М.Өтемісұлының «Тарланым» өлеңі

454

                                        Қазақ   әдебиеті  

                                              7-сынып

Сабақтың  тақырыбы: М.Өтемісұлының   «Тарланым»   өлеңі

Сабақтың  мақсаты:

Білімділігі: М.Өтемісұлының   жалынды   өлеңдерін    мәнерлеп оқыту, өлеңнің  мазмұнын,

тақырыбын ашу, өлеңдегі   көркемдеуіш сөздерді  табу.

Дамытушылық: Оқушылардың  тіл байлығын арттыру, өз ойларын  еркін  жеткізуге,

шығармашылықпен   жұмыс   жасауға машықтандыру.

      Тәрбиелік: Оқушыларды  Отансүйгіштікке , елін, жерін  сүюге  тәрбиелеу

Сабақтың  түрі:   Жаңа  білім беру сабағы, шығармашылықпен, ұжымдық  жұмыс жасауға

жұмылдыру

Сабақтың   әдісі: СКТ, сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың  көрнекілігі:Сызбалар, суреттер, интерактивті  тақта

Пәнаралық байланыс: Тарих, қазақ  тілі, музыка

Сабақтың  жүрісі: 1.Ұйымдастыру  бөлімі

  1.    Үй тапсырмасын   сұрау

3.Жаңа сабақты  меңгерту

/Ұй  тапсырмасына  шолу жасау:/

1.Д.Бабатайұлының  «Аягөз  қайда   барасың?»  атты   өлеңінің  тақырыбы  қандай?

2.Өлеңнің  түйіні  қандай?

3.Өлеңге  арқау  болған  не жағдай?

I.Жаңа  сабақ: М.Өтемісұлы  кім?

М.Өтемісұлының  қандай  шығармаларын   білесіңдер?

М.Өтемісұлының  200жылдығы   қай  жылы  Юнеско  көлемінде аталып   өтті? /оқушылардан  жауап алынады/

Қазақ  халқының   бас  бостандығы   үшін  күрескен  кімдерді  білеміз?

Тәуелсіздігімізді  қашан алдық?

Олай болса, туып-өскен  жерін, қарыс  қадам   жері  үшін  басын    бәйгіге  тіккен  М.Өтемісұлы   батырдың   өмірі  мен   шығармашылығына   «Тарланым»  атты  өлеңіне    кеңінен  тоқталамыз.

II.Ой қозғау: Оқушыларға   сұрақ:

  1. «Тарланым» сөзінің мағынасын   қалай   түсінеміз?
  2. Неліктен М..Өтемісұлы өлеңін  «Тарланым»  деп атаған?
  3. М.Өтемісұлының қандай күйлерін білеміз?  / «Жұмыр  қылыш», «Нарын» т.б/

Мұғалім: Махамбеттің   есімі   өмірдегі  қасіреттің  синонимі, өнердегі  қасиеттің  символы. Махамбет  өлеңі-қазақ  сөзінің  қайталанбас  құдіреті: әрбір буыны  мен  ббунағы, тармағы  мен  шумағы  мұншалық  тап-таза  қорғасыннан  құйылған  ап-ауыр  асыл  сөз  қазақтан басқа   жер  бетіндегі   ешбір  елдің  өлең-жырында  жоқ, оның  өзге  тілге   оңай   аударылмайтыны   да  сондықтан.

/Академик. З. Қабдолов/

 

I.М.Өтемісұлы   1804 жылы   Орал облысы, Нарындағы  Бекетай

құмында  туған. Арабша, орысша  хат  таныған. Ақын  жас кезінен

бастап, халықтың   ауыр мұңын, тұрмысын  жан дүниесімен   түсінген.

Махамбеттің    шебер ұйымдастырушы, жалынды  ақын, тұнып тұрған

талант  екенін   әскери экспедицияда  жүрген  Е. П. Ковалевскийдің

өзі   мойындаған. Махамбеттің  өзіне  дейінгі  және  кейінгі

ақындардан   айрмашылығы   өлеңдерінің  отты  қызуында, асқақ

арманд ы  рухында, болашаққа, келер күнге деген сенімінде. Оның

70шақты  өлеңі  және бірнеше    күйлері   бар. Махамбет  беріш

руынан, атасы  Өтеміс  оның атасы  Құлмәлі. Махамбет  өте аршыл,

сөзге  ділмар,  он саусағынан  өнер тамған, заңғар  батырымыздың

сүйегі  Алматы, Гурьев, Мәскеуді  17 жыл шарлап,1983жылы 15

мамыр күні туған жері  Қараойға  жерленді. Батырға   12 қабырғалы,

ішінде  11 шумақты  өлеңі  жазылған  мазар салды. Мазарды

жерлесіміз  К.Демесін  салды. Батырдың  200жылдығы  2003жылы

Юнеско көлемінде   атап  өтілді. Осы  шараға  орай   кітап көрмелері

ашылып, бірнеше күйлері  оркестрге  қосылды.

  1.   М.Өтемісұлының  өлеңдерінде   даналық  сөздер  көптеп

кездеседі.Өлеңдерінің  негізгі   тақырыбы  ерлік, батырлықты жырлайды.

Сондай-ақ, 1836-1839жылғы  ұлт-азаттық   көтерілісіне   қатысты. Оларды

уақытына  қарай  үш  топқа  бөліп  қарастыруға болады. Өлеңдері

азаматтық, ел мен жер, азаматтық  парызды, рух  қайсарлығын

жырлайды. Махамбеттің  «Тарланым», «Мінкен ер», «Исатай  сөзі», «Ей,

Махамбет жолдасым!», «Исатай  деген  ағам бар», «Тайманның  ұлы-

Исатай!», «Исатай  сөзі»т.б өлеңдері   бар.

 

 

 

III. Поэзия

 

  1. IV. Өлең  32тармақты, 10буынды, 3бунақты, аралас  ұйқас.

Тау-дан/     мұ-нар-тып  ұш-қан/ тар-ла-ным,

 

б.б      б.б        а.б    б.б   б.б     т.б   б.б    б.б   а.б   б.б

 

  1. V. Таудан мұнартып ұшқан  тарланым,

Арыстаным, көп болды-ау,

Саған  менің  арманым!    /метафора/

 

Құлжадай     ащы  дауыстым,

Құлжадай айбар мүйіздім!

Қырмызыдай ажарлым!

Хиуадай  базарлым!

Теңіздей  терең  ақылдым! /теңеу/

 

Құландай  ащы  дауыстым,

Құлжадай айбар мүйіздім

Қырмызыдай  ажарлым!Ә  /аллитерация/                 

 

                           Арыстан  еді-ау, Исатай! / ауыспалы  мағына/

  1. Сөздікпен жұмыс: Кермиық,кербез-паң,сұлу

Жебе-садақ  оғы

Сусар-аң

Адырна-садақ жебесін  тіреп ататын  тарамысы

Шандоз- асыл,ардақты

 

VII. Ақын өлеңдері  бойыңа жігер, рух, күш,жалынды қайрат береді, алға қойған мақсат үшін

күресе білуге   шақырады, адамгершілікке  тәрбиелейді.

 

III.Сынып  жұмысы:  Оқушыларға  өлеңді  мәнерлеп оқыту, өлеңнің  мазмұнын   ашу. Махамбет пен Исатайға мінездеме  жазу.

IV.Жаңа  сабақты  сұрақ-жауап   арқылы  қорытындылау:

1.М.Өтемісұлы  кім? /ақын, күйші, қолбасшы, /

  1. М. Өтемісұлының «Тарланым» өлеңі  кімге арналған? / Исатайға/
  2. Ақын өлеңдерінің басқа  ақындардан  ерекшелігі  неде?

Сонымен, бүгін  біз дауылпаз,жалынды  ақын   М.Өтемісұлының    өмірі  мен  шығармашылығымен таныстық.Кең  даласын еркін кезіп, елі,жері  үшін,халқының  бас бостандығы   үшін  ашық күрескен, қарапайым   халықтың мұңын, жүрек зарын  өзекті өлең, шалқар күйлерімен  баяндап кеткен  қайтпас қайсар, батыр  атамыз  кейінгі    ұрпақтарына  мол мұра  қалдырды. Тарихымызда Махамбет  атамыз сияқты  қазақ  халқы үшін  әділетсіздікке, хандардың озбырлығына қарсы күрескен Бөгенбай, Төле  би, Қазыбек би, Әйтеке билерді  жақсы  білеміз. Олардың бізге  қалдырып кеткен  мол  мұраларын зерттеу, насихаттау  біздің перзенттік  борышымыз.

V.Оқушыларды  бағалау.

VI.Үйге тапсырма:М. Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы туралы оқып, мазмұндау.  «Тарланым»  өлеңін жаттау.