Сандардың бөлінгіштік белгілері /5 сыныпқа арналған математика үйірмесінің кешенді бағдарламасы/

96

Сандардың бөлінгіштік белгілері /5 сыныпқа арналған математика үйірмесінің кешенді бағдарламасы/

Түсінік хат

Мектеп курсындағы математика оқытудың негізгі мақсаты – оқушыға нақты  және саналы түрде күнделікті өмірге қажет математикалық білім мен білікті   жүйелі түрде қамтамасыз ету.

Оқушылардың белсенділігін және математикаға деген қызығушылығын арттыру , математикалық ойлау қабілетін дамыту,  ойын әдемі және тиянақты жеткізу.

Жаңалығы:  5 сыныпта информатика пәнінің енуіне байланысты  санау жүйесінің тарихы мен  алғашқы баспалдақтарын үйрету;

Өзектілігі: күнделікті сабақтарда бөлшектерді қысқартуда пайдалану

Мақсаты: әр оқушының математикалық ой-өрісін және шығармашылық белсенділігін дамыту.
Міндеттері:
* оқушының қызығушылығын және интеллектуалдық қабілетін есеп шығару барысында дамыту;
* түрлі типтегі есептер  шығару әдістемелерін жетілдіру;
* өздігінен  ізденіп жұмыстануға үйрету ;
* оқушылардың пәнге қызығушылығын қолдау және арттыру;
* математикалық көзқарасын кеңейту бары-сында жұмыстану;
* бағдарламалық тақырыпты кеңейтіп және тереңдетуге ықпал жасау , жеке оқушылардың қабілетін дамыту;
* оқушыларды олимпиадалық есептермен та-ныстыру;
*оқушылардың математикалық қабілеттерін пайдалануға жағдай жасау;
* оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыруға жағдай жасау.
Іс-әрекеттер түрі:

  • әр түрлі қиындықтағы  есептер шығару;
  • АКТ пайдалану;
  • математика тарихына ауызша саяхаттар өткізу;
  • өмірде кездесетін жағдайларға байланысты есептер шығару..

Үйірме жұмысын  өткізу түрлері: 

  • викториналар; мектепішілік олимпиада;
  • есептер шығару сайысы;
  • қабырға газеттерін шығару;
  • әңгімелесу; практикум

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже  және тексеру амалдары:

  • сандардың бөлінгіштік белгілерін пайдаланып есеп шығару дағдысын қалыптастыру;
  • 20-дан жоғары сандардың   бөлінгіштік белгілерін  өздігінше іздеуді жалғастыру;
  • Ғылыми-практикалық жұмыс орындауға  дағдыландыру.
  • Презентация қорғау

Жоспар құрылымы:

  • түсінік хат;
  • мазмұны;
  • күнтізбелік -тақырыптық жоспар;
  • бағдарламаның әдістемелік қамтамасыз етілуі
  • пайдаланылған әдебиет

 

Үйірмені ұйымдастыру жұмысы.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үнемі және  бағытталған түрде сабақ жүйелері арқылы жүргізіліп отыруы тиіс.  Ол пәнаралық байланыс , интерактивті негізде құрылуы қажет, сонымен бірге оқушының жеке басының психикалық дамуына да әсерін тигізіп, оқушының есте сақтау, ойлау  қабілеттерін, аңғарымдығын т.б қасиеттерін дамытуы қажет.
Сабақтар жүйесі оқушылардың төмендегі шығармашылық мүмкіндіктерін қамтуы тиіс: шапшан ойлау, ықтималды шешім табу, өз ойын айта  және түрлі гипотизалар құра білу  .

Оқушының математикалық әзірлігіне қойылатын талап:.
«Сандардың бөлінгіштік белгілері» үйірмесіне қатысқан оқушы түрлі сандар жүйесі туралы мағлұмат алады, олармен түрлі амалдар орындауды үйренеді, 1-20 дейінгі сандардың бөлінгіштік  белгілерін  бөлшектерді қысқартқанда пайдалана алады, түрлі математикалық ребустарды, қызықты, логикалық  есептерді шешу,   жылдам есептеу  дағдысын үйренеді. ,

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағдарламаның мазмұны.

(34сағат)

  1. Санау жүйелері(8 сағ)
    Сандардың шығу тарихы. Ондық санау жүйесі (1с). Екілік санау жүйесі. Сандарды кодтау (1с).  Сандар қасиеті (1с). Грек ,рим және араб сандары  (1с). Рим сандарын араб сандарына аудару (1с). Араб сандарын рим сандарына аудару (1с). Өзіңдік жұмыс (2с).
  2. Сандардың бөлінгіштік белгілері (20с).
    4,6,7,8,11 сандарының бөлінгіштік белгісі. Есептер шығару. Шапшаң шығаруды үйрету.  . (5с) Евклид әдісімен ЕКОБ және ЕҮОЕ  табуға арналған есептер шығару  (2с). 12,13,14,15  сандарының бөлінгіштік белгісі.  (4с) Ребус, сиқырлы шаршы,шарада шешу.  (2с).  16,17,18,19,20 сандарының бөлінгіштік белгісі (5с)  Есептер шығару (2с)

3.Түрлі есептер шығару  (6 с)
Логика. Логикалық және қызықты есептер. Түрлі типтегі есептер шығару. (5с) Презентация қорғау(1)

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Альхова З.Н., Макеева А.В. Математикадан кластан тыс жұмыстар».-Саратов.; Лицей, 2003г.
  2. Балк М.Б., Балк Г.Д. Математикалық жарыстар М.: Детская литература, 1983
  3. Гончарова Л.В., Мектептегі пәндік апталықтар. Математика. Волгоград: Учитель, 2006.-200б.
  4. Кордемский Б.А. Оқушыларды математикаға қызықтыру. М:Просвещение,1981.
  5. Лысенко Ф.Ф. «Математикалық сайыстарға әзірлік». Ростов-на-Дону қ. 2001ж.
  6. Нагибин Ф.Ф., Канин Е.С. Математикалық шкатулка. М.: Просвещение, 1988
  7. Перельман И. «Живая математика». «Наука», баспасы 1974ж.
  8. Рывкин. «Справочник по математике» М. «Высшая школа» 1975ж
  9. «Математика» газеті. 2000-2010 ж.
  10. Шарыгин И.Ф., Математика: «Задачи на смекалку», 5-6 сыныптарға арналған әдістемелік құрал.-М.: Просвещение,2001
  11. Игнатьев Е.И. Математическая смекалка. –М.: Омега, 1994.
  12. Елубаев С. «Қазақтың байырғы қара есептері». Алматы 1996ж.