« Жай бөлшектер » тарауына есептер шығарту

110

Сабақтың тақырыбы:  « Жай бөлшектер »   тарауына есептер шығарту

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың есептерді

шығарудағы логикалық ойлау қабілеттерін, есте сақтау және

зейін қою қабілеттерін дамыту.Практикалық дағдыларын

қалыптастыру, пәнге деген  қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы өзіндік

ізденістерін қалыптастыру. Сын тұрғысынан саралай білуге

тәрбиелеу.Бір-біріне достарына көмек көрсетіп, топ, ұжым

болып бірлесіп, тату-тәтті жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше жұмыс

жасауға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Топтық сайыс сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта,таратпа материалдар,

Сабақтың жоспары:

  • Ұйымдастыру
  • Үй тапсырмасы “Қайталау – оқу айнасы”
  • “Білім көзі кітапта” (кітаппен жұмыс)
  • Деңгейлік тапсырма
  • Сабақты қорытындылау
  • Үйге тапсырма
  • Бағалау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

   Оқушылардың сабаққа даярлығын,қатысуын шолып өту,құралдарын тексеру.

  Бүгінгі сабақ топтық сайыс,ойын сабағы.Оқушыларды үш топқа бөлемін.

І топ. « Дұрыс бөлшектер » тобы.

           Ұраны:  «Білікті бір есеп шығарар,

                           Білімді мың есеп шығарар »

Таныстыру: Бөлшектің түрлеріне енді келсек,

                      Алымы мен бөліміне көңіл бөлсек.

                     Алымы кіші ьолса бөлімінен.

                    Шығады онда нағыз дұрыс бөлшек.

ІІ топ. « Бұрыс бөлшек » тобы.

           Ұраны: « Қандай сынақ болса дағы беріспе,

                           Әрқашанда үміткерміз жеңіске»

Таныстыру: Он цифрмен жаза аласын оларды,

                      Қатарлары бір – бірлеп-ақ толады.

                     Егер олардың бөлімі тең,не одан үлкен болса,

                    Шығады онда бұрыс бөлшек.

ІІІ топ.  « Аралас сан » тобы.

              Ұраны: « Білекті бірді,білімді мыңды жығады »

Таныстыру: Бүтін,бөлшек бөліктерден

                      Бөлшек сызығы айырып тұрады.

                     Осы санды кім біледі,

                    Аты қандай болады?

                          Бұл сан « Аралас сан»

 

 

 

 

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.(слайд 5)

                 

Сол жақтағы 10 — Қандай сандар 2-ге бөлінеді?

Жауабы: Жазылуы жұп сандармен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінеді.

Ортадағы 10 — Қандай сандар 5-ке бөлінеді?

Жауабы: Жазылуы 0 цифрмен немесе 5 цифрмен аяқталатын натурал

сандар 5-ке бөлінеді.

Оң жақтағы 10 — Қандай сандар 9-ға бөлінеді?

Жауабы: Цифрларының қосындысы 9-ға бөлінетін натурал  сандар

9-ға бөлінеді.

Сол жақтағы 20- Жай сандар деп қандай сандарды атайды?

Жауабы :1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды

Ортадағы 20 — Құрама сандар деп қандай сандарды атайды?

Жауабы: Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар құрама сандар деп аталады

Сол жақтағы 20- Қандай сандарды жұп сандар, тақ сандар деп атайды?

Жауабы: 2-ге бөлінетін натурал сандарды жұп сандар деп атайды.
2-ге бөлінбейтін натурал сандарды тақ сандар деп атайды.

Оң жақтағы 30 – Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу деген не?

Жауабы: Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу – оны тек қана жай

сандардың көбейтіндісі түрінде жазу.

Ортадағы 30 – Қандай сандар берілген сандардың ЕҮОБ деп аталады ?

Жауабы: Берілген натурал сандардың ЕҮОБ деп сол сандардың әрқайсысы

бөлінетін ең үлкен натурал санды айтады.

Оң жақтағы 30 —  Берілген натурал сандардың ЕКОЕ деп қандай санды атайды ?

Жауабы: Берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік болатын ең кіші

натурал санды сол сандардың  ЕКОЕ деп атайды.

ІІІ. « Білім көзі кітапта »    -кітаппен жұмыс.

І топ.              № 452  (1 )

ІІ топ              № 452 ( 2 )

ІІІ топ              № 452 ( 3)

 

ІV. Деңгейлік тапсырмалар.

 

І деңгей. ( 5 ұпай )

  1. Бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жаз:

ә)           б)

  1. Аралас сандарды бұрыс бөлшек түрінде жаз:

а)               ә)       б)

ІІ деңгей        ( 10 ұпай )

 

  1. Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтір.

а)

 

  1. Жай көбейткіштерге жікте:

628             716

 

 

 

 

ІІІ деңгей.    ( 15 ұпай )

  1. 51 мен 68 сандарының ЕКОЕ тап.
  2. 84 және 280 сандарының ЕҮОБ тап.
  3. Теңдеуді шеш: а)      б)

 

  1. Сабақты қортындылау. Aktivote құралымен тест  жұмысы.
  2.   қандай бөлшек ?

а ) дұрыс                     б ) бұрыс                в) аралас сан

  1. қандай бөлшек ?

а ) дұрыс                     б ) бұрыс                в) аралас сан

  1. қандай  сан ?

а ) дұрыс                     б ) бұрыс                в) аралас сан

  1. Бөлшектерді салыстыр:

 

а)                    б)              в)

 

5.Бөлшектерді салыстыр:

 

 

а)                     б)            в)

  1. Теңдік тура болатындай жұлдызшаның орнына тиісті натурал санды қойыңдар.

 

а) 20                              б) 15                       в) 30

 

Жауаптары:                1. а        2. б     3. в   4. а   5. б      6. а

 

VІ. Үйге тапсырма.        Ережелерді қайталау.         № 599

VІІІ. Бағалау.