Жыр мұхитының жүрдек кемесі поэзия кеші

102

Жыр мұхитының жүрдек кемесі поэзия  кеші

Мақсаты:

Ақиық  ақын  М. Шахановтың  өмірімен  өзектес

жырларының  құдіретін  сезіну, өміршеңдігін, адам

тіршілігіндегі  маңызын,  тіл  шұрайын  таныту, үлгі

алу;

Ұлттық  қазынаға,  талантты  тұлғаларға  құрметпен

қарауға,  арлылық пен инабаттылық  кішіпейілділік

пен  адалдық сезімдерін  сезіне  отырып,  бойға

сіңіре  білуге  тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:

Ақын  суреті,  шығармалары, М. Шаханов  туралы  лебіздер  жазылған  плакаттар.

 

Түрі:  поэзия  кеші

 

Өтілу  барысы:

  • жүргізуші:

О, сұлу  поэзия, сазды  әуен!

Кескіні  мен  келісімі  жымдасқан  айнымас асыл  жүректі  дір  еткізерлік  жауһар  жырды  көксемейтін  жан  бар  ма?!  Тәңірі  ерек  дарын  сыйлаған  арқалы  ақындар  қай  ғасырда  да  өз  заманымен  бірге  жасап,  өсіп,  өнеді,  өрлейді,  өршіл  рухтағы  қанатты  жырларын  үздіксіз  тудырады!….

 

Уақыт  мынау  алас  ұрған

Қай   мінезін  басым  етті?!

Егер  адам  баласынан

Екі  ұлы  қасиетті,

Екі  ұлы  шапағатты –

Достық  мене  махабатты

Шегерсек  не  болмақшы?!

Күрт  өзгеріп  заман  тіптен,

Бар  тіршілік  басып  ессіз  тайраңға

Сол  сәтінде – ақ  адам  біткен

Айналмай – ма   хайуанға?!

Дүниенің  күлін  көкке

Ұшыратын  бұл  індетке,

Аз  ба  жерде  қарсы  тұрар  игі  істер

Тек  қарнымен  тыныстайтын,

Достасуға  тырыспайтын,

Жұрттың  бәрі  қылмыскер., — деп  жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдарының басында поэзия патшалығына өз даусы, өз болмысы, өз соқпағы, өз үнімен дарабоз арғымақтай екпіндете енген ақын – М. Шаханов. Жырқұмар оқырманның сүйіспеншілігіне бөленгелі қа – ша – ан?!

Ал бүгінгі  Шаханов  ше?

2-жүргізуші.

Асқақ  ұстап  жастық  туын,

Алпыс  таудан  астық  бүгін,

Алла білер,  алдымызда  енді  қанша  қалды  тау,

Барлық  батыл  ойларыңның  алды-күрес, арты-дау.

Кейде албырт  Батырлық  та Тасырлықпен кетпекке

Оймен, мұңмен көз тастайды Рух атты мектепке.

Ол мектептің түсі жадау, терезесі қираған,

Ішінде даңқ сыцғанымен, даңқы байлық жимаған.

Содан оған жұрттың көбі құлақты емес баруға

Шу менен Бу дес бермейді мектеп партын тануға.

Сол мектептің ұстазы едік, нәпсіге бас имеген,

Аңқау, сенгіш адамдығын қайсарлығы сүйреген.

Күллі рухсыз биліктедің парқы, даңқы сұйықтау,

Біз шыққан тау-Шындық тауы. Барлық таудан биік тау.- деп толғанды Т.Әбдікке арналған «Рух мектебіндегі мұң» атты өлеңінде. Осы өлеңнің өзі бұгінгі Шахановтың  ақындық, азаматтық тұлғасын танытқандай.

Ақынның өнегелі өмірі туралы дерекке назар аударайық.

Компьютерден тыңдау.

М.Шаханов 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан обылысы Отырар өңірінде дүниеге келген. Жастай жетімдік көрседе, өзінің өжеттігі, қайсарлығы, қайраттылығы арқасында білім алып, талмай еңбек етіп, ел құрметіне бөленді. 1969 ж. Шымкент педагогикалық институтын бітірген. Жас талапты ақынның алғашқы өлеңдер жинағы «Бақыт» деген атаумен 1966 ж. жарық көрді. 1968 ж. «Балладалар», 1970 ж. «Ай туып келеді»,

1974 ж. «Қырандар төбеге қонбайды», 1976 ж. «Сенім патшалығы» атты кітаптары жарық көрді. Ақын өлең дерінде негізінен философиялық ой басым. Махаббатты қорғау, туған жерді құрметтеу, ана тіл құдіреті, Отанды сүю секілді қасиетті сезімдерді жырға қосты.

