Үшбұрыш және оның түрлері

90

Үшбұрыш және оның түрлері

Сабақ мақсаты: Оқушылар үшбұрыш туралы білімдерін кеңейтеді.

Сабақтын түрі: Сын тұрғысынан ойлау.

Міндеттері: 1. Қабырғаларының ұзындықтарына қарай, бұрыштарының шамасына қарай үшбұрыштардың түрлерімен, үшбұрыштардың периметрін табу формуласымен танысады. 2. Мәтін ішіндегі ең бағалы анықтамалары мен формулаларды іріктеп алып, есептер шығаруда қолданады. 3. Бір-бірін тыңдау арқылы өзгенін пікірімен  санасады.

Бағалау: 1. «Араласқан кезеңдер» стратегиясы арқылы оқушылар мәтінді құрастырып оқиды. 2. «Бағалы зат» стратеиясы арқылы оқушылар анализ жасай алады. 3. Мұғалімнің бақылауы арқылы топтағы жұмыс бағаланады.

Көрнекіліктер: Мәтін, плакат, маркер, жұмыс дәптері.

Стратегиялар: «Ой қозғау», « Араласқан кезеңдер», «Бағалы зат», «Автордың орындығы», «Концептуалдық кесте», «Ой ашар».

 

Сабақ сатылары Мұғалімнін іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

 

1. Қызығушылығын ояту. « Ой қозғау» стратегиясы Сұрақ қояды: «Үшбұрыш туралы не білесіндер?» Уақыт беріледі жеке- 2 мин, жұппен – 1 мин,шағын топпен – 1 мин. Спикерлер сөйлейді – 4 мин.  Оқушылар өз ойларын қағазға жазады. Жеке-2 мин, жұппен -1 мин, шағын топпен -1 мин, Спикерлер қорғайды — 4 мин. Бағалайды.
2.Мағынаны ажырату. «Араласқан кезеңдер» стратегиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бағалы зат» стратегиясы

 

 

 

Ой ашар

 

«Автордын орындығы» стратегиясы

a) мұғалім бөліктерге бөлінген мәтін таратады. Әрбір оқушы сол мәтін бөліктерін біріктіреді. Жеке- 3 мин, жұппен- 2 мин, шағын топпен- 1мин.

Топтардан біріктірген бөліктерінің ретін сұрайды- 2 мин.

ә) мәтінге ат қойындар жеке, жұппен, шағын топпен – 1 минуттан.

Спикерлерге сөз береді.

 

Дәптерге күнді және тақырыпты жазғызады.

 

Тапсырма береді: мәтіннен ең қажетті анықтамаларды формуланы жазындар, суреттерін салындар- 7 мин

 

«Мен үшін ең бағалы анықтамалар мен формула» тақырыбы бойынша кім сөйлейді?- 4 мин.

Мәтін бөліктерін біріктіреді. Жеке- 3 мин, жұппен- 2 мин, топпен- 1 мин

 

 

Оқушылар кезекпен ретін айтады- 2 мин.

 

Мәтінге ат қояды жеке- 1 мин, жұппен- 1 мин, топпен- 1 мин. Әрбір топтың спикерлері қойған аттарын айтады. Бағалайды. Оқушылар дәптерлеріне күн мен тақырыпты жазады.

Оқушылар мәтінді оқи отырып, анықтамаларды, формуланы жазады, суреттерін салады. Барлығы-  7 мин

Бағалайды.

 

2оқушы автордың орындығына отырады Берілген тақырып бойынша сөз сөйлейді. Пікір, ұсыныс.

3. Ой толғаныс «Концептуалдық кесте» стратегиясы Плакатқа жазылған тапсырмаларды орындандар. Жеке- 3 мин, топпен- 3 мин, спикерлер қорғауға- 3 мин. Берілген тапсырмаларды жеке дәптерге орындайды топпен плакатқа жазады. Жек- 3мин, топпен- 3 мин, спикерлер қорғайды- 3 мин. Бағалайды.

 

Кесте: Суретін салып, есепті шығарындар

 

1 2 3 4
Үшбұрыш қабырғаларының ұзындығы 5 см, 4см, 6см.

Үшбұрыштың периметрін табыңдар.

Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 39см. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар. Тік үшбұрышты үш бұрыштың гипотенузасы 5см. Катеттерінің бірі 3см, ал екінші катеті біріншісінен 1см ұзын. Үшбұрыштың периметрін табыңдар. Теңбүйірлі үшбұрыштың табаны оның бүйір қабырғасынан 2см қысқа. Периметрі 19см. Үшбұрыштын әр қабырғасының ұзындығын табындар.

 

Қорытынды: 1. Бағалау.

  1. Шығу парағын толтыру.
  2. Үйге тапсырма беру.

 

Семей қаласы