Ашық сабақ тақырыбы: «Рационл сандарға амалдар қолдану және шығарылған есептерге алгоритм құру»

51

Ашық сабақ тақырыбы: «Рационл сандарға амалдар қолдану және шығарылған есептерге алгоритм құру»

 

Сабақтың мақсаты:

 

  1. Білімділік: Теріс сандарды қосу, таңбалары әртүрлі екі санды қосу, рационал сандарды азайту, координаталық кесіндідегі түзудің ұзындығын табу, рационал сандарды көбейту және бөлу тақырыптарын қайталауға берілген есептерді шығарту, компьютерде есептердің алгоритмін құруды үйрете отырып, оқушылардың алған білімдерін тексеру.

 

  1. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық-алгоритмдік ойлау стильдерін, ақпараттық технологияны қолдана білу біліктілігін қалыптастыру. Есептер шығарта отырып оқушылардың есте сақтау, зейін қою, еркін сөйлеу қабілеттерін, өз ойын анық жеткізу, сондай-ақ есту, көру, жазу  дағдыларын дамыта отырып, сабаққа белсенділіктерін және пәнге қызығушылықтарын  арттыру.

 

  1. Тәрбиелік: Оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, мақсатқа жете білуге, өз бетінше еңбектенуге, компьютерді пайдалана алуға тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

 

Сабақтың типі: Қайталау сабағы.

 

Көрнекіліктері: сабаққа қатысты сызбалар, компьютер, интерактивті тақта, деңгейлік кеспе қағаздар, бағалау парақтары.

 

Пәнаралық байланыс: информатика,

 

Оқыту әдістері: Түсіндірмелі сұрақ – жауап, ой-толғаныс,  дидактикалық бірліктерді ірілендіру, деңгейлеп оқыту технологиясы, интерактивті тақтада есептер шығару.

 

Сабақтың өтілу барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

 3-ші тарауда өтілген ережелерді сұрақ-жауап арқылы тексеру.

«Кім жылдам?»  сайысы /теориялық материалдар/

  1. Рационал сандар деп қандай сандарды айтамыз?
  2. Екі теріс санның қосындысы?
  3. Таңбалары әр-түрлі сандарды қосу ережесі
  4. Таңбалары әр-түрлі сандарды азайту
  5. Таңбалары бірдей сандарды көбейту
  6. таңбалары әр-түрлі сандарды көбейту
  7. Таңбалары бірдей сандарды бөлу
  8. Таңбалары әр-түрлі сандарды бөлу
  9. Кез-келген санның нольмен көбейтіндісі
  10. Қарама-қарсы сандар деп қандай сандарды айтады?
  11. Алгоритм дегеніміз не?
  12. Алгоритм қандай сөзден шыққан?
  13.  Қандай Орта Азиядан шыққан ғұламаларды білесіңдер?
  14.   Алгоритмнің қасиеттері?
  15. Алгоритмнің жазылу жолдары?
  16. Алгоритмге өмірден мысал келтір?

 

ІІІ. Бүгінгі сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру.

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, сынып жұмысы деп жазыңдар. Біз бүгін ерекше сабақ өтеміз. Сабағымыздың тақырыбы  «Рационл сандарға амалдар қолдану және шығарылған есептерге алгоритм құру».  Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – теріс сандарды қосу, таңбалары әртүрлі екі санды қосу, рационал сандарды азайту, координаталық кесіндідегі түзудің ұзындығын табу, рационал сандарды көбейту және бөлу тақырыптарын қайталауға берілген есептерді шығара отырып, сол шығарылған есептерге алгоритм құруды үйренесіңдер. Бізге әртүрлі тапсырмаларды орындау қажет болады. Сондықтан өздеріңнің алған білімдеріңді көрсетіп, белсенді түрде қатысып отырыңдар.

 

  1. Сабақты түсіндіру

 

Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі

 

Алгоритмнің графиктік түрде кескінделуі – кең таралған әдіс. Бұл – жазудың түсінікті, анық, көрнекі түрі болып табылады. Алгоритмдерді графиктік жолмен жазудың мемлекеттік стандарты анықталған. Онда кез-келген амал белгілі бір геометриялық фигурамен өрнектеледі. Олар фигуралар немесе блоктар, амалдар немесе операциялар символы деп те аталады. Блоктар бағытталған сызықтармен байланысып, бірінен соң бірі ретімен орналысады. Ақпарат өңдеудің әрбір буыны немесе орындалатын операциялар реті алгоритм схемасымен айқындалады. Алгоритм схемасын оның блок схемасы деп аталады. Алгоритм блоктарының ішінде орындалатын іс-әрекеттің мазмұны жазылады. Блок схемада пайдаланатын фигуралар оның блоктары, ал оларды бір-бірімен қосатын сызықтар байланыс сызықтары деп аталады.

