Шерхан Мұртаза Тұтқын бала әңгімесі

129

Сабақтың тақырыбы: Шерхан Мұртаза   Тұтқын бала әңгімесі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қазақ халқының өткені туралы түсіндіру,осы әңгіме бойынша алған білімдерін жүйелеу,бекіту,Тұрар Рысқұлов сияқты қоғам қайраткерінің өмір өткелдерін білдіру,тарихи адамның әдеби кейіпкерге айналуы жөнінде және жазушының шұрайлы тілі жөнінде түсінік беру.

 

Дамытушылық: ізденімпаздыққа дағдыландыру,терең ойлап,пікір қорытуға бейімдеу,мәтінді өздігінен түсініп айтып беруге бағыттау.

 

Тәрбиелік: төзімділікке баулу,елін,халқын сүюге үйрету,еңбекке құштарлық сезім туғызу.

 

Сабақтың типі: бекіту сабағы

 

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау,ойлау,дәлелдеу,топтастыру.

 

Пән аралық байланыс:қазақстан тарихы

 

Көрнекілігі: Ш.Мұртаза мен Т.Рысқұловтың портреттері,слайдтар,3томдық

«Қызыл жебе» романы,көркем әдебиеттер,бүктемелер,үлестірмелі парақшалар,т.б.

 

Сабаұтың барысы: Оқушыларды түгендеп,сабаққа даярлықтарын тексеру.

 

Сабақтың жоспары:

 

1.Бала Тұрар  (әңгіме желісі бойынша)

 

2.Тұрар Рысқұлов – көрнекті қоғам қайраткері (әңгімеден тыс кемелденген шағы)

 

3.Ұлттың сүйген ұлы перзенті халқының мәңгілік жадында.

 

 

Үй тапсырмасын «Блиц-турнир» әдісі бойынша сұралады.

 

Сұрақтар:

 

  1. Ш.Мұртаза қай жылы,қай жерде дүниеге келді?

 

  1. Қандай оқу орнында оқыды?

 

  1. «Тұтқын бала» әңгімесі автордың қай романынан үзінді?

 

  1. «Қызыл жебе » романы қанша кітаптан тұрады?

 

  1. Тұрардың әкесі Рысқұл абақтыға не үшін түсті?

 

  1. Тұрардың орыс шіркеуінің қасынан өткендегі ойы?

 

  1. Түрмеге келген Тұрар немен шұғылданады?

 

  1. Бала Тұрарды әкесі абақтыға не мақсатпен алдырады?

 

  1. Әңгімедегі Ахат ата кім?

 

  1. Надзирательден Тұрар қандай қорлық көреді?

 

  1. Автор әңгімедегі тұтқындардың аяғындағы кісеннің үнін неге теңеді?

 

  1. 1906 жылы маусым айында болған оқига?

 

  1. Камерадағы әке мен баланың соңғы кездесуін суретте?

 

  1. Тұрар әкесімен қалаи қоштасты?

 

  1. Тұрар неге тегін «Қырғызбаев» деп ауыстырды?

 

  1. «Қызыл жебе »,  «Аспара», «Көке» деген сөздер қандай мағына білдіреді?

 

  1. Тақтаға шыққан Тұрарға Атамырза неге күлді?

 

  1. Куәлік аларда Тұрар қандай қылмыс жасады?

 

  1. Иван Владимирович Тұрарға қандай тілек айтты?

 

1-бөлім бойынша білімді бекітуге тапсырмалары:

 

Шығарманың композициялық құрылысына сюжеттік талдау-сатылай комплексті талдау.

 

1.Басталуы –

 

2.Дамуы –

 

3.Байланысы –

 

4.Шиеленісі –

 

5.Шарықтау шегі –

 

6.Шешімі –

 

ІІ «Тұжырым кестесін» толтыру

 

Кейіпкер Кейіпкер бойындағы адами қасиеттер Мендегі…
Тұрар Еңбекқор,ержүрек,шыншыл,төзімді Өз бойындағы кездесетін қасиеттерін жазады

 

ІІІ     «салыстыру» кестесі

 

«Тұтқын бала» әңгімесіндегі                                   «Балықшылар» әңгімесіндегі

Рысқұл бейнесі                                                        Еламан бейнесі

 

 

 

 

2-бөлім

 

Тұрар Рысқұлов – көрнекті қоғам қайраткері

 

«Шыңға шығу» ойыны арқылы Тұрар Рысқұловтың кемелденген шақтағы қызметтер жайлы сұрақтар беріледі.Ол үшін тақтаға таудың суреті салынған плкат ілінеді.Таудың етегінде,орта тұсында және шыңында сұрақтар салынған қалташалар болады.Әр оқушы өз қабілетіне қарай сұрақтар алып,жауап береді.

 

Төменгі деңгейдегі сұрақтары:

1.Т.Рысқұлов қашан ,қай жерде дүниеге келді?

 

2.Әкесі кім?

 

3.Болысты не үшін өлтірді?

 

4.Тұрар қандай оқу орнында оқыды?

 

5.Әйелінің аты кім?

 

Орта деңгей сұрақтары:

 

1.Тұрар қандай қызметтер атқарады?

 

2.1916ж. ұлт-азаттық көтеріліске қандай қатысы бар?

 

3.Тұрардың  неше баласы бар?

 

4.Моңғолияда қандай қызметтер атқарды?

 

5.Ұлт-азаттық көтерілісінің шығу себебі неде?

 

Жоғары деңгей сұрақтары:

 

  1. «Түрксіб» темір жолына Тұрардың қандай қатысы бар?

 

  1. Ленин мен Сталиннің тұсында Тұрар Рысқұлов қандай қызметтер атқарды?

 

  1. Әйелі айдауда қай жерже және қанша жыл болды?

 

  1. Қанша және қай жерде тұтқындалды?

 

  1. Тұрар қай жылы ақталды?

 

  1. Тұрардың неше баласы болды?

 

«Дау-дамай» стратегиясы бойынша  «иә,жоқ» сөздерін айта отырып,сұрақтарға жауап беру.

 

1.Тұрар Рысқұлов еңбекқор адам?

 

2.Бағбан болып жұмыс істеді?

 

3.1915ж.Ташкенттегі мұғалімдер семинариясын толық оқып бітірді?

 

4.1916ж.ұлт-азаттық көтерілістің ұйымдастырушысы?

 

5.Тұрар 1957ж. ақталды?

 

6.М.Әуезовтың  «Қараш-қараш» хикаясындағы оқиға желісі мен  «Тұтқын бала» әңгімесі байланысты?

 

7.Тұрар Рысқұлов Қазақстан аумағында жерленген?

 

8.Түрмеде суық тиіп қайтыс болды?

 

9.Әдеби шығармада кейіпкер бейнесін жасауға тірек,негіз болатын өмірде болған адам,түпкі тарихи тұлғаны прототип дейді?

 

«Иә»  жауабы – 5,  «Жоқ» деген жауап -4 болу керек.

 

Прототип жайлы бірер сөз.

1.Жүсіпбек Аймауытовтың  «әнші » әңгімесіндегі Әмірқанның прототипі — Әнші Әміре Қашаубаев