топтық таныстырылымға қатысу туралы рефлексивтік есебі.

205

 

Ақтөбе қаласындағы №28 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жумагулова Лаура Курмангалиевнаның топтық таныстырылымға қатысу туралы рефлексивтік есебі.    

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасынан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, сенімді сыни пікір-көзқарастары  жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды [Нұсқаулық, 5 бет] Осындай нәтижеге қол жеткізу үшін  мен де «Кембридждік білім беру тәсілін оқыту» курсына келген болатынмын.

Осы Кебридж бағдарламасын оқыту  курсына келгенде тренеріміз біздермен танысып болған  соң,  шағын бес топқа бөлді, бұл бөлінуде бір ерекшелік бар екенін ұғына  бастадым.  Бұдан соң әр топқа қажетті құрал жабдықтар мен таратпа материалдар таратылып  берілді, осыдан-ақ мен бұл курстың ерекше болатынын білдім. Алғашқы болып топта тапсырма орындағанда нені қалай орындау керек екенін, яғни топтық жұмысты орындап көрмегеніміз білінді. Жұмыс топтарда қызу жүре қойған жоқ, себебі біздер ойларымызды жүйелегенмен арада келіспеушіліктер болды, бірақ жан-жағыма қарап басқа топтардың жұмысын көріп, егер былай жасасақ «не болар еді?» деген ұсыныс арқылы  топтық жұмыстың нәтижесін көре бастадық. Топтарымыз күнбе күн өзгеріп отырды, бұл да жұмысты жүйелендіруге, ізгілендіруге септігін тигізді, себебі араларымызда кім көшбасшы, кімнің қолынан не келетіні белгілене бастады. Күніге түрлі тапсырмаларды орындап өз деңгейімізді аша түстік. Ең  бастысы тренер  бұрынғыдай лекция оқымады, тек  тапсырманы беріп, қандайда бір шешімге өзіміздің жетуімізді үйретті, бұл оқытудың жаңа бір түрі екенін күн сайын ұғына түстім. Топтық таныстырылым, тұжырымдамалық карта жасауда жаңашыл идеялармен қанаттанып, әдеби көркем сөздермен қорғауға дағдыландық.

Бірінші бетпе-бет кезеңінде алған білімімді, жинаған ресурстарымды алып мектепке аттандым. Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларды кез келген реттілікпен жүзеге асырдым. Ендігі мақсат үйренгендерімді шәкірттерге үйрету болды. Қазіргі заманның өзгермелі жағдайларында кәсіби әрекетін табысты жүргізетін дербес тұлғаны қалыптастыруды міндет етіп қойып, жұмысты бастап кеттім. Педагогтың тұлғасы көп жағдайда шешуші рөл атқаратынын басшылыққа  ала отырып, мектеп басшылары мен тәжірибелі әріптестерге өз жобам туралы айтып, іске асыруда көмек керектігін айттым. Мектептегі тәжірибе кезіндегі 2-ші тапсырма бойынша өз  класымда «Не ортақ?»,  «Мен сізді таныстырғым … келеді?», «Мен сенімен сұхбаттасқаныма өте қуаныштымын» атты  кіріспе ойындар арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырғанымда оқушылар бір-біріне деген қатынасы артып, сабаққа ынталанып, класта болатын жағдайлардың бәріне белсенді қатысуға кірісті, топқа бөлінуге құлшынысы  артты. Сабақтарымда бұрын жиі қолданбаған топқа бөлудің әртүрлі әдістерін қолдандым, бұл жаңалық оқушыларыма өте ұнады.

Жақсы қарым — қатынастардың кілті өзара түсіністік пен  бірлескен  жұмыста жататындығын ұғынып, «Бәріміз үшін біріміз, біріміз үшін бәріміз» деген ұранды басшылыққа алды. Үшінші тапсырманы орындаған кезде

10«ә» класында алгебра сабақтарында  келесі тәсілдерді қолданған кезде  оқушылардың белсенділігі артып, сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет етулері жақсара түскендігі анықталды.

