Қарапайым мәтіндік редакторы. Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту

45

Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редакторы. Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды WORD PAD мәтіндік редакторымен таныстыру және сол мәтіндік редакторды пайдалана отырып, құжатқа мәтін жазуды үйрету;

Дамытушылық: Оқушыларды осы тақырыпты пайдалана отырып, мәтінді қатесіз жазу шеберлігіне баулу, сол шеберлікке ұмтылу барысында логикалық және фантазиялық ойлау қабілеітін арттыру, танымдық белсенділігін арттыру, іздендіру, оқушылардың компьютермен жұмыс істеуіндегі жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп, алған білімдерін басқа пәндер үшін, сабақтан тыс жұмыстар үшін және жалпы келешекке өздері үшін пайдалана білулеріне ықпал ету;

Тәрбиелілік:Еңбекке баулу, ұлттық салт – дәстүрге, пәнді сүюге, өзінің Отанын сүюге, қызығушылыққа, қайырымды болуға, дарындылыққа тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктері:  компьютер, мультимедиялық тақта, презентация, ілме қағаздар, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың түрі:Дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі:Аралас сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру, оқушылар назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын тексеру: 

Біз  өткен сабақта “ PAINT графиктік редакторы ” тақырыбын аяқтадық. Кімнің мүмкіндігі бар,
сол оқушылар үйден тапсырма орындап келу керек болатын. Ал қане, жұмыстарыңызды тапсырыңдар… Өткен тақырып бойынша оқушылар тест тапсырмаларына және компьютерде «Менің үйім» атты суретті салып беретін болады.

III.Жан –жақты білімін тексеру

  • PAINT графиктік редакторын қалай іске қосамыз?
  • PAINT графиктік редакторы ағылшын тілінен аударғанда

қандай мағына білдіреді?

  • PAINT графиктік редакторының терезесі қандай

элементтерден тұрады?

  1. Мақсат қою кезеңі:Бүгінгі сабақта біз WordPadмәтіндік редакторында қандай жұмыс істей аламыз: Mәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріпті қолдануға, сонымен бірге графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.Соның ішінде бүгін қарапайым мәтіндік редакторы. Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжытутуралы түсінік береміз.
  2. Жаңа сабақ

Балалар енді біздер теория мен практиканы ұштастыра отырып, осының ішінде мәтінді енгізуге тоқталып кетеміз. Келесі сабақтарда әрқайсысына жеке- жеке тоқталып кетеміз.Мәтіндік процессор— кез- келген мәтіндік құжаттарды автоматты түрде өңдейтін программалар тобы. Оларды мәтіндік редактор деп те атайды.

WordPad  мәтіндік редакторы.

Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтіндер дайындауда  кеңінен пайдаланылады. Компьютерлер тек баспа машинасының қызметін атқарып қана қоймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген қосымша мүмкіндіктер береді.

Біріншіден, компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін үзіндлерін қосуға, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әр түрлі құжаттарды бірін- біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге. Жолдарды экранның ортиасына келтіруге, құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.

Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, әр тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.

Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде (қисық бойында орналастыруға, «көлемді» пішін беруге, көлеңкелеуге және т.б.) орналастыруға болады.

Төртіншіден,  қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды (хат, кітап мәтінін т.б.) сканер арқылы өткізіп, тану бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.

Бесіншіден,  стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға болады.

Алтыншыдан,  мәтіндерді дискілерде қысып жазып қоюға да болады.

WordPad  мәтіндік редакторымен жұмыс істеу.

WordPad  мәтіндік редакторы қарапайым міәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad  құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріп қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.

WordPad  бағдарламасын іске қосу.

WordPad  мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск- Программы- СтандартныеWordPad  . Редактор  іске қосылғанннан кейін экранға WordPad  мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню  жолы, құрал- саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.

Терезенің  көр бөлігін жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.

Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad  бағдарламасының аты көрінеді.

Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманың, міндетін білу үшін маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төртбұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.

Жылдам қол жеткізутақтасы
Жолақ

 

 

 

 

Жай күй жолы
Сызғыш
WORDPAD батырмасы

Мәтін теру ережелері:

  1. Бас әріпті немесе символды жоғарғы регисторден енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек.
  2. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса- Caps Lock пернесін пайдалану керек.
  3. Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады.
  4. Дефис бос орынсыз қойылады.
  5. Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады.
  6. Ұзын сызықша алдына да, соңынада бос орынмен қойылады.
  7. Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайды.
  8. Enter пернесін абзацтың соңында басады.Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады.

Мәтін бойынша жылжыту:

Курсорды мәтін бойынша стрелкалармен, Home (жолдың басына), End (жолдың соңына), Page Up, Page Down (бір бетке жоғары немесе төмен) пернелерімен жылжытуға болады. Түзетуге жататындар: мәтін фрагменттерін жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыру. Мәтінді ерекшелеу үшін пернетақта мен тышқанды қолданған қолайлы.

Жаңа тақырып бойынша сөзжұмбақшешейік.
W
1 H O M E 6
R C
2 P A G E D O W N A
3 P A G E U P
4 A 7 S H I F T
5 E N D L
N O
T C
E K
R
 

1.

Мәтінбойыншажолдыңбасындақандайпернелерменжылжытуғаболады?
2. Мәтінбойыншабірбеткетөменқандайпернелерменжылжытуғаболады?
3. Мәтінбойыншабірбеткежоғарықандайпернелерменжылжытуғаболады?
4. Қандайперненіабзацтыңсоңындабасады?
5. Мәтінбойыншажолдