Логиканың негізгі түсініктері. Бастауыш және оның жасалу жолдары

89
Пәні:  Информатика
Сыныбы: 9 8
Уақыты: 08.10.2010
Сабақтың тақырыбы: §3.1. Логиканың негізгі түсініктері. Бастауыш және оның жасалу жолдары

 

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

 

а) Ақпараттық

ә) Коммуникативтік

б) Проблеманы шешу

 

 

а)ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің ішінде, әдетте логикалық деп аталатын есептерде аз емес екендігінен, логика және пікір ұғымдары туралы ақпарат беру. Қазақ тілі пәнімен байланыстыру.

ә) Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа дағдыландыру.

б) Оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап, тапсырма.
Көрнекілігі: слайдтар көрсетілімдері
Оқыту құралдары: Оқулық, интеактивті тақта, компьютер
Сабақтың барысы: Оқытушының қызметі Оқушының қызметі Күтілетін нәтиже
I.Ұйымдастыру бөлімі Оқушылармен амандасу, сыныптың тазалығын, тәртібін қадағалау, жоқ оқушыларды тексеру. Оқытушымен амандасу, сыныпты таза ұстау,сабаққа даярлану. Оқушылардың түгел болуы, сабаққа дайындығы, сыныптың тазалығы, тәртібі.

 

II.Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырып бойынша сұрақтар:

1.Позициялық санау жүйесінде арифметикалық амалдар қалай орындалады?

2. Екілік санау жүйесінде қосу амалының дұрыс екенін қалай тексеруге болады?

 

Өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру:

1.   Арифметикалық амалдар барлық позициялық санау жүйелерінде бізге таныс ережелермен орындалады.

2.   Екілік жүйеде сандарды қосу екілік жүйедегі сандарды қосу кестесіне негізделген.

Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берілу.
ІІІ. Жаңа материалды меңгеру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің барлық сөзіміз пікірлерден, яғни сөздік өрнектердің мәндерінен тұрады. Пікірлер табиғи және формалды тілдердің көмегімен өрнектелуі мүмкін. Мысалы, пікір табиғи түрде «бес жердегі бес жиырма бес» сөзімен берілсе, ал формалды (математикалық өрнегі) тілде мына түрде жазылады: «5·5=25»

Пікір деп ақиқат немесе жалған екенін тұжырымдауға болатын, мағынасы бойынша аяқталған сөйлемді айтамыз.

Логика – пікірлер және олардың байланыстары туралы ғылым.

Ойлау, пайымдау әдістері туралы алғашқы ілімдер Ежелгі Шығыс елдерінде пайда болды, бірақ оның негізіне грек ойшылы Аристотель құрған ілім жатады. Неміс ғалымы Г.В.Лейбниц (1666жылы) алғаш рет ойлау, пайымдау заңдарындағы анықталмағандықтың ауызша төрелік етуін және пікірлер арасындағы байланысты математикалық қатынас түрінде анықталатын математика тіліне аударуға тырысты.

Жүз жылдан соң ағылшын математигі Джордж Буль математикалық заңдылықтарға бағынатын логикалық әмбебап тілді құру туралы Лейбниц идеясын дамытты. Ол өз алдына ерекше алгебраны – барлық обьектілерге, атап айтқанда, сандар, әріптерден бастап сөйлемдерге дейін қолдануға болатын белгілеулер мен ережелердің жүйесін ойлап тапты. Джордж Буль логикалық алгебраның атасы болып табылады.

ХХ ғасырдың басына дейін логика іс жүзінде дамыған жоқ, ол тек ЭЕМ теориясының пайда болуынан бастап қана өзінің қарқынды дамуын бастады.

Әрбір ғылым сияқты логика да бірнеше пәндерді қамтиды. Мысалы, формалды логика, математикалық логика, ықтималдық логика, диалектикалық логика және т.с.с. пәндерді атауға болады.

Формалды логика сөйлесу тілімен берілген пікірлерді талдаумен байланысты.