Қазақ халқының ақтаңдаққа толы тарихы, тағдырдан көрген теперіші мен қиянаты, сергек ақынды қоғам қайраткері етіп шығарды. Тамыры ерте суалып, тартылған қасиетті Арал теңізі мен Балқаш көлінің жағдайын үлкен мінбеден айтып, ел назарын аударды.

1986 жылы жазықсыз жапа шеккен қазақ жас- тарын қара күйеден арашалау үшін еңбек етті. Оның басшылығымен құрылған комиссия тамыры тереңге кеткен, ұлтқа қарсы бағытталған тарихи шындықтың бетін ашты.

«Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы болып, ана  тілінің тағдыры үшін күресті.

2005 жылы екінші рет инфаркт алып, ақын қатты ауырады. Сол кезде туыстас ел Түркиядан арнайы келіп, жан-жақты дәргерлік тексеру жүргізген Эркан Демирташ  бауырымыз ақынға көмек қолын созып, өзі бас болып Стамбұлға ұшақпен алып барып, операция жасады. Сөйтіп ұлтымыздың ұлағатты ұлы опасыз ажалдан аман қалды.

 

Мұхаң тәуелсіз елдің бүгінгі тарихында да өзіндік із қалдырған, әлемдік оқырманды өзінің ақындық мүмкіндігімен таңқалдырған ақын, халық жазушысы.

 

І жүргізуші: Кеудесінде асыл тас өлшейтін күйентелі таразыдай биік талғамы бар шын дарынқашанда әр шығармасын әбден сорықтырып, сартап қылып, емешеңді құртып барып ортаға тастайды. Жалпақ әлемге жан дүниесін жайып салу ақын адамның өзге жұмыр басты пенделерден жалғыз – ақ айырмасы осы тәрізді. Бірақ ол дүйім жұртты аузыңа қарату үшін қаншама рухани ерлік керек.

Өнерді өмірлі ететін шындық. Осы бір даусыз қағиданы жүзеге асыру үлкен таланттың өзіне оңай түспейді. Мұхтар Шаханов – бұл үдеден шыға білген ақын.

Мұхтар өнернамасындағы кең дүниеге кеудесін көлегейлемей сөйлейтін азаматтық, батылдықты, азамат болмысының өрелеі де өркениеті сипаттарын тапжылтпай танитын суреткерлікті, өжеттік пен өткірлікті тамыршыдай дәл айырған заманымыздың заңғар жазушысы Ш. Айтматов үзеңгілес келе жатқан інісі туралы былай деп толғанады: «Менің өмірімде екі Мұхтар болды. Оның бірі – әкемдей қамқор пейілді ұстазым, ұлы жазушы М. Әуезов те, екіншісі – азамат ақын, көп жылдан бері сырласым іні досым – М. Шаханов. Менің түсінігімше ол – кең ауқымды, ізденгіш, ойшыл, Шығыстың даналағы мен Батыстың ұшқыр дүниетанымын бір арнада шебер тоғыстырған Азия құрлығындағы аса ірі ақындардың бірі. Мұхтар – қазақ халқының қиын шақта жел өтінде ұстаған, ел ішінде ұлттық батыр қатарында мойындалған қайсар қанат перзенттерінің бірі».

Ақын өзінің үмітпен қойылған есімі туралы былай деді.

 

«Мені неге Мұхтар қойған?»  (Гүлнұр)

ІІ жүргізуші:

Мұхтар ақын бейбіт күнгі өмірді май тоңғысыз жаймашуақ, мамырайқан тірлік деп ұқпайды. Азаматтық ерліктің соқтықпалы сындарынан өтіп келген ақын адамдардан ел бірлігін, ірілікті, рухани тұтастықты талап етеді. Сондықтан да оның аузынан шыққан сөз бір адамның ғана емес, бүкіл бір ұрпақтың, бір тұстағы бүкіл бір халықтың жан сырындай жалынды естіледі.