Блоктар кескіндемесі Блоктар қызметі
1

 

Алгоритм басы
2

 

Алгоритм соңы
3

 

Есептеуіш әрекет
4

 

Мәліметтерді енгізу, мәліметтерді шығару
5

 

 

жоқ    иә  

Шартты тексеру

6

 

Циклдың басы
7

 

Көмекші алгоритмді шақыру
8

 

Байланыс бағытын көрсету

 

Алгоритмдік тіл және программалау тілі ұғымы

               Алгоритмдік тіл деп – орындалатын әрекеттерді, амалдарды бірыңғай және дәл жазуға арналған, өз тіліміздің кейбір сөздерімен пайдаланатын белгілер мен ережелер жүйесін айтады. Алгоритмдік тіл бір жағынан табиғи тілге жақын, сондықтан оны қарапайым мәтін түрінде жазады және оқиды. Алгоритмдік тіл – математикалық белгілер сандар, шамалар мен функция атаулары, арифметикалық белгілері, жақша және басқа да символдармен қатар белгілі бір қызмет атқаратын терминдер қамтиды. Алгоритмдік тілде мәтін құруға пайдаланылатын қарапайым белгілер – тілдің символдары деп, ал ондай символдар жиынын – оның алфавиті деп атайды.

 

  1. Оқушылар білімін бекіту.

 

  1. Оқулықпен жұмыс (есептер шығарту).

А,В,С тобынан (тақтамен жұмыс)

№5896 есеп.

№590. Амалдарды орындаңдар:

1) =

 

2)

3)

4)

№596 (1,2)

 

Интерактивті тақтамен жұмыс:

 

+

 

-6 4
-8

 

7

 

 

_

 

-11 12
4

 

-6

 

 

*

 

-5 10
5

 

-9

 

 

÷

 

-20 5
100

 

-200

 

.

 

Тест

  1. Қосуды орындаңдар:-11,6+(-4,8)

А.15,9    В.  -7,1       С.-15,9      Д. 7,1

  1. Азайтуды орындаңдар: -4,7-(-3,1)

А. -1,6      В. 7,8       С.    1,6     Д.  -7,8

  1. Амалды орындаңдар: -5*0,3

А. -1,5     В. -0,15     С.   15      Д.  1,5

  1. Амалды орындаңдар: -1,2/(-4)

А. -3      В.  0,3    С.  3      Д.  -0,3

  1. Теңдеуді шешіңдер: -5/а=-10

А. 2     В.  -2     С. 0,5    Д. -0,5

  1. Сергіту сәті. Оқушыларға логикалық сұрақтар қойылып, жауап алынады.

 

Жолтапқыш әже.

Ертеде  жалғызбасты кемпір өмір сүріпті. Ол байға жалданып бірнеше жыл жұмыс істей жүріп, жиған тергеніне бір сиыр алған екен.

Жазда жұрт жайлауға көшкен кезде , кемпір жалғыз үй жұртта қалыпты. Сол кезде  ұрылар оның жалғыз сиырын ұрламақ болады. Мұны сезіп қойған кемпір ұрылар келген кезде:

  • Құй-құй Құрманға бер,

         Құй-құй, Сарманға бер,

        Босағада отырған екеуге бер,

         Төрт қонаққа бер,

       Өзің іште және маған бер. – деп өлең айтыпты.

Сонда, мұны естіген ұрылар қорқып:

  • Біз бекер келген екенбіз, олар бізден екі есе көп,ештеңе істей алмаймыз,-деп кетіп қалған екен.

Сөйтіп жолтапқыш кемпір ұрыларды осылай алдапты. Ұрылар кемпірдің өлеңін тыңдай отырып,үйде неше адам отыр деп ойлап қалды. Өздері қанша еді?

 

 

 

  1. Үйге тапсырма беру.

 

С тобы (103-105 бет)

«Алгоритм туралы» реферат жазу