ЕҮОБ пен ЕКОЕ табуға есептер шығару

284

Сабақтың тақырыбы:   ЕҮОБ пен ЕКОЕ табуға есептер шығару.

Мақсаты:  Екі немесе бірнеше сандардың ЕҮОБ  мен ЕКОЕ табу тақырыбын менгергендігін пысықтау. Оқушылардың анық түсініп, есте сақтауын қалыптастыру.

Білімділігі:  ЕҮОБ және ЕКОЕ табуға арналған есептерді шығару арқылы сабақты бекіту.

Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, көру, сезу қабылдау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі:   Өз ойын қорытындылай білуге қалыптастыру, оқушыны жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың өтілу технологиясы: Модульдік оқыту технологиясы.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Оқыта үйрету ойындары «Білім биржасы».

Көрнекіліктер: конспект, слайдтар, таблицалар, конверт, панно, «Акция» қағаздары, жасыл, көк, сары түсті фишкалар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Модульдың құрылымын таныстыру
  3. Сабақтың мақсаты мен міндетін атап кету
  4. «Білім биржасы» оқыта үйрету ойындары
  5. Қорытынды, үйге тапсырма

І. Оқушы нені білу керек?

  1. Жай және құрама сандарды білу керек.
  2. Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктей білу.
  3. ЕҮОБ пен ЕКОЕ-ті табу

ІІ. Оқушы нені менгеру керек?

  1. Екі немесе бірнеше сандарды жіктей отырып ЕҮОБ-ін табу
  2. Берілген сандар өзара жай сандар болған жағдайда оларды өзара көбейту арқылы ЕКОЕ табу.
  3. Үлкен санды еселей отырып, ең кіші ортақ еселікті табу.

Тақтаға конверттер ілінген панно бекітіледі, оларда әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар бар. Әрбір оқушы конверттерден өз мүмкіндіктері мен қабілетіне қарай тапсырма алып, дайындалып жауап береді. Жауаптар «акциялармен» бағаланады.

«Акционер» — оқушы жауабының толықтығына қарай әр түрлі түстегі «акциялар» алады. Толық емес жауап – сары түсті «акция» дұрыс, бірақ  кеңінен ашылмаған жауап-қызыл түсті «акция», дұрыс негізделген жауап-жасыл түсті «акция». Әр акцияның бастапқы құны бар, оны «банк» бекітеді. Мұғалім – «банкир» әрбір оқушының түсімін есептейді. Ең аз құны жоғары, ең көп құны төмен болып мұғалім «банкир» баға қояды.

І. «Әркімнің өзі шығар биігі бар»

  1. Жай және құрама сандар дегеніміз не?
  2. ЕҮОБ дегеніміз не?
  3. ЕКОЕ дегеніміз не?

ІІ.  «Шапқан озар, жатқан қалар»

    Сандардың ЕҮОБ табындар:

  1. 48 және 28
  2. 12 және 15
  3. 45 және 32
  4. 24 және 88

ІІІ. Білегіңе сенбе, біліміңе сен!

      ЕКОЕ табыңдар:

  1. 42, 60 және 70
  2. 24, 36 және 52
  3. 18, 63 және 35

ІV. Кестені толтырып, ЕКОЕ тап:               

Натурал сан Берілген натурал санның еселіктері
Х2 Х3 Х4 Х5 Х6 Х7 Х8
2
3

 

ЕКОЕ (2,3) = 6

Үйге: №338,339 есеп

Бағалау.