Үлгітүр негізінде презентация жасау. /Power Point бағдарламасы/

79

Сабақтың тақырыбы:  Үлгітүр негізінде презентация жасау.

/Power Point бағдарламасы/

 

Сабақтың мақсаты:      1) Оқушыларға Power Point бағдарламасы арқылы

үлгітүр негізінде презентация құруға үйрету, білім-біліктілік қалыптастыру.

2) Оқушыларға  презентацияны құруда алған білімдерін пайдалануын жетілдіру, өмірмен байланыстыру.

3) Оқушыларды озінің туған жеріне деген сүйіспеншілікке  тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың  әдісі: көрнектілі, практикалық.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау.

  • Балалар сендер өткен сабақтарда Презентация дайындауға арналған Power Point бағдарламасымен танысып жұмыс істеу әрекеттерімен танысқан болатынсыңдар? Қазір компьютерде өткен тақырыптар бойынша тест жұмысын орындайсыздар барлыгы 5 минут уақыт беріледі. Жауаптарыңыз пайыз түрінде анықталады.

Бағалау критерийі 100%-90%- 5 деген баға; 89%-75% -4 деген баға, 74%-51% – 3 деген баға қойылады. Оқушылар алдарындағы қағаз бетіне тестті орындау уақыты мен пайызын қояды.

  • Тест жұмысы. Компьютерде орындалады.
  1. Презентация бұл …
  2. ~операциялык жуйе
  3. ~қолданылатын программалау тiлдерiнiн сипаттамалары
  4. ~көрсету, баяндама, жобаны, есеп берудi қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен кызмет, енгiзу нәтиженi бакылауды т.б ұсыну.
  5. ~стандартты программа
  6. Слайд дегенiмiз не?
  7. ~объектiлердi редакциялау
  8. ~көзге корiнетiн күрделi объект оның құрамына мәтiн, кестелер, графикалык кескiндер, схема, бейнеклип,дыбыс үзiндiлерi мен гиперсiлтемелер кiредi
  9. ~терезе элементi
  10. ~инструменттер катары

 

3.Презентация дайындау үшiн колданылатын программа

  1. ~MS Word
  2. ~MS Excel
  3. ~Paint
  4. ~Power Point
  5. Power Point -ты iске косу арекеттерi …
    1. ~ПУСК-ПРОГРАММЫ-Paint
    2. ~ПУСК-Все программы-MS Office -Power Point
    3. ~ПУСК-Все программы-MS Office -MS Exce
    4. ~ПУСК-Все программы-MS Office -MS Word

5.Слайдтарды бейнелеудiн негiзгi режимдерi

  1. ~файл, правка, вид, вставка
  2. ~такырыбы, меню жолы, жумыс аймагы,
  3. ~әдеттегi, слайдтарды сорттаушы, слайдтарды көрсету
  4. ~барлығы дұрыс

т.б.

 

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

  • Бүгінгі өтетін тақырыбымыз Power Point бағдарламасында үлгітүр негізінде презентация жасау.

/Слайдтан көрсету/

Үлгітүр негізінде презентация жасаудың Power Point бағдарламасында екі типін ұсынады:

  • презентациялар үлгітрүрі;
  • көркемдеу үлгітүрі.

 

Презентация үлгітүрлері:

Сату жоспары, Бизнес-жоспар, т.б. атаулары бар. Пайдаланушы үлгітүр ұсынған мәтінді ала алады немесе оны авторлыққа ауыстыра алады.

Көркемдеу үлгітүрлері профессионалды әрлендірушілермен жасалған және прзентацияның барлық слайдтарына біркелкі көркемдеуді беру үшін қызмет етеді. Үлгітүрдің әрқайсысының белгілі бір түстік гаммасы, өзінің стилистикасы бар, әр түрлі графикалық элементтері, өлшем параметрлері және қарпі, арнайы эффектілері бар. Презентациямен жұмыс кезінде   көркемдеу үлгітрүрін таңдауға зейін қою керек, себебі ол презентация тақырыбымен үйлеспеуінен басқа, мұнда енгізілген мәтін немесе графикалық объектілер жоғалып кетуі мүмкін.

Power Point бағдарламасында үлгітүрді таңдау үшін: Вид-Разметка слайда әрекетін орындау керек. Терезенің оң жағында шыққан тапсырмалар тақтасы бойынша өзіңізге қажетті үлгітүр түрін қажетті слайдқа қолдануға болады.

Оқушыларға сұрақтар қойылады?

1.Power Point бағдарламасында үлгітүр негізінде презентация жасаудың қандай типтері ұсынылады?

  1. Презентацияны үлгітүр негізінде құру үшін қандай әрекеттер орындалады?
  2. Слайдқа анимация жасау әрекеті?
  3. Слайдты сақтау?

 

Оқушылармен жумыс.

  • 16 желтоқсан Қазақстан  Республикасының айтулы күні, яғни Тәуелсіздік мерекесі. Биыл тәуелсіздігімізге 20 жыл болды. Еліміздің дамуында біздің қаламыздың Семей қаласының үлесі зор.

Қазір сіздер Республикамыздың рухани қаласы Семей қаласы туралы презентация жасайсыздар.

Сіздердің алдарыңызда Жұмыс үстелінде Семей қаласы деген қапшықта жалпы Семей қаласының дамуы туралы суреттер бар сол суреттерді презентацияны құруда қолдануларыңыз керек.

Презентацияның тақырыбы: «Туған қалам — Семейім»

/Слайдан  көрсетіледі./

 

  1. Практикум. /Оқушылар презентация құрады, жасаған презентацияны сақтайды/
  2. Презентацияны қорғау.

 

ІҮ. Бекіту.

Үй тапсырмасы: Семей қаласы туралы қосымша деректер дайындап әкелу, презентацияны жалғастыру.  1.6.4, 1.6.5 тақырыпты оқу.

Бағалау. Қорытындылау.