Теңдеулер шешу әдістері

62

Математика пәні мұғалімі Искакова Д.Р  11-класс

Сабақтың тақырыбы: Теңдеулер шешу әдістері

Сабақтың типі:           Жаңа білім беру

Сабақтың мақсаты: — Теңдеулер шешудің негізгі тәсілдерін жалпылау. «Салдар — теңдеу» ұғымымен таныстыру, теңдеулерді салдар-теңдеуге келтіру үшін оларды түрлендіруді үйрету.

  • Оқушылардың білім,білік дағдысын жетілдіру, ойлау қабілетін дамыту
  • Ізденуге,тапқырлыққа баулу.

Сабақтың әдісі: Топтау. Сын тұрғысынан ойлау.

Көрнекілігі: Плакат-таблица , тест тапсырмалары

Сабақтың барысы:   1. Ұйымдастыру

  1. Жалпы білім тексеру(Ой қозғау, ассоциация құру)

3.Жаңа сабақ түсіндіру ЖИКСО (қызығушылығын ояту)

4.Бекіту (мағынасын ашу)

  1. Үйге тапсырма беру

6.Қорытындылау.

 

  1. Ассоцация құру:
     Теңдеулер
Алгебралық теңдеулер
   Трансценденттік теңдеулер
Рационал теңдеулер
Ирроционал теңдеулер
Бүтін теңдеулер
Бөлшек-рационал теңдеулер
Сызықтық теңдеулер
Квадрат теңдеулер
Жоғарғы дәрежелі теңдеулер
Тригонометриялық теңдеулер
Көрсеткіштік теңдеулер
Логарифмдік теңдеулер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кейбір теңдеулер шешу жолдарын атап кету.

 

  1. Көптеген теңдеулерді түрлендіру «салдар-теңдеу» ұғымымен байланысты.

Анықтама: Егер ƒ (x) = g (x) теңдеуінің әрбір түбірі  p(x)=φ(x) теңдеуінің түбірі болып табылса, онда соңғы теңдеу алдыңғы теңдеуге қатысты салдар-теңдеу деп аталады.

Салдар теңдеуге келтіретін кейбір түрлендіруді қарастыру үшін ЖИКСО әдісін қолдану.

Топтарға тапсырма беру.

  1. Теңдеуді натурал дәрежеге келтіру
  2. Теңдеуді логарифмдеу және потенциалдау
  • Формулаларды қолдану

Берілген тапсырмалардлы оқу, талдау түсіндіру, мысалдар қарастыру.

 

Бірнеше түрлендіруді қолдану әдісін қарастырумен жаңа білімді қорытындылау.

Мысалы: √х+1+√х+6=√2х+9  тендеуін шешу.

 

4.Мағынаны ашу(есептер шығару)

№328,329,330  (1)

Тест алу:

                                           

Тест тапсырмалары

  1. √x-3=1+√x-4
  2. log5 (4x-3)=1
  3. 9ª-6=3ª
  4. logx-14=2
  5. log3(2x-5)=2
  6. √x+2-√x-6=2
  7. log3(2.5x+3)=1
  8. 32ª-16

2x+3          2x

  1. 3 -5*3  =66
  2. log3(5x-3)=3

Тест жауаптарының шешімі дұрыс болса Астана, Алматы, Азиада сөздері шығады.

Тест шешімі:

4 2 3 4 0,8 4
4 0,5 5 4 3 0

 

 

4 1 7 4 6 4

 

Бұл біздің биылғы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы үстінде өткізілген үлкен іс-шара. Еліміздің мақтанышы мен жетістігі дей келе Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап кету.

Бағалау:

5.Үйге тапсырма беру: №331-333

6.Қорытындылау: сөйлемді аяқтау: Бүгін мен…….