«Төрт ана» өлеңі оқылады. (Аяжан)

І  жүргізуші: 1999 ж ЮНЕСКО өзінің арнайы шешімімен Париждегі штаб – пәтерінде : Мұхтар Шахановтың  «Өркениеттің адасуы» поэтикалық романының тұсаукесерін, сонымен қатар, 2002 жылы «Жібек жолы бойындағы ғылым және руханият» халықаралық конференциясының шеңберінде «Жазагер жады  космоформуласы» романында көтерілген проблемалар төңірегінде дөңгелек үстел өткізген болатын.

Бұл басқосуға қатысқандар бірнеше тілге аударылған аталмыш шығармаларды әлемдік поэзияның ең озық туындылары қатарында атады. Ақынның  «Өркениеттің адасу»  атты романында көтерілген мәселе – әлемдік ақпарат тасқынының,техникалық жедел дамудың, кәсіптік мамандардың тар шеңберде біржақты даярлануы себебінен, әсіресе, адами құндылықтардың ескерілмеуінен  қоғамда компьютер басты жарты адамдардың күрт өсіп кетуі, ғасырымыздағы кезек күттірмес үлкен түйткілдерге айналды.  Рухсыз білімнің зияндығы, яғни соңғы кездері  деңгейде белең алған ар – намыс, ұлт,  әділеттілік, қайырымдылық, инабаттылық, үлкенді сыйлау сияқты қасиеттерге жеткілікті көңіл бөлінбеу адамзатты тұңғиыққа тіреді. Әлемдегі жақсылық та, жамандық та алдымен ақынның нәзік жүрегіне әсер етеді. «Өркениеттің адасуы» атты поэтикалық роман ақынның осындай жан тебіренісінен туган.

Компьютер арқылы тыңдау.

Майданда қорқақтық  қандай рухани опасыздық болса, заманның тыныш кезеңінде қаулап шығатын ұсақ мінез, күйкі құлақ, субетіне төгілген жермайдай тұрлаусыз құбылғыштық та тап сондай опасыздық болып табылмақшы. Ақын, әсіресе, махаббаттағы бойкүйездікт, сатқындықты өлтіре әшкерелеп, уытты жырларын аямай төгіп келеді.

Бұлақ өмір сүргенімен құрақсыз

Сенім өмер сүре ала ма мұратсыз?

Жүрегінде ерлігі жоқ адамны

Барлығыды махаббатқа тұрақсыз… деп жырлаған ақынның «Ғашықтық ғаламаты» өлеңін тыңдайық…

Ән: «Кешікпей келем деп ең»

Сөзі: М.Шаханов. Әні: Ш.Қалдаяқов.

 

1-жүргізуші: Қазақтың ұлы ақыны М. Жұмабаев «Ұлттың тілі кеми бастауы оның құри бастауын көрсатеді» деп отызыншы жылдары батыл айтып еді. Тіл – күретамыр. Тіл мәселесі – ұлттың бүгіні мен болашағы. Тіл туралы 10 жылда 3 заң қабылданып, оның орындалуы көңіл көншітпейтін, басынан даудамай кетпеген тіл тарихта бар-жоғын біле алмадым. Жауына шамырқанса тауды бұзатын батыр мінезді халқымыздың, бүгінгі тәуелсіз еліміздің дербес ойлы ұрпағы не дейді екен? Тыңдап көрелік.

«Ұрпақ үні» трибунасы. Оқушы. Ұлт болудың бір емес, бірнеше шарты бар. Соның ең басты және негізгі шарты- ұлттық тіл. Тілді айырбастауға боладв Бірақ онда ұлтыңнан, ұлттылығыңнан айырыласың, бұл кеңестік шовинистік идеялогиялық «ұтымды» көзірі болады. Олар кірісті. Ресейдің өзінен басқа республикалардың ана тіліне шабуыл жасады. Мысал келтірсем, Тәжіктің бір белгілі адамы «Душанбеде балаларымызға тәжәк тілін үйрету проблемаға айналды. 1987 жылы Ленинабадтағы отыз тоғыз балалар бақшасының үшеуі ғана тәжік тілінде тәрбие беретін де, қалғаны түгелдей орыс бесігіне көшкен екен» деп жазған екен.  Ал Алматыда алпысыншы жылдардың басында бір де бір қазақ  балалар бақшасы болмайтын. Бірінші рет оны өз аяғымен жүріп С. Мұқанов аштырған еді. Молдавндвр ұлтжанды халықтың бірі. Сондай намысшыл елдің оннан тоғызы ана тілін білмейді.  40 – шы жылы Кишиневте 33 молдаван мектебі болса, 20 – 30 жылдың ішінде оның жетеуі қалыпты. Алматыда олда болмайтын. Көз бояу үшін малшылардың балаларына деп ашып үш – төрт интернат болатын.

