М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі.

126

Сабақтың тақырыбы:  М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі.

Сабақтың мақсаты:

1) Әңгіме мазмұнын меңгерте отырып, ондағы берілген өзекті ойды анықтау. Жазушының әлемдік деңгейдегі суреткер екендігін дәлелдеу.

2) Табиғатты сүюге, оны қорғауға баулу. Жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.

3) Шығармашалық қабілеттерін дамыту, іздендіру, өз пікірлерін қорғауға дағдыландыру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, пікірлесу.

Сабақтың көрнекілігі: Анықтама, жоспар, тірек-сызбалар. Сурет, кітаптар.

Сабақтың барысы:   

І.Ұйымдастыру.

ІІ. Жаңа сабақ. Қорытындылау.

М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі.

Көксерек – табиғаттың тағы перзенті. Сабақ 3 бөлімнен тұрады.

І. Талдау.

ІІ. Жалғау.

ІІІ. Самғау.

Алдымен бүгінгі сабағымызға байланысты Анықтама бетін ашамыз.

Анықтама:  Мұхтар Әуезов  (1897-1961)

Туған жылы – 1897

Туған жері – Семей облысы, Абай ауданы.

Әңгімесі (таңдаулы) – «Көксерек» — 1929ж.

Тақырыбы: Қасқыр – Табиғат – Адам.

Кейіпкерлері: Құрмаш, әжесі, Қасен, ауыл адамдары, Көксерек, Аққасқа.

Өнер туындысы: «Көксерек» кинофильмі. Қырғыз кинофильмі.

Режиссері: Толоуш Океев

Құрмаш ролінде: Қамбар Уәлиев.

Әлем әдебиетінде:

Ш.Айтматов – «Жан пида» романы,

Джек Лондон – «Ақ азу» хикаяты,

О.Сүлейменов – «Бөлтіріктер» өлеңі.

Енді сабағымызды бастаймыз.

  1. Талдау бөлімінде әр топқа сұрақ беріледі. Сол сұрақ бойынша топ мүшелері өз ойларын ортаға салады.

Мақсат: Осы сұрақтарға жауап бере отырып, әңгіменің негізгі идеясын, яғни әңгімедегі өзекті ойды анықтау.

Сұрақтар:

  1. Дала тағылары мен адамдар іс-әрекетіндегі ұқсастық неде?
  2. Көксеректің жойқын дүлей күшке айналу себебі.
  3. Құрмаштың қайғылы тағдырына кім кінәлі?
  4. Жалпы табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар.

Талдау әдістері:

  • Венн диаграммасы,

тірек-сызбалар,

пікірталас ұйымдастыру,

өз болжам, жобасын ұсыну.

Қорытындылау.  Сонымен, сұрақтарға жауап бере отырып, біз мынадай түйін жасаймыз.

Жазушы оқырманға не айтпақшы?

Жазушының жан айқайы не?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Екеуінің арасындағы байланыс. Қандай болу керек?  Екеуінің арасында үндестік, үйлесім, өз заңдылығы болу керек екен. Ол заңдылық еш уақытта бұзылмауға, сақталуға тиісті!

Жазушы, егер бұл заңдылық сақталмаса, оның жақсылыққа апармасын ескертеді.

ІІ. Енді сабағымыздың 2-ші «Жалғау» бөліміне көшейік. Жазушы ойын жете түсіне білу үшін, көңілге түю үшін көңіл көзімізді ашып, жүректегі сезімді оятамыз. Ол үшін мәтіннен үзінділер келтірелік. Жатқа мәнерлеп оқу.

  1. «Қасқырлар мекені».
  2. «Көксерек – көкжал қасқыр».
  3. «Құрмаштың қайғылы тағдыры».
  4. «Көксеректің өлімі».

Адам және табиғат. Үндестік заңы. Бұл – жер бетіндегі барша адамзат үшін, оның ұрпағы үшін өте маңызды мәселе. Өйткені ол тіршілік үшін, оның тыныштығы үшін қажет. Жазушы бүкіл адамзат баласы үшін маңызды мәселені көтеріп отыр. Бұл тақырыпқа әлем әдебиетінің ең көрнекті өкілдері де қалам тартқан. Олар: Ш.Айтматов, Джек Лондон, О.Сүлейменов.

Жеке оқушыларға тапсырма берілген болатын. Тапсырма: жоғарыдағы жазушылардың шығармаларын оқып, «Көксерек» әңгімесімен салыстыра талдау. Сөз кезегін осы оқушыларға берелік:

  1. Ш.Айтматов «Жан пида» романы.
  2. Джек Лондон «Ақ азу» повесі.
  3. О.Сүлейменов «Бөлтіріктер» өлеңі.

Сонымен, оқушылар бұл жерде жазушының және оның шығармасының құндылығын байқаймыз. Әңгіме арқылы жазушының әлемдік деңгейдегі ірі суреткер-жазушы екендігін таныдық.

ІІІ. Енді сабағымыздың соңғы бөліміне келдік. Жазушымен, оның шығармасымен таныстық, талдадық, баға бердік. Ал сонда бұдан қандай әсер алдық? Енді сол туралы әңгімелейік.

Тақырыптар:      «Жазушымен сырласу»,

«Табиғат және Адам»

Ол үшін мына бір өлең жолдарын ұсынамын:

Жазушымен сырласу,

Табиғатқа тіл қату,

Адамдарға үн қату.

  1. Мұхтар ағаға. Ұлы ұстазға өлең шумақтары.
  2. «Қиянат қасіреті».
  3. «Ізгілік бастауы».
  4. «Табиғат тыныштығын сақтайық!».

Сонымен, балалар біз өз сөзімізді айттық, өз дауысымызды бердік, үнімізді қостық.

Сөзімізді былайша аяқтасақ:

Табиғат – Ана!

Табиғаттың сырын танып білейік,

Табиғаттың тілін ұғып көрейік.

Тыныштығын сақтап өмір-өзеннің,

Ізгіліктің шамын жағып жүрелік!

 

Тапсырма. Шығарма. «Көксерек – табиғаттың тағы перзенті».

Бағалау. Әр топ, топ мүшелері бағаланады.

Сабақ аяқталды.

Үйге: «Менің әңгімеден алған әсерім».

Қорытынды.

Адам  рухани дүниесін сыртқы табиғат құбылысын тану арқылы қалыптастырады.    

Шыңғыс Айтматов.