М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесін оқытуда «Үшөлшемді әдістемелік жүйе»технологиясына лайықталған сабақ үлгісі

128

Ұйғыр ауданы Долайты орта мектебінің

қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі

Мичитова Дилбирим Нурдуновна 

Тақырыбы: М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесін оқытуда «Үшөлшемді әдістемелік жүйе»технологиясына  лайықталған сабақ үлгісі

Пәні: Қазақ әдебиеті            Сыныбы:  7ә

Сабақтың тақырыбы:  М.Әуезов  «Көксерек» әңгімесі

Сабақтың мақсаты:   — Жазушының табиғат пен адамдар тағдырын қатар суреттеген  «Көксерек» әңгімесінен алған білімдерін жүйелеу, әңгіме мазмұны арқылы басты кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне, автордың көз қарасын байланыстыру.

-Оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, аң мен адам арасындағы тартысын суреттеу арқылы тіршілік үшін күрестің мәнін ашқыза отырып, ізденімпаздіққа баулу, өз ойларын, пікірлерін қорғай білуге дағдыландыру.

-Қоршаған ортаны сүюге, табиғаттың әрбір перзентінің орыны ерекше екенін айтып, табиғат пен адам әрқашан қарым-қатынаста болатынын түсіндіру, адамгершілікке баулу, табиғатқа деген сүйінпеншіліктерін ояту.

Типі: қорытынды, қайталау сабағы

Түрі: білімді жинақтау, бекіту сабағы

Оқыту әдісі: оқытудың үшөлшемді жүйесі

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, баяндау

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, постер, стикер

Күтілетін нәтиже: тақырыпты меңгеріп, білім қоржындарын Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың шығармашылығымен толықтырады. Өз ойларын еркін жеткізеді. Сөздік қорлары молаяды.

 

 

 

Сабақтың барысы: І кезең. Ұйымдастыру

Топқа бөлу: Оқушылар қолдарындағы қағаз қиындыларын біріктіру арқылы, суретті жинастырып топқа бөлінеді.

Суретте Құрмаштың, Көксеректің портреттері шығу керек.

 

«Көпір» (жеке жұмыс) тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары Сұрақтарға жауап бер:

М.Әуезов 1897 жылы дүниеге келді.

«Абай жолы» роман-эпопеясын жазған ұлы суреткер —  М.Әуезов.

Жазушының шығармалары дүние жүзі халықтарының 60-тан аса тілдеріне аударылған.

М.Әуезовтың «Жетім», «Әжемнің әңгімесі», «Көксерек» т.б әңгімелері бар.

Көксерек  — М.Әуезовтың алғашқы әңгімелерінің бірі.  (Видео)

«Көксерек» әңгімесі 1929 жылы жазылған.

1.

ІІ кезең  1-қадам (топтық жұмыс). «Білу» тақырып бойынша Кім? Не? Қандай? Қалай? Қашан? Не істеді? Сияқты сұрақтарға жауап береді) Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтыр:

 

Кішкентай  … Көксерек деп ат қойды.

1.     … үлкейді.

Бірде – бір ит мұны дос  …  , маңына  …  .

2.     Көксерек үлкейіп өзіне күшік кезінде тиісіп, тамағын тартып алатын  …  талайды.

.. .  …  …  оралмастай болып далаға кетті.

 

2-қадам «Түсіну» (топтық жұмыс ) Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? Сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады) Себебін анықта.

Көксерекке неге иттер өш болды?

Ж: ___________________________

 

Қасқыр неге ұзақ ұлыды?

Ж: ___________________________

Адамдар көксеректі не үшін жазалады?

Ж: ___________________________

Көксеректің берген тамақты жемегеніне не себеп болды?

Ж: ___________________________

 

 

 

 

 

 

 

3-қадам «Талдау» 1. Салыстыр,

2.Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4. Тақырыптың басты идеясын жаз немесе Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады

Венн диаграммасы арқылы қасқыр мен итті салыстыру;

 

4-қадам «Жинақтау» топтық жұмыс Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, тірек сызбаны немесе сөзжұмбақты толтыр Шығармадағы басты кейіпкерлердің қасиетін ашу (сәйкестендіру)
5-қадам «Қолдану» топтық жұмыс оқулықпен жұмыс, қарапайым тапсырмалармен бекіту 6-тапсырма 77бет.

1.Төменде берілген сөздердің синонимдерін жазыңдар. Қас-…

Суық-…

Өзге-…

Ас-…

2. «Көксерек » әңгімесін сатылай кешенді талдау.

 

6-қадам «Баға беру» топпен жұмыс (Сен қалай ойлайсың?, Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады. Сұраққа жауап бере отырып, түсіндір.

1.     Сен Құрмаштың орнында болсаң қасқырдың күшігін бағар ма едің?

2.     Сен қалай ойлайсың, адамның қасқыр апанына барғандағы іс-әрекеті дұрыс па?

Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды.

Үйге тапсырма: Өздеріңнің төрт аяқты достарың жөнінде шағын шығарма жазып келіңдер

(Эссе немесе ой толғау)

 

 

 

 

ІІ кезең  1-қадам (топтық жұмыс). «Білу» тақырып бойынша Кім? Не? Қандай? Қалай? Қашан? Не істеді? Сияқты сұрақтарға жауап береді) Бос орынға қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтыр:

Кішкентай  Құрмаш «Көксерек» деп ат қойды.

Көксерек  үлкейді.

Бірде – бір ит мұны дос көрмейді, маңына  жақындатпайды.

Көксерек үлкейіп өзіне күшік кезінде тиісіп, тамағын тартып алатын  иттерді талайды.

Күздің бір түні Көксерек оралмастай болып далаға кетті.

2-қадам «Түсіну» (топтық жұмыс ) Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? Сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады) Себебін анықта.

1.Неге Төбеттер Көксеректен қашатын болды ?

Ж: Себебі Көксерек үлкейіп, жота жүні үрпиіп, көздері жасылданып, бар тістерін көрсетіп аузын ақситып, ашып жіберіп. Тап бергенде талай бұралқы төбет қаңсылай сәуілдей қашатын болды

2.Қасқыр неге ұзақ ұлыды?

Ж: Себекбі қатты аяздан тұмсығының ұші, езуы ашып, шыдатпай тоңа бастады?

Адамдар көксеректі не үшін жазалады?

Ж: Себебі қанша асырмаңда орманға қарап ұлиды-деп адамдар Көксеректі жазалайды.

Көксеректің берген тамақты жемегеніне не себеп болды?

Ж: Себебі Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлықпен адал астың айырмасын ұға алмады.

 

 

 

 

 

3-қадам «Талдау» 1. Салыстыр,

2.Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4. Тақырыптың басты идеясын жаз немесе Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады

 

 

 

 

Венн диаграммасы арқылы қасқыр мен итті салыстыру;

 

Қасқыр       Ұқсастығы           Ит

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Шығарманың идеясы (табиғаттағы байланыс үйлесімде болу керек екендігін, адамдар табиғаттың заңдылығын бұзса, апатқа әкелітіндігін ұғындыру)

 

4-қадам «Жинақтау» топтық жұмыс Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, тірек сызбаны немесе сөзжұмбақты толтыр Шығармадағы басты кейіпкерлердің қасиетін ашу (сәйкестендіру)

Кейіпкерлер                                Тән қасиеттер

Адам                                            дала санитары

аса сақ, қу

саналы

Қасқыр                                      табиғат перзенті

еңбектенуші

 

5-қадам «Қолдану» топтық жұмыс оқулықпен жұмыс, қарапайым тапсырмалармен бекіту 6-тапсырма 77бет.

1.Төменде берілген сөздердің синонимдерін жазыңдар. қас-жау

суық-ызғар

өзге-бөтен

ас-тамақ, дәм

«Көксерек » әңгімесін сатылай кешенді талдау.

Авторы-М.Әуезов

Тақырыбы-Көксерек

Идеясы-жазушы жалпы табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесі өте күрделі дүние екендігі туралы айтқысы келеді.

Жанр түрі – проза

Хикаяттың басталуы-бала Құрмаштың Көксеректі асырап алуы.

Хикаяттың дамуы-Көксеректің өсіп жетілуі

Хикаяттың шиеленісуі-Көксеректің көкжал болуы және күздің бір күні оралмастай болып далаға кетуі

Хикаяттың шарықтау шегі-Көксеректің Құрмашқа шабуы

Шешімі-табиғат пен адам арасында үндестік, үйлесім, өз заңдылығы болу керек екен.

Егер бұл заңдылық сақталмаса, оның жақсылыққа апармайтынын  жазушы ескертеді.

 

 

 

 

 

 

 

6-қадам «Баға беру» топпен жұмыс (Сен қалай ойлайсың?, Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады. Сұраққа жауап бере отырып, түсіндір.

Сен Құрмаштың орнында болсаң қасқырдың күшігін бағар ма едің?

Сен қалай ойлайсың, адамның қасқыр апанына барғандағы іс-әрекеті дұрыс па?

Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды.

Үйге тапсырма: Өздерің төрт аяқты достарың жөнінде шағын шығарма жазып келіңдер