Тарихқа үңіліп, сыр тартсаң түрлі ащы шындықты термелеп айтуға болар еді. Қысқаша айтқанда, орыстану әріден ойланылған, шебер ұйымдастырылған империалық, отаршылдық саясат. Темір бұғауды үзіп шыққан намыс жастардың батыл әрекеті болмағанда тәуелсіздіктің ақ таңы атар ма еді деп ойлаймын. Тәуелсіздікпен бірге қуаныш, азаттық қарлығашындай

болып тіліміз мемлекеттік мәртебе алды. Бөркімізді аспанға атып қуандық.  «Тіл туралы Заң» қабылданды. Ойлап отырсам, жетістігімізде бар екен, өзіміздің жігерсіздігімізден, өзінен бұрын өзгенің көңілін табуға дайын тұратын көңілшектігімізден тапқан тілімізге қолдан жасалған тосқауыл бар.

Оны атап айтсам:

Мемлекеттік Әнұранның басқа тілде аударылуы. Әнұран басқа тілге аударылмауы керек. Басқа ұлт өкілдерінің тілі келсін – келмесін тек қазақ тілінде шырқалсын. Үйренсін. Өзбекстанда солай, орыс, қазақ, тағы басқа ұлт өкілдері өзбекшелеп: «Серкуаш» деп тұрғаны. Дүкен мекеме аттары, басқа да жарнамалар қазақ тілінде жазылуы тиіс. Маңдайшаларына екі тілде жазылған мекемені тапқан өзге ұлт өкілі орысшасын оқиды да қазақшасына мәнде бермейді.  Егер мекеме аты қазақша жазылса,  еріксіз оқып, еріксіз түсінетін болар еді.  Ана тілімізге сиам егізіндей жабысқан ресми тілді алып тастау қажет деп ойлаймын. Іс қағаздары қазақ тілінде жүргізілуі тиіс.

2 – оқушы:

Аяжан, сөзің аузыңда. Қазіргі іс қағаздары қазақ тіліне көшіп жатыр. Осыдан үш жыл бұрын мектепке ауыл фельдшері денсаулықты тексеруге арналған қағаз берді.  Орыс тілінде жазылған. Бірін түсінсем, бірін түсінбеймін «иә, жоқ» деп жауап бере салдым. Мен сияқтылар көп қой., дәрігерлер біздің денсаулығыз жөнінде анық мағлұмат алғанына күмәндімін.  Жалпы, мен ел басқарған ағаларды ана тілін білмесе, билік басына келуін дұрыс деп есептемеймін. Тіл саясаты өзге елдерде бізге қарағанда батыл жүргізілуде. Литвада бір – бірімен ана тілінде сөйлеспесе айып салынады. Латыштар елдеріндегі барлық орыс және аралас мектептерін түгел жауып тастап, бірыңғай латыш тіліне көшірді.  Малайзиялықтар не дейді дейсіз ғой? «Егер сіз біздің елеміздің азаматы боламын десеңіз, малай тілін 10 жылдық бағдарлама бойынша тапсыруға тиіссіз» деп талап қояды.  Ал 10 жылдық бағдарлама – малай халқының әдебиетін, мәдениетін, салт – дәстүрін және тілін қамтиды.

Франция, Германия, Жапония мемлекеттік тілдеріне көп көңіл, ұлттық сананы,  қасқалдақтың қанындай сақтап қорғаштайды. Өзге тілді үйрену, үйренбеу — өз еркіңде.

Жапония демекші, әлемге озық технологиясын таратып отырған мемлекет жаһандану ағымынан да қорықпайды.  Себебі жаһандануға қарсы тұра алатын өз ұлттық идеялогиясы мен мәртебесі жоғары өз ана тілі бар. Ал Қазақстан осы жағдайға тосқауыл қоя ала ма? Кесіп айтсақ, жоқ. Сол себептен, біз де бірінші орында қазақ тілінің қанат жаюына және ұлттық сананың асқақтауына қол жеткізуіміз керек. Енді елімізге, мейлі туристер келсін, мейлі мигранттар, баса ұлт өкілдері келсін, бірінші – қазақ тілін, екінші – салт – дәстүрді және тарихты білу шартын қоюымыз керек деп ойлаймын.

Мұғалім: Балалардың батыл ойлары менің ойыма мына шумақтарды түсірді. ұғалім өз өлеңін оқиды)

 

ІІ – жүргізуші: Тіл мәселесін батыл көтеріп жүрген Мұхтар ақынның 2004 ж республика Президентінің зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде белгілі себептермен оқылмай қалған «Ұлттық нигилизм жемістері» өлеңі халықтың намысын жанып, әлсіреген рухына жан бітіргендей болды.

«Ұлттық нигилизм жемістері».

Оқитын: Аманжолова А

Терме «Аман бол, тілім!» Орындайтын: Сүйеуов С

М. Шаханов – қара өлең жазирасындағы ірі тұлға қаншама қазақтың темірқанат дарындары Мұхтардың жырларын күні бүгінге дейін жатқа оқиды. Есесіне ақын да кеудесінде өлең оты лапылдаған жас шайырлары қиуадан шалып, үнемі демеп, қанаттандырып жүреді. Ол «Түсіну теоремасы» өлеңінде адамның бір – бірін түсіне алмайынан туатын қасірет пен қиындық туралы филосифиялық ой толғайды.

«Түсіну теоремасы»

І жүргізуші:

Өмір ағып жатқан өзендей. Өзеннің арнасы кейде тартылып, кейде кеңейетіні сияқты адам өмірінде де қиналу, тіпті өмірден түңілу секілді сезімдер де болады. Ақынның «Жігерлендіру» өлеңі адамға қанат бітіріп, болашаққа сенім қалыптастырғандай болады.

«Жігерлендіру» өлеңі компьютерден тыңдау.

ІІ жүргізуші:

М. Әуезов атындағы қазақ академиялық театрының сахнасында қойылып жүрген «Күретамырды іздеу» поэмасында достықтың, махаббаттың ұлы мүмкіндіктерін, өзекті мәселелерін, ақ пен қараның бітім таппас тартысы арқылы ашуға күш салады. Осы поэмадағы «Бақыт оңай сипаттайды бұрымын» деген бөлімінде ананың соғыстан оралмаған жарына деген адал махаббаты көрінген.

 

 

Бірінші белес.

Үйлену тойы. Жастардың бір тобы қалыңдық пен күйеуі қоршап алған. Қасында ақын. Кенет қолына костюм ұстаған ақ шашты ана көрінеді. Жұрт екі жарылып жол береді.

Ана.

(күйеу жігітке жақындап)

Он сегізден он тоғызға жаңа шыққан кезімде,

Құштарлықтың оты лаулап көзімде,

Тоқтата алмай көңілімді аптыққан,

Жарылардай шаттықтан.

Өмір маған тосардай тек тұнығын,

Шалқып ойнап иығымда бұрымым,

Осы биік шаңыраққа

Келін болып түсіп едім құлыным.

Әнім әнге қосылды да толқыды,

Менен асқан бақытты жан болды ма екен сол күні,

Сәбидей пәк  аңғал күліп,

Аттыққанша таңдар Арманға ерке үн беріп.

Бір тілекпен гүлдедік,

Бірімізсіз біріміз

Бақыт бар деп білмедік.

Қуанышсыз өрлеген күніміз

Сезім жүрген жерде сыр ояу,

Бірімізсіз біріміз

Тұралмаушы ек құдай – ау!

Әкең сенің жомарт еді,

Пейілінен таң атқан,

Іңкәр тағдыр жанын жаз ғып жаратқан.

Тіпті бір күн үйіміз

Босамайтын қонақтан.

Жаздың сонау нұрлы кеші

Қалды мәңгі есімде,

Еңбек ету туған дала төсінде

Өмір шіркін мәз мазмұнсыз өте ме,

Жетелесең ізгілікті жетеле.

Тұңғыш рет алғаш алған еңбек ақыма

Костюм сатып әперім ем әкеңе.

Сұлулықтың безбені ғой көздеген

Ұлың мені ұғамысың,

Сондағы оның қуанышын

Қалай айтып жеткізе алам сөзбенен.

Сол костюмді үш – ақ рет киді де.

Үш – ақ рет тойға бардық,

Үш – ақ рет биледік.

Заман бізге біз заманға сайлы едік.

Бірақ, ұзақ баурай алмай нұр көкті

Үш күннен соң соғыс өрті бұрқ етті.

Әкең сонда еңсесін тік көтеріп,

Бойында кек қайнап тасқынды

Көңіліне күй өрлеп,

Су жаңа осы костюмді

Тапсырда маған әкеліп,

Келген соң киемін деп,

Бірақ ол келмеді,

Айырғандай мені барлық қызықтан.

Атар таңмен батар күн

Он тоғызда жесір әйел атандым.

Көтердім мен тағырымның мазағын

Үзілер дей жұлыным

Ол күндердің қазіретті азабын,

Сен сұрам мен айтпайын құлыным!

Өмір жаңа шырағым,

Құдай ырза мен ырза

Тежей көрме тағдырымның бұлағын,

Байлама деп бағыңды

Әжең қанша бата беріп жалынды.

Өткерсім де қанша  қияс кезеңді

Нар түйедей көтерілдім,

Жылатқам жоқ әжеңді,

Құлатқам жоқ шаңырағын әкеңнің.

Махаббатта бір – ақ заң бар,

Ол – адалдық заңы, ұлым,

Сол заңменен өлшенеді қарымың мен дарының.

Мен әкеңнің махаббатын сақтап қалдым мәңгілік,

Мен әкеңнің кір шалмаған арымын.

Қан майданда оның нұрлы бақ жұлдызы сөнгенде,

Мен де бірге сөніп ем.

Сөнген күнім қайта туды сенімен.

Алыстан алабұртып сағымдана,

Ең қайғылы кезім мен,

Ең көңілді шағым да.

Өкшелеп елес беріп қалмайды бір

Өткен зарлы соғыстың ескі лебі…

Мынау сенің әкеңнің костюмі еді.

(Ұлына ұсынады)

Күйеу жігіт:

(костюмді кеудесіне қысып)

Басса да қасірет салмағы,

Өшпепті әкемнің арманы

Ол бұл костюмді кигенмен,

Амал не тоздыра алмады.

Ғұмыры жетпеді,

Көрсетпей бақытының жалғасын,

Көңілінің көктемін,

Жайпады бір түйір қорғасын.

Өмірім, өрге жүз тоқтама!

Өзіңсің табына сүйерім.

Сондықтан мен мұны тек қана,

Тоздыру үшін киемін.

Ғұламда сәбише тербеткен,

Еңбек деп айтал алам.

Тозсын киімдер еңбекпен,

Еңбекпен жаңарсын қайтадан!

«Ана жүрегі»  бейне-клип

 

І жүргізуші:

Қыркүйек айы – қазақ үшін құтты, берекелі ай деп есептеймін.  Себебі, бұл айда ана тіліміз мемлекеттік мәртебе алды. Бүгінгі тіліміздің туған күніне, яғни өшкені жанып тірілген күніне орай осы айда дүниеге келген төрт оқушыға шағын сыйлық тапсырамын. Сіздерге арналған ең үлкен сыйлық сазгерлімен елді мойындатқан Мұхтар ақынның «Туған күн кешінде» әні болмақ. Қабыл алыңыздар. Ән орындалады.

ІІ жүргізуші:

Ақынның сазгерлігімен қоса тағы бір қыры – қайраткерлігі. 1986 жылдың оқиғасы М. Шахановты  қазақ ертегісіндегі «жерден шыққан жеке батыр» деңгейіне көтерді. Басына қатердің қара бұлты төніп тұрғанына қарамастан ол Желтоқсан оқиғасын айдай әлемге биік мінбеден айғайлай айтты. Сол үшін таяқтың да, шапалақтың да ащы дәмін татты. Атынан ат үркетін үш әріптің зымиян қызметкерлерімен жағаласа жүріп, Орталық комитеттің сол кездегі бірінші хатшысы Колбинмен бірде тату, бірде араз бола жүріп, желтоқсан оқиғасына қатысты қыз – жігіттерді ақтайтын қаулыға қол  қойғыздыртудағы атқарған еңбегі ерекше.

«Желтоқсан эпопиясы» атты деректі роман жазды.

«Лаула, даула желтоқсанның алауы!» атты өлеңі оқылады. Компьютерден тыңдау.

І жүргізуші:

Дүбірлі кезең артта қалды. Ел тынышталды. Қазақсатн тәуелсіз ел атанды. Оны әлем тани бастады. Өзге елдерде Қазақстанның өз елшілері пайда болды. М. Шаханов Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі болып қырғыз еліне аттанды. Оның шығармашылығындағы ең әйгілі дүниелер осы кезеңде дүниеге келді. Оған жарқын дәлел – жоғарыдағы аталып кеткен «Жазагер жады космоформуласы».

Бүгінде М. Шаханов Қызылорда облысынан сайланған Мәжіліс депутаты. «Мемлекеттік тіл» қоғамдық  қозғалысының төрағасы. 2006 жылы Премьер министр Даниял Ахметов мемлекеттік тілді дамыту жолындағы іс – шаралрға арнап мемлекет қазынасынан 11 млд. теңге бөлінгендігі туралы мәлімдеді. Кейіннен бөлінген қаржыны сол кездегі вице – премьер К. Мәсімов 150 млн теңгеге түсіріп тастағанда М. Шаханов «Үкіметке енді қазақ тілінің жаназасын шығару ғана қалды» деп батыл қарсы шыққан болатын.

ІІ жүргізуші:

Ұлттық болмыс, ұлттық дін мен дәстүрдің бүгінгі ұрпақ бойынан табылмауы ақынның «Жаңа қазақ»  өлеңінен көрінеді. (Компьютерден тыңдау)

Дүниежүзінің аузы дуалы игі жақсыларына өз талантының орасан зор қуатын мойындатып қойған М. Шаханов туралы бүгінгі ұрпақтары не дейді екен?

Оқушылар пікірін тыңдау.   

2003 жылы 14 наурызда Астанада өткен Когресс – холл сарайында өткен Қазақстанның халық жазушысы

М. Шахановтың шығармашылық кешіне қатысқан қарапайым оқырман Жақсыбай Самраттың пікірін компьютерден тыңдау.

Жақсыбай Самрат: Мен Қызылжар қаласынан бір шаруаларыммен келе қалған жолаушы едім. «М. Шахановтың шығармашылық кеші болады»  дегенді естіген соң  осында келуге асықтым. Құдіретті ақынның өнерімен жан дүнием тазарып, рухани азық алдым. Мұқан шын мағынасында халықтың сүйіктісне айналған ақын ғой,  ешбір жан осы кеште немқұрайлы болып қалмаған шығар… Маған тағы бір ұнаған нәрсе: Астана халқының жырға деген құштарлығы болды. Залда отырған көрерменнің бәрі ақын – жырларын жатқа біліп отырды. Иншалла бұл Ел ордамыздың қазақыланып, ұлттық өнерімізді ардақтап, түсініп келе жатқаны шығар деп  ішімнен риза болып отырдым. Халықтың шексіз ықыласына, махаббатына бөленген ақынның  асып – тасып, дандайсып кетпей, қарапайым қалпында қала беретіні де қызықтырды. Мүмкін осының өзі ұлылық шығар…

І жүргізуші:

Ақын аға ақындықпен бірге сазгерлікті қатар меңгерді.  Дүниеге «Гүлдәурен»,  «Мен саған ғашық едім», «Туған күн кешінде», «Жұбайлар жыры» әндер дүниеге келді.  Бұл әндер жұрт көңіліне ұялап, халықтың сүйіп айтатын әндеріне айналды.  Ақын өлеңдеріне атақты сазгер Ш. Қалдыаяқов көптеген әндер шығарған. Солардың бірі  «Арыс жағасында».

ІІ жүргізуші:

60 – 70 жылдары әдебиет дейтін қара шаңырақтың киелі босағасын имене аттаған бозбала М. Шаханов бүгінгі күні төріне шығып, ақындардың ағасы атанды.

Саған айтар бірі сыры бар

Мылқау қара тастың да,

Өткен күннің бар белгісі

Жатыр құмның астынды

Құм астында ата – бабаң құлақ

Етіп қияқты,

Сенің әрбір қимылыңды тыңдап жатқан сияқты, — деп, ақынның өзі айтқандай, талай дүрдің санасын сартап қылып, миын ашытқан тіршілік құпиялары әлі де жетерлік. Сол құпияларға қапысыз құлақ түрген жұлдызшы – балгердей, жұмыр жердің ақ жұлынындай тартылған иір – иір жолдармен қазақ жырының бір ардағы – М. Шаханов лекіте жортып келеді… Армандаған шалғайыңа азап көрсеңде аман жет, ақиық ақын.