Ықтималдық логика кездейсоқ параметрлермен жасалатын сынақтың бірнеше серияларын қолдануға негізделген. Алынған нәтиженің дәлдігі жасалынған тәжірибелер санына тәуелді. Мысалы, тиынды лақтырғанда «елтаңба» немесе «жазу» жағының түсу ықтималдығы ½ -ге тең, яғни тиынды лақтыру саны артқан сайын осы ықтималдық нақтылана түседі.

Математикалық логика дәлелдеулер техникасын зерттейді. Компьютерлер математика пәні сияқты анықтамалар мен дәлелдеулерде нақтылықты және қатаң реттілікті талап етеді. Пікірлер алгебрасы математикалық логика аймағы болып табылады.

Пікірлер алгебрасы – идеал пікірлерге қатысты ақиқат немесе жалған пікір деп тұжырымдауға болатын пікірлерді зерттейтін логикалар алгебрасы. Логикалар алгебрасы пікірдің мағынасына назар аударып, терең қарастырмайды.

Сондықтан логикалар алгебрасы тек екі мағынаға ие болады, яғни пікірлердің кез келгені «ақиқат» немесе «жалған» пікірлердің біреуін ғана сипаттайды.

Қарапайым пікірлер логикалар алгебрасында латынның бас әріптерімен таңбаланады:

А={Абай – қазақ халқының ұлы ақыны}.

В={ А.С. Пушкин – ұлы математик}.

Ақиқат пікірге 1 саны, жалғанға 0 саны сәйкес қойылады. Сондықтан А=1, B=0.

Құрмалас пікірлер табиғи тілде пікірлер алгебрасында логикалық амалдармен алмастырылатын «және», «немесе», «теріске шығару» сөздері арқылы құрылады. Логикалық амалдар ақиқаттық кестесімен беріледі және графикалық түрде Эйлер – Венн диаграммасы көмегімен бейнеленеді.

Бастауыш және оның жасалу жолдары

Ай – Жердің серігі. Шағырлой ауылы — Сырым ауданындағы  елді мекен Жаны сұлу  ешкімге жамандақ жасамайды,
Бастауыштың жасалу жолдары
Адамдардың көзі көк болады. Мен — жоғарғы  оқу  орнының  студентімін. Сыпайы  сырын  сақтар.
Төрт жердегі төрт –он алты, Асық  ойнаған азар, доп  ойнаған  тозар, Сөйлеу-мәдениеттіліктің белгісі,
“О, алақай!”- қуанудың белгісі Еріншектің  ертеңі бітпес,
Оқушылар машықкер түсіндірген жаңа материалды зейін қойып тыңдап түсініп алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV. Жаңа материалды бекіту. 1.     Пікір дегеніміз не?

2.     Логика дегеніміз не?

3.     Формалды және табиғи тілде берілетін пікірлерге мысал келтіріңіз.

4.     Қандай пікірлер жалпы деп аталады? Жалпы және жеке пікірлерге мысал келтіріңдер.

5.     Және жалғаулығымен мысал келтір?

1.     Ақиқат немесе жалған екенін тұжырымдауға  болатын, мағынасы бойынша аяқталаған сөйлемді айтамыз.

2.     Пікірлер және олардың байланыстары туралы ғылым.

Барлық оқушылар

алған білімдерін пайдаланып

қайталау барысындағы тапсырма дұрыс орындап, мұқият жауап жазады.

 

V. Үй тапсырмасын беру бөлімі. Үйге тапсырма:

§ 3.1   3.1 тапсырма

Бастауыш

37 жаттығу

 

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне мұқият жазып алады. Үй тапсырмасын түсініп орындауы.
VI. Қорытынды бөлімі. Сабаққа белсене қатысқан  оқушылар бағаланады.

Компьютерлік сауатты боп,

Тілімізді сақтайық!

Оқушылар бағаларын күнделіктеріне қойдырады. Оқушылар бағаланады.Сабақ өз мәресіне жетті.