«Тәуелсіздік туы» газетін шығару

106

 

Сабақтың тақырыбы: «Тәуелсіздік туы» газетін шығару

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Microsoft Publisher бағдарламасы арқылы баспаға басылым құралдарын әзірлеу мен дайындауда оқушының дағдысын қалыптастыру.

 Дамытушылық: «Тәуелсіздік туы» газетінің макетін жасап, қағазға басып шығару.

Тәрбиелік:  Оқушыларды патриотизмге, елін сүюге, еліміздің батыр ұлдары мен қыздарына деген құрмет сезімдерін оятуға, шығармашылықпен жұмыс істеуге, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға баулу.

Білім мен шеберлікке қойылатын талаптар:

Оқушы баспа жүйесінің мүмкіндіктерін, Publisher терезесінің негізгі элементтерін, құралдарын тиімді қолдана алуы, мәтін мен графикалық объектілерді редакциялауды, әралуан жарияланымды жасауды және басып шығаруды меңгеруі тиіс.

Сабақтың көрнекілігі: презентация,  Microsoft Publisher программасы баспа құрылғысы, локалді желі, оқушылар дайындап келген материалдары

Сабақтың типі: Практикум

Сабақтың түрі: Практикалық жұмыс . № 4 газеттің шығарылуы

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А)Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

Б)Оқушы назарын са баққа бұру.

ІІ.Өткенді қайталау

1  Іс қағаздар жүйесін жүргізуде қандай қағаздардың түрлері қолданылады?  A4,  A3

2  Кез келген қағаздағы ақпаратты компьютерге қандай құрылғы көмегімен енгізіледі? сканер

3 Мәтіндік ақпаратты көркемдеу үшін Word терезесінің  қандай қатары қолданылады? пішімдеу

4  Графикалық объектілерді мәтінге қалай кірістіреді?  Вставка Рисунок Автофигуры

5 Дайын суреттер коллекциясынан суреттерді қалай кірістіреді? Вставка Рисунок Картинки

6 Шаблон дегенді қалай түсінесің? Мәтіннің дайын үлгісі

7 Колонтитул не үшін қажет? Кітап атын, тарауды, автордың аты жонін қайталап хаза бермес үшін

8 Басылымның концепциясы дегенді қалай түсінесің? Әр басылымның өзіне сәйкес нұсқаулықтар жиыны

ІІІ. Практикалық жұмыс

Оқушыларға алдын ала газетке керекті материалдарды жинақтап келу және газеттің айдарлары бойынша жұмыс жасау тапсырылған болатын. Екі қатар екі газет жасап шығаруы керек.

Газетті тақырыбы белгілі, әр газетке эпиграф тауып, газетіміздің мәнін ашатындай болуы керек.

Бірінші қатардың редакторы Кеңесбаева Айнұр болады, Екінші қатардың редакторы Өтегенова Мадина болады.

Газеттердің әр беттеріне тақырыпшалар қойып, соған байланысты материалдарды енгізу.

І бетке «Жаңалық жаршысы» атты айдармен. Онда біздің мектебімізде ауданымызда және елімізде болып өткен тәуелсіздікке байланысты іс шараларға шолу жасайды.

ІІ бетке «Тарихи тағылым» айдарымен.Еліміздің еңіреп жеткен тәуелсіздігі және оған жету үшін бастан кешкен тарихи оқиғаларға үзінділер келтіреді.

ІІІ бетке «Жыр жолдарынан» айдарымен. Тәуелсіздікке байланысты ақын, жазушыларымыздың не өздерінің туындыларынан үзінділер  келтіреді.

ІҮ бетке «Көңілашар»айдарымен. Бұл бетте әртүрлі тақырыптағы кроссворд, ребустар, сөзжұмбақтар  жасау.

Ал бастайық.

Оқушылар жұмыстарын жасап отырған уақытта, мен әрқайсысынан газеттің қай айдарын жасап отырғанын қандай материалдар жасап отырғандықтарын сұрап отырамын. Суреттерін сканер арқылы кірістіріп, компьютерлеріне қойып ашып, материалдарын бітіргеніне қарай принтерге шығарып отырады, ал бірінші бітірген оқушыдан ол бетті жасау үшін не істегенін, мәтінді қалай енгізді, пішімдеудің қай түрін қолданды, кандай автофигура қолданғанын, қандай фон түсін алғанын, қалай сақтағанын сұраймын. Сөйтіп  әр оқушы өз жасаған материалын түсіндіріп береді.

ІҮ.Жаңа сабақты бекіту

Әр топтың редакторларын шығарып, өз топтарының жасап шығарған газетін жарнамалайды.

Ү.Үйге тапсырма                                                                                                                                                                                  

«Достық» тақырыбында неше түрлі материалдар жинақтап келу.

ҮІ.Оқушыларды бағалау