Сабақ тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану

71

Маңғыстау облысы

Мұнайлы ауданы

№7 орта мектептің

математика пәні мұғалімі

Алдабергенова Дина Ергалиевна

 

Сыныбы: ____6__________            Пәні: __математика_______

 

Сабақ тақырыбы: Рационал сандарға  амалдар қолдану
Сабақ мақсаты: Бір айнымалысы  бар сызықтық теңсіздіктерді және бір айнымалысы бар теңсіздіктер жүйесін түрлендіре отырып шешуге үйрену және ос тақырыптарға берілген есептерді өз бетінше  шығара білу дағдыларын қалыптастыру
Табыс критерийлері: —          әр түрлі сандарға амалдар қолдануды меңгереді;

—          өз беттерінше есептер шығара білуге қалыптасады;

—           сандар жөніндегі білімдерін кеңейтеді;

Түйінді идеялар: Оқушылардың топпен жұмыс істеуге, сыни тұрғыдан ойлануға бағыт бағдар беру
Әдіс-тәсілдері:  Топқа бөлу, сұрақ қою, талдау-талқылау, ойын элементтері
Негізгі дереккөздер: 6 – сынып оқулығы, қосымша оқулықтар, интербелсенді тақта

 

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Топқа бөлінуге нұсқау жасайды «Пазл жинау» тәсілі /Қиып бөліп тастаған бөліктерден бүтін сурет құрастыру/
Миға шабуыл. Өткенді еске түсіру.

Әр топқа «Сақина ойыны» беріледі.

Сұрақтарға жауап береді.

Сақинадағы белгісіз сандарды дөңгелекшелерге қойып, есептеп табады.  Әр топ бір-бірін бағалайды. Жауаптардың дұрыстығы тексеріледі, топ аралық бағалау жүргізіледі. «Бағдаршам» стратегиясы қолданылады.

«Кубизм» тәсілі

1.      Теріс сандардың қосындысы    теріс сан

2.      Кез-келген теріс сан оң саннан кіші

3.      а  кез — келген теріс сан нольден  a< 0

4.      Қарама – қарсы сандардың қосындысы 0-ге тең

5.      Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі   теріс  сан

6.      Таңбалары бірдей екі сандардың бөліндісі   оң сан

Өткен тақырып бойынша түйген ойлары мен түсінбеген сұрақтарына байланысты   пікірлерін айтады, ортаға салып, түсініктерін тереңдетеді.
 Топтық жұмыс

Әр түрлі есептерді топтарға бөліп беріп, постер таратады.

1-топ:

1. Амалды орындаңдар:
 

2. Шаршының қабырғасы АВ. Оның ұштары А(-3,4), В(5,6). Шаршының ауданын және периметрін табыңдар. Бірлік кесіндіні 1 см деп алыңдар.

2-топ:

1. Теңдеуді шешіңдер:

 

2. Шеңбердің центрінің координатасы О(-3)- тең. Шеңбер координаталық түзумен В(1) және С(-7) нүктелерінде қиылысады. Шеңбердің ұзындығын, дөңгелектің ауданын табыңдар.

3-топ:

1. Өрнектің мәнін табыңдар:

, мұндағы  a= -2,  в= -1

2. Шеңбердің центрі координаталық түзуде 3-те орналасқан: О(3). Егер шеңбер диаметрі 8-ге тең болса, шеңбер координаталық түзуді қандай нүктелерде қиып өтеді.

Жұмыстың орындалуын қадағалайды, бағыт береді.

Әрбір топ берілген есептерді

шығарады, түсіндіреді.

Постерде орындаған жұмыстарын тақтаға іліп, қорғайды. Топ аралық бағалау болады.

«Кім жылдам»

I- топ II- топ III- топ
-2,75+(-0,25)=

-100+99=

18+(-10)=

-18+10=

100+(-100)=

  0+(-999)=

2)      -0,72*(-1)=

-8*(-5)=

*(-10)=

0:100=

-12:3=

-5*(-5):5=

-5*(-5):(-5)=

-10*10=

25:(-5)=

Ауызша есептеу
«Не білдім? Не білгім келеді?» кері байланыс стикерін таратады.

Үй тапсырмасын береді.

Тақырыпты қалай түсінгенін стикерге жазып, тақтаға жапсырады.