  • оқушылардың идеяларын зерттеу үшін кейбір «ашық» сұрақтар пайдаланылды.
  • оқушылардың ойлары мен сөздері арқылы білімін көрсету кезінде  «мүмкін», «егер», « бәлкім» деген сияқты сөздерді қолданып , оқушыларды көтермелей отырып, жаңа идеялар ойлап табу үшін жаңа сөздік қорларын ұсындым.
  • оқушылардың материалды өңдеуіне және өз көзқарастарын білдіруіне ықпал жасау арқылы, мысалы, «Сіз бұл туралы қалай білдіңіз?», «Неліктен?», «Сіздің тағы бірдеме айтқыңыз келе ме?» деген сұрақтарға жауап алу арқылы ойлаудың жоғарғы сатысына шығуға көмектестім.
  • Оқушыларға олар күмәнданатын кезде тез қозғалудың орнына сұраққа мағыналы жауапты құрастыруы үшін жеткілікті уақыт берілді.
  • Тақырыпты зерделеу міндеті мен мақсатын оқушылардың түсінуі үшін, класс ауқымында талқылау пайдаланылды.

Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білім деңгейлерін тексеру үшін ғана емес, оларға өз ойларын анық жеткізуге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады. ( Нұсқаулық, 41 бет)

Сабақтың мақсаты мен міндетін тригонометриялық ұғымдарға кесте сыздырып, негізгі ұғымдарға анықтама жазып, жаңа сабақ бойынша формуланы әзірлеп, түсіну дәрежесін  «Бағдаршамның» үш түсіне байланысты бағалады. Тақтада әрбір функцияға есептер жазылды. Оқушылар жаңа кестені дайындады, олар өз түсіну дәрежесі үшін сабақ барысында әзірленген және түсіндірілген бағалау өлшемдерін пайдаланды. Оқушыларға формуланы анықтауда жеке-жеке жұмыс жүргізілді, яғни өз ойларын қағаз бетіне түсіріп баяндап, түсіну дәрежесін анықтайды. Оқушылардың жауаптары: «Менің тригонометрия бойынша тікбұрышты үшбұрыштың шешімін табуым үшін дұрыс әдісті пайдалануым керек. Мен диаграммаларды дұрыс пайдаланып, өзім қолданатын әдістер мен теңдеулерді көрсете отырып, өз жұмысымды дұрыс жоспарлап, есептеулерді жасау барысында неғұрлым аз қате жіберуім керек.»

«Мен, әдетте, дұрыс әдісті пайдаланамын және өз жұмысымды тиісті түрде көрсетемін, менің формулаларды анық және мен өз жұмысымда оларды жиі қолданамын».

«Менің синусты тангенспен шатастырмайтыныма көз жеткізуім керек. Мен күрделі формулаларды анықтай отырып, есеп шығаруда   дұрыс қолдана білуге тиістімін». Олар мақсатына қаншалықты жетті, олар нені дұрыс жасайтынын, ал нені дұрыс жасамайтынын өздеріне бағалау жасау арқылы анықтап алды. Мен де оқыту тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын қарастырудамын. Оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын еркін және ерікті түрде білдірсе екен деп ойлаймын. Тек білдіру емес, сонымен бірге өз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде де асыра алатын тұлға болып қалыптаса алса, онда менің  де сыни тұрғыдан ойлауым биік мақсатқа ұмтылғаны  болмақ.

Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме бойынша сабақты тригонометриялық теңдеулерді шешу тақырыбында өткіздім.

Ол үшін «Қос жазба күнделігі» стратегиясын пайдаландым. Тақырыпты оқығаннан кейін оқушылар  дәптерлерінің ортасынан вертикаль сызық жүргізеді. Тақырыпты оқу барысында  оқу олар сызықтың бір жағына теңдеуді шешуге қажетті формулаларды  жазса, екінші жағына  мәндер кестесіне байланысты тағы да  қорытып шығаруда пайда болған формулалар жиынтығын жазады. Барлық оқушы тапсырманы орындап болған соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылды.Сонан соң Блум таксономиясы бойынша  жұптарға оқулықтағы есептерге талдау жүргізілді. Оқушылар сабақта «қалай оқу керектігін үйренуді»  меңгерді және дағдыланды. Яғни метатаным пайда болады. Өздері ой қорытты, нәтижеге жетуге ұмтылды. Топтық жұмыс арқылы оқушы мен оқушы арасында, жұптық жұмысты пайдалану арқылы мақсатқа қол жеткізе алдым. Нәтижесі таңғаларлық! Оқушылар мен күткеннен де артық әсер алды. Өз ойларын Блум таксономиясы негізінде құрылған сұрақтарға толық жауап берді.  Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алды. Сабақта «үнсіз» оқушылар «сөйлеп кетті».

