у= ах2+n, у= а(х – m)2 функцияларының графиктері

Күні: 14.01.15

Пәні: Алгебра

Сыныбы: 8 «ә»

Әбдуалиева Ләйлә Қойшыбекқызы
Сабақтың тақырыбы:у= ах2+n, у= а(х – m)2 функцияларының графиктері
Сілтеме:Алгебра 8 сынып, Ә.Н.Шыныбеков
 

Жалпы мақсаты:

Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың міндеттері:Білімділік: ЭЕМ –ді пайдалана отырып, экспериментальды жолмен у=ax2 функциясының графигі белгілі болғанда  y= ax2+n, y=a(x-m)2 +n  функцияларының графиктерін салу алгоритмін білу; осы алгоритм арқылы ЭЕМ көмегінсіз функциялар графиктерін сала білу.

Дамытушылық: Көре отырып, салыстыра отырып ойлау қабілеттерін, математикалық сөйлеу мәнерін дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, өз беттерімен жұмыс істеуге,жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу;бірін бірі тыңдау, құнды пікір айтуға дағдыландыру;

Ресурстар:Оқулық, сабаққа қажетті ресурстар
Әдіс – тәсілдер:Тәсілі: жұппен, топпенӘдісі: СТО, диалог
Оқу нәтижесі:·         Оқушылардың бірін-бірі сынау арқылы аталған тақырыпты пысықтау

·         Берілген тапсырмаларды жұпта орындауға үйрету.

  • Оқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыландыру
  • Есеп шығаруда ережелерді қолдана білу дағдысы

·         Математикалық тілде сөйлеу қабілеттері.

Негізгі идеялар:Ізденіс жұмыстары арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығы артады,танымдық қабілеттері дамиды
Тапсырма көздері:1.Кеңейтілген тапсырмалар

2.Ізденіс жұмыстары. Жұптық, топтық, жеке жұмыстар

Сабақтың көрнекілігі:Слайдтар, тапсырма көздері жазылған карточкалар
 

Сабақтың ұстанымы:

 

Адалдық ұстанымы: Сабаққа қатысып оқушылар тек әділ ойын айтуы керек.

Белсенділік ұстанымы:Оқушылар сабаққа толығымен шынайы қатысуы тиіс.

Сабақтың барысы:уақытМұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі:Кезекші арқылы оқушыларды барлау.Кезекші сабақта жоқ оқушылардың тізімін жазып қояды.
Мотивациялық кезең: 

5

М

И

Н

У

Т

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын ойсергек:

 

ТеңдеулерЖауаптар
1.2x2-8x-10=0-1;5
 2.-x2+6x+16=0-2;8
 3.x2-8x=00;8
4.5x2-18x+16=02; 1,6
5.x2-10x+24=04;6
6.7x2+8x+1=0-1; —
7.-2x2+1,7x+0,3=0 ;1

 

415236

 

РФИГАК
 

-1;5

 

 

-2;8

 

0;8

 

2; 1,6

 

4;6

 

-1; —

 

 

 

2546143

 

ВДАКТР
4;6-1; —2; 1,6-2;80;8-1;5

 

 

3152764

 

УЦФЯНИК
-1;5 ;10;82; 1,64;6-1; —-2;8

 

 

 

 

Ой шақыру2минОсы тірек сөздерді пайдалана отырып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын және мақсатын тауып көрейік.Оқушылар талдай отырып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын өздері қорытып айтады.
3 мин— Балалар, Жуковский «Поэзия мен өнердегі сияқты математиканың да өз әдемілігі бар» деген екен. Бүгінгі сабағымызда біз квадраттық функцияның графигін салудың өте әдемі әдісімен танысамыз.Жаңа сабақты бастамас бұрын біз бұған дейін қандай функциялар графиктерін оқып үйрендік, соларды қайталап өтейік.

Оқушыларға өткен тақырып бойынша семантикалық карта беріледі.

 

 

 

2. Мына функциялар y= (x+3)2 y=x2+3 y= (x+3)2+4 квадраттық болып табыла ма?

3. Біз бұл функциялардың графиктерін сала аламыз ба? (оқушылар х-ке мән бере отырып у-ті тауып координата жазықтығында нүктелерді сала отырып график сызуға болатынын айтады).

 

Оқушылар семантикалық картаны толтырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

функция

 

 

 

аты

 

 

 

графигі

 

 

 

Графиктің аты

 

 

1

 

 

y=kx+b

 

 

Сызықтық

 

 
Түзу сызық

2y=kxТура пропорционалдық 
Түзу сызық
3.y=Кері пропорционалдық гипербола
4.y= x2Квадраттық Парабола

Төбесі координаттар басы

5.y=x3Кубтық Кубтық парабола
 

6.

