Бірмүше мен көпмүшенің көбейтіндісіне есептер шығару

130

 

Сабақтың тақырыбы: Бірмүше мен көпмүшенің көбейтіндісіне есептер шығару.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылардың бірмүше, бірмүшенің стандарт түрі, көпмүше және оларға амалдар қолдану, көпмүшені көбейткіштерге жіктеу жөнінде алған білімдерін тереңдету. Теориялық білімін практикада қолдана алуын ұйымдастыру,  есептер шығара алуына көмектесу.

 

  1. Оқушының ой — өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдан білу дағдысын қалыптастыру.

 

  1. Шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа баулу, ұжымдық ауызбіршілікке тәрбиелеу.

 

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

 

Сабақтағы әдіс-тәсілдер: ой қозғау, жеке жұмыс,деңгейлеп оқыту.

 

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, формулалар, таратпа тапсырмалар.

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

№ 223.

2) -2a2b(8a3-4a2b2-3ab2+5b3= -16a5b+8a4b3+6a3b3-10a2b4

4)-5abc(4ab2c-7a2bc2+3a2bc= -20a2b3c2+35a3b2c3-15a3b2c2

 

№224

1)a(a+b)-b(a-b)+2(b-a)= a2+ab-ab+b2+2b-2a= a2+b2+2b-2a

3)2xy(2x2-5xy)-3xy(7xy-y2)= 4x3y-10x2y2-21x2y2-3xy3= 4x3y-31x2y2-3xy3

 

№225

1)

3) -2b(a3-2b)-b(a3+4b2)= -2a3b+4b2-a3b-4b3= -3a3b+4b2-4b3

5) 5x(6x+3y)+3y(2x-4y)-6x(5y-2x)= 30x2+15xy+6xy-12y2-30xy+12x2=42x2-9xy-12y2

 

№226

2) 15a2-25a2b2-10a3= 5a2(3-5b2-2a)

4)14m2n-21mn2-35mn3= 7mn(2m-3n-5n2)

6) 8x4y3-12x2y2+16x3y2= 4x2y2(2x2y-3+4x)

 

 

 

ІІІ. Ой ширату: Өтілген тақырып бойынша сұрақтар.

  1. Бірмүше дегеніміз не?
  2. Бірмүшенің дәрежесі?
  3. Бірмүшенің стандарт түрі?
  4. Көпмүше дегеніміз не?
  5. Екімүше?
  6. Үшмүше?
  7. Бірмүшені көпмүшеге көбейту?

 

  1. Өткенді саралау:

Графикалық диктант.     Ʌ-иә      _  -жоқ

  1. 7а- бірмүше
  2. 4-коэффициенті -4
  3. -3аb3-дәрежесі – 3
  4. 1,09 -бірмүше емес
  5. x — коэффициенті -0
  6. a+b+z — үшмүше
  7. 9аb-5bс+2а-6с- көпмүше
  8. 8. аb-ac =a(b-c)-дұрыс па?

 

  1. Білгенді қолдану:
  2. Білгенге маржан:

Көпмүше түріне келтіріңдер:

  1. 9х·(8х+6)=72□2+54x
  2. 7y·(5x+3y+z)= 35xy+21□2+7yz
  3. -4x·(2х2-5х+3)= -8□+20х-12х
  4. 2ab·(2a2-5ab+b2)= 4a3b — 10a2b2+2a□

 

  1. Тапқыр болсаң тауып көр:

№ 224 есеп Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарыңдар:

  1. 4a+3a2= ∆·(4+3a)
  2. 5a2-15a= ∆·(a-3)
  3. 0,5x3-2,5x= ∆·(x2-5)
  4. –m2n2 – mn=∆·(mn+1)

 

 

 

 

 

  1. Қорытындылау:

Математикалық диктант:

  1. Сандардан, айнымалылардан және олардың дәрежелерінен көбейту арқылы құрастырылған өрнек … деп аталады
  2. Бірмүшелердің қосындысы … деп аталады.
  3. Бірдей немесе коэффициенттері ғана өзгеше бірмүшелерді … деп аталады
  4. Бірмүшені көпмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшенің … мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді …

 

VII. Үй тапсырмасы:

№ 227-231

VІII. Бағалау.