«Тригонометриялық функциялардың графиктері» тақырыбында оқушыларға деңгейлеп оқыту бойынша, алгоритмдік деңгей, танымдық деңгей, эвристикалық деңгей аясында қарастырылған тапсырмаларды орындау интерактивті тақта бойынша жазылып, эталон арқылы тексерілді. Деңгейлік тапсырмаларды орындауда Ырысты тақырыпты меңгеріп, алгоритмдік деңгей есептерін шығара алды, яғни міндетті деңгейді орындай алды. Рустам барлық тақырыпты меңгергенін көрсетіп, алгоритмдік деңгейден танымдық деңгейге ұмтылып тапсырманы тиянақты орындады , Айманға алгоритмдік және танымдық деңгейлер орындауға оңай соғып, білімнің жариялық, әділдік қағидалары сақталған эвристикалық деңгейдегі есепті шешу даму қағидасын қамтамасыз етті.    «Олардың қолынан келген нәрсе менің де қолымнан келеді» деу – өзін басқа біреумен салыстыру үдерісінің негізі. Адамдардың қандай да бір салада болсын табысқа жеткен біреуді көрсе, өзіндік тиімділік деңгейі арта түседі (Нұсқаулық 27 бет). Талантты деп танылған  Айман өзі қол жеткізген жетістікте, тобында бірлесіп жұмыс істеген Рустам мен Ырыстыға  оқушы жетістігі аталмыш жұмыста айқын көрінуі үшін  өз жетістігін нақтылап көмек қорын ұйымдастырып отырды. Осыдан байқағаным топ оқушылары сәтті де, табысты орындалған жұмыстың «өзіндік тиімділігін» арттырып, бірлескен  оқу барысында өзіндік орнын қалыптастырды. Топта бірлесе жұмыс жасау мен топтық таныстырылым ұсынған кезде  өткізілген сабақтарым оқушыларымның білімге деген қызығушылық қабілеттерін арттырып, шығармашыл, ізденгіш, біреудің пікірін сыйлай білетін, құнды пікір айта алатын, көпшіл тұлға тәрбиелеуге мүмкіндік берді.

Тәжірибеден кейінгі екінші бетпе-бетте оқушылардың орындаған тапсырмаларына талдау жасау үшін тұрақты топ құрдық, яғни алты топқа бес-бестен бөлініп, күнде сол топтармен жұмыс жасадық. Топпен біңрлесе жұмыс жасап күнде мектептегі тәжірибе кезіндегі тапсырмаларды рет-ретімен талқылап,  ой қорыту жұмыстарын жүргіздік. Әріптестер арасында топтық жұмыс орындағанда кезекпен сөйлеу, белсенді тыңдау, сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау, түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну, топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу, дәйекті айғақтар келтіру идеяларын жүзеге асырдық. Алдағы уақытта модульді қорғағанда көмек болсын деп таңдаған модульдерімізге топтық таныстырылым жасап, топ алдында талдадық. Ұстаздар мен тренер тарапынан ұсыныс пен көмек көрсетіліп отырды.

Қорыта айтатын болсам, ұстаздар  алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға қортынды жасай отырып, топта бірлесе жұмыс істеу тиімді болатынын ұқты.

Бұл оқудың бізге берері мол. Сондықтан өзім осы курстан алған ілімімді тәжірибеме толығымен енгізгім келеді. Мен үшін аталған Бағдарлама мені өз жұмысымды дұрыс ұйымдастыруға, талдау жасауға сонымен қатар уақыттың тиімді пайдалануын қадағалауға бағыттады. Сондықтан білімімді жетілдіруді тоқтатпай, ары қарай дамытамын.