тапсырма (3 мин)
- Тест алу (8 мин)
- Сабақты қорытындылау (2 мин)
Сабақтарды дидақтикалық материалдары ірілендіру технологиясын қолданып қою.
№ | Арифметикалық прогрессия | Геометриялық прогрессия |
1 | 1. Арифметикалық прогрессияның анықтамасын тұжырымдаңдар. | 1. Геометриялық прогрессияның анықтамасын тұжырымдаңдар. |
2 | 2. Қандай санды арифметикалық прогрессияның айырмасы деп атайды. | 2. Қандай санды геометриялық прогрессияның еселігі деп атайды. |
3 | 3. Арифметикалық прогрессияның қасиеті. | 3. Геометриялық прогрессияның қасиеті. |
4 | 4. Арифметикалық прогрессияның n мүшесінің формуласы. | 4. Геометриялық прогрессияның n мүшесінің формуласы. |
5 | 5. Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы. | 5. Геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы. |
- Есептер шығару:
№ 1
Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі 3-ке, айырмасы 4-ке тең, оның он бесінші мүшесі неге тең.
№ 2
Геометриялық прогрессияның бірінші мүшесі 6-ға, еселігі 3-ке тең, оның бесіншісі неге тең.
№ 3
Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі 56-ға, айырмасы 3-ке тең, оның алғашқы он мүшесінің қосындысын табыңдар.
№ 4
(Арифметикалық) Геометриялық прогрессияның бірінші мүшесі мен бесінші мүшесінің қосындысы 128-ге тең, есілігі 2-ге тең. Оның алғашқы жеті мүшесінің қосындысын табыңдар.
№ 5
Арифметикалық прогрессияның бірінші мүшесі мен бесінші мүшесінің қосындысы 24-ке тең, ал екінші мүшесі мен үшінші мүшесінің көбейтіндісі 60-қа тең болса, оның айырмасы мен бірінші мүшесі неге тең.
№ 6
Геометриялық прогрессияның бірінші және үшінші мүшесінің қосындысы 15-ке тең, ал екінші және төртінші мүшесінің қосындысы 30-ға тең. Геометриялық прогрессияның еселігі мен бірінші мүшесін табыңдар.
- Топқа тест алу (8 минут)
Тобы | Рет саны | Тапсырмалар | Жауаптары | |||
Берілгені | Табу керек | А | В | С | ||
А | 1 | D | 12 | 2 | -12 | |
2 | S2 | 45 | 90 | 102 | ||
3 | a10 | 36 | 33 | 30 | ||
В | 1 | a40 | 80 | 82 | 78 | |
2 | b5 | 48 | 324 | 320 | ||
3 | S7 | 1050 | 210 | 105 | ||
С | 1 | b5 | 1/125 | 1/125 | 5/125 | |
2 | q | 3 | +-3 | -3 | ||
3 | a1 | 17 | 58 | 33 |
- Тест жұмыстарын бағалап күнделіктеріне баға қойып, қорытындылау.
- № 417, № 427 қайталау есебінен үйге тапсырма беру.
- Сабақты аяқтау.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру және деңгейлік саралауды және педагогикалық технологияның негізі етіп оқыту тәсілі оқушылардың жеке-дара ерекшеліктерін, ынтасы мен қабілеттілігін толықтай ескеруге мүмкіншілік береді