Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу.

69

Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу.

Мақсаты: 1. білімділік: екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін құру және алмастыру тәсілімен есепетер шығара блуге үйрете отырып дағды қалыптастыру;

2.Дамытушылық: өздігінен есептеу, ойлау қабілеттерін арттыру, пәнге қызығушылығын, танымдық шығармашылық белсенділігін арттыру;

  1. тәрбиелік: мәдениеттілікке, сауатты жазуға, ізденімпаздық пен шапшаңдыққа тәрбиелеу, дүниетанамын кеңейту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ;

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, математика, информатика.

Оқыту технологиясы: деңгейлеп-саралап оқыту;

Көрнекіліктер: планеталар суреті, интерактивті тақта;

Сабақ барысы: Ұйымдастыру: сынып оқушыларын түгендеп, сабаққа зейінін жинақтау.

Сұрақ: Күн жүйесінің құрамындағы қандай планеталарды білесіңдер?

Жауап: «Жер» — бұл Күн жүйесінің құрамындағы 9 планетаның бірі. Жер Күннен қашықтығы бойынша үшінші планета. 1 тәулікте өз осін бір рет, 1 жылда Күнді толық 1 айналып шығады.

І тапсырма. Пысықтау сұрақтары:

— екі айнымалысы бар теңдеу дегеніміз не?

— екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері?

— теңдеу шешудің қасиеттерін атаңдар.

— Мына сандар жұптарының (3,0), (-4,4), (5,-2), (6,-4) қайсысы 2х+3у=4 теңдеуінің шешімі болады?

 

ІІ тапсырма. Үй тапсырмасы №1512 (1)

3(-4y)+7y=10    -12y+7y=10     -5y=10      y=-2   x=8    (8; -2)

 

«Марс» — диаметрі жағынан Жерден 2 есе кіші. Марсқа автоматты станция зертханалар жіберіліп, Жерден жіберілген бұйрық бойынша радио, теледидар арқылы Жерге жеткізіп отрды. Марстың қазақша аты — «Қызыл жұлдыз».

І тапсырма. №1515

ІІ тапсырма. Әзіл есеп. №1518

 

«Юпитер» — қазақша аты «Есекқыран». Ол диаметрі бойынша Жерден 11 есе, ал массасы бойынша 300 есе үлкен. Басқа планеталар сияқты өз осі төңірегінде өте тез айналады. Жерден қашық орналасқан.

Деңгейлік тапсырмалар:

№1500

№1512

№1523

 

Сергіту сәті: Сатурн планетасының тапсырмасы. Тест тапсырмасы – «Дұрысын анықта»

 

Лото ойыны: Қызыл кітапқа енген мына аңдардың ішінен Қазақстанда мекендейтін ең ірі жабайы аңды атаңдар.

Архар (4;7), құлан (4;2), жайран (2;4)

Бұл сұраққа жауап беру үшін мына теңдеулер жүйесін шешу керек:

жауабы: (4;2)

 

Құланның биіктігі 1,5 м, салмағы 150-170 кг, мүйіздерінің арасы 1,5 см, мүйізінің салмағы 20 кг болады.

 

Үйге тапсырма: №1510 (2), №1513

 

Қорытындылау:

 

Оқушыларды бағалау.