Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды салыстыру

47

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды салыстыру
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Координаталық түзуде үлкен сан оң жақта, ал одан кіші сан сол жақта кескінделетінін, кез келген оң сан 0-ден және кез келген теріс саннан үлкен болатынын, кез келген теріс сан 0-ден кіші болатынын меңгерту.
Ә) Дамытушылық: Рационал сандарды салыстыра білу, оң және теріс сандарды жалпы түрде жаза
білу дағдысын жетілдіру.
Б) Тәрбиелік: Оқушыларды сабақ барысында өз бетімен жұмыстануға, шапшаңдыққа, дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Үшөлшемдік әдістемелік жүйе
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, жұмыс дәптері

Сабақтың жүрісі:
«Көпір» тапсырмалары
І кезең
1. Ұйымдастыру
2. Өткен сабақты қайталау:
1. Оң сандар дегеніміз не? Мысал келтір.
2. Теріс сандар деп қандай сандарды айтамыз? Мысалы?
3. Оң санға да, теріс санға да жатпайтын сан бар ма?
4. Координаталық түзу дегеніміз не?
5. Қарама-қарсы сандар деп қандай сандарды айтамыз?
6. Бүтін сандарға қандай сандар жатады?
7. Рационал сандар жиынына қандай сандар кіреді?
8. Рационал санның модулі дегеніміз не?

ІІ кезең
Оқулықты пайдалана отырып, жаңа тақырыпты өз бетіңізбен меңгеріп көріңіз:
І. Координаталық түзу бойында үлкен сан . . . жақта, ал одан кіші сан . . . жақта кескінделеді.
Мысалы: -5 … 5;
1 … -3.

ІІ. Кез келген оң сан нөлден …және кез келген теріс саннан …
Мысалы: 2,5 … 0;
2,5 … -5;
… 0;
1,7 … -8.

ІІІ. Кез келген теріс сан 0-ден …және кез келген оң саннан…
Мысалы: — 4 … 0; -5 … 2; -3 … 2,5; -2 …
Рационал сандарды салыстыруды пайдаланғанда:
1) Егер а – …сан болса, ол жалпы түрде былай жазылады: а > 0.
2) Егер b – …сан болса, ол жалпы түрде былай жазылады: b 0 немесе а = 0 болса,
|а| = — а, егер а немесе < белгісі арқылы жазыңдар:

1) 8,7 мен 7,8;
2) -4,1 мен 2;
3) 2,9 бен -920 ;
4) -6 мен -11;
5) -18 бен -1,8;
6) -100 бен 0.
ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)

1. Сандар модульдері бойынша қалай салыстырылатынын түсіндір.
2. № 394. Салыстырыңдар:

ІІІ деңгей (5 балл + 4 балл + 3 балл = 12 балл)
1. № 399. Салыстырып, жұлдызшаның орнына тиісті теңсіздік белгісін қойыңдар:
Шығармашылық тапсырма:
1. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.
2. Корзинадағы 7 алманы 7 қызға тең бөліп берді. Бірақ, корзинада 1 алма қалды. Бұл қалай?
3. Әсем поездың басынан санағанда 7-нші вагонға отырды. Марина поездың соңынан санағанда 7-нші вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болғаны?

Тапсырма: №384, №390, №391.