 

y=ax2+bx+c

 

Квадраттық

 
Парабола

Төбелері

(m;n)

Мағынаны  ашу10минМұндай графиктерді нүктелер арқылы салу біздің көп уақытымызды алады, сондықтан біз бүгінгі сабағымызда мұндай графиктерді тез салуды үйренеміз. Ол үшін оқулықтағы тақырыпты  ашып оқи отырып, өз ойларыңды қағаз бетіне түсіріп көріңдер.Оқушылар топпен жұмыс жасай отырып

өз  ойларын қағазға түсіреді және постер қорғайды.

І. y=ax2+n  функциясының графигі y=аx2 функциясының графигін n>0 болғанда ордината осінің бойымен бірлікке жоғары, n<0болғанда ордината осінің бойымен бірлікке төмен жылжыту арқылы шығады екен.

ІІ. y= a(x-m)2 функциясының графигі y=аx2 функциясының графигін m>0 болғанда абсцисса осінің бойымен бірлікке оңға, m<0 болғанда абсцисса осінің бойымен бірлікке солға жылжыту арқылы шығатынын көрдік.

ІІІ. y=a(x-m)2 +n функциясының графигін салу үшін y=аx2 функциясының графигін  m>0 болғанда абсцисса осінің бойымен бірлікке оңға, m<0 болғанда абсцисса осінің бойымен бірлікке солға және  n>0 болғанда ордината осінің бойымен бірлікке жоғары, n<0болғанда ордината осінің бойымен бірлікке төмен жылжытамыз.

 

Ой қозғау: (тақырыпқа байланысты оқулықтағы есептерді шығару)

 

15 мин

 

Өтілген тақырып бойынша шаблонды қолдану тәсілдерін үйрету, тапсырмалар беру

 

Тапсырмаларды орындайды, жұппен, топпен, жеке берілген есептерді орындайды.

 

Сергіту сәті:

 

3мин

 

«Функциялар биі»  орындалады.

 

 

Оқушылар постер арқылы мына кестені толтырады:

ФункцияГрафигіОУОХ
жоғтөмоңғасолғ
 

Оқушыларға функциялардың формулалары мен графиктері салынып таратылады.Сол бойынша формулаға сәйкес графиктерді таба отырып жұптасады.

 

y= (x+2)2— 3

 

 

y= x2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

y= (x+2)2+2

 

 

 

 

 

 

 

y= -(x-2)2 + 3

 

 

 

 

Қорытынды5мин«Жақсы тілек» : Конфеттерге жапсырылған тілектер тарату арқылы топқа бөлемін. «Бақыт», «Байлық», «Ақыл». Оқушыларды сергіту мақсатында сабақты қорытындылау үшін мына ертегіні пайдаландым.

Ертеде Данышпан деген патшаның елінде «Байлық»,  «Бақыт», «Ақыл» үшеуі бас қосады. Ол үшеуі адам баласына тигізген пайдасы жайында таласып қалады.

Байлық: Менің арқамда ғана адам баласының төрт  түлігі сай, үйі, дүние мүлігі ішіп жемі мол болады.

Бақыт: Мен кімнің басына қонсам,соның атақ даңқын шығарамын. Мансабын аспанға көтеремін.

Ақыл: Адам баласы менсіз өмір сүре алмайды, нанбасаңдар Данышпаннан сұрайық.

Данышпаннан: «Байлық» — бір жұрттық, «Бақыт»- баянсыз, «Ақыл» -еңбек,білім деген сүйеніші,тіреуі,тұтқасы да бар.Сондықтан да ақылды болып еңбек ете білген адам ғана байлыққа да, бақытқа да кенеліп,мәнді де,сәнді де өмір сүреді.

Міне балалар бұдан шығатын қорытынды мынау.Ақыл,білім болған жерде бақыттыда бай боламыз.Сондықтан да сабақты тек жақсы оқып, білімді де,білікті азамат болып өсуіміз керек.

 

 

 

Оқушылар тест тапсырмасын орындайды.

Тесттің кілті:

123456
АСВВДС
Бағалау:1минТапсырмаларға арналған критерийлермен таныстыру, топтық жұптық, жеке тапсырмаларды бағалауБірін бірі бағалайды, топтық жиынтық бағалар қалыптасады.
Рефлексия1мин Оқушыларға смайликтер таратамын.Оқушылар өздеріне сай смайликтерді таңдап дайын плакатқа жапсырады.

 

Үйге тапсырма:Оқулықтан №405, №406

 

 

Волгодонов орта мектебі

 

 

Тақырыбы:

у= ах2+n, у= а(х m)2 функцияларының графиктері

 

 

 

 

Өткізген: Абдуалиева Л.К.

Математика пәнінің мұғалімі

 

 

2014-2015 оқу жылы