Орташа мерзімді жоспарлау

39

Орташа мерзімді жоспарлау

Тізбектелген сабақтар топтамасы күнтізбелік жоспарға сәйкес алынды. Сабақтардың бір-бірімен мақсаттары да, өзара байланысы да бар. Тізбектелген сабақтар топтамасы «Бірмүшелер және көпмүшелер» тарауын қамтиды. Орташа мерзімді жоспарлау 16 сағатқа арналынған.

 

Сабақ № Сабақ  тақырыбы Сағат саны Мерзімі
1 Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі. 1
2 Бірмүшелерді көбейту 1
3 Бірмүшелерді дәрежеге шығару 1
4 № 2 бақылау жұмысы ( 1 -тоқсан қортынды) 1
5 Пысықтау есептерін шығару. Бірмүшелерді дәрежеге шығару тақырыбына есептер шығару. 1
6 1 — тоқсанның материалдарын қайталау 1
7 Көпмүше және оның стандарт түрі 1
8 Көпмүшелерді қосу және азайту 1
9 Көпмүшелерді қосу және азайтуға есептер шығару 1
10 Бірмүшені көпмүшеге көбейту. 1
11 Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару 1
12 Көпмүшені көпмүшеге көбейту 1
13 Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу 1
14 Көпмүшелерд і көбейтуге есептер шығару 1
15 №3 бақылау жұмысы (бірмүшелер және көпмүшелер) 1
16 Пысықтау есептерін шығару. Көпмүшені көпмүшеге көбейту тақырыбына есептер шығару. 1

 

Сабақ жоспарлары білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау, білім беруде АКТ-ны пайдалану, талантты және дарынды балалармен жұмысты қамту, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту, білім берудегі басқару және көшбасшылықты анықтау мақсатында жоспарланды және сабақ өту барысында іс-жүзінде қолдануға негізделген.

 

  • Білім берудегі жаңа тәсілдер

Сабақ барысында сұрақ-жауап, тренингтер енгізу арқылы  диалогтық оқытуды енгізіп, қолдану жоспарланған. Бір-бірімен пікір алмасу нәтижесінде оқушылар білім алудың жаңа тәсілдерімен танысып, өз білімдерін жетілдіреді.

  • Сыни тұрғыдан ойлау;

Тақырыпқа сай бағдарламаны меңгеру мен оның  қолдануы бойынша  кеңейтілген мүмкіндіктерімен таныса отырып, оқушылардың жан-жақты терең ойлануына әсер ету. Сабақта проблемалық сұрақтар қоя отырып, миға шабуыл жасап, ой өрісіне  қозғау салу арқылы оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға икемдеу.

  • АКТ-ны пайдалану;

АКТ-ны пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, білімдерін жетілдіріп  жан-жақты дамуына ықпал ету, қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды меңгеру мен қолдану қабілеттерін арттырып, олардың түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, оқытуды жетілдіру мақсатында жаңа сандық технологияларды қолдану бойынша көмек көрсету.

  • Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау;

Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде белгілеу үшін қолданылады. Сонымен бірге, оқушылардың жұмыс нәтижесін қорытындылау, олардың сабақ турады алған біліміне бағыт бағдар көрсету, өзін-өзі бағалап, орындаған тапсырмалардың жұмысына  талдау жасау. Мұның барлығы сабақ барысында оқушылардың қорытынды жасауына өте қажетті құралдардың бірі. Өзін-өзі бағалау арқылы оқушылар өздерінің тақырыпты қаншалықты меңгергенін анықтап, әрі қарай дамуына бағыт алады. Мұғалім, оқушыларды бағалау кезіндегі түсініспеушіліктерді жоюға көмектесіп, оқушылардың нақты нені  меңгергенін көрсетеді.

  • Талантты және дарынды балаларды оқыту;

Дарынды және талантты оқушыларды анықтайтын өлшемдерді пайдалану;

Ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тиімді қолдану:

  • есте сақтау және білім;
  • өз білімін жетілдіру;
  • ойлау қабілетінің жылдамдығы;
  • мәселені шешу;
  • икемділік;
  • күрделілікке деген сүйіспеншілік;
  • шоғырлану;
  • белсенділік;
  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;

Баланың оқуға және проблемалық сұрақтарды шешуге деген қабілеті. Дәлірек айтқанда, оқуға деген қабілеттілік, сондай-ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты жұмыстар жүргізу.

  • Білім берудегі басқару және көшбасшылық;

Көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше факторлардың түрі жауаптылығы бар немесе жоқ оқушылар деп анықталуы мүмкін:

  • іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;
  • өзгерістер енгізу үшін достарымен стратегиялық шешімдер қабылдауға;
  • бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;
  • кәсіби білімді құруға және таратуға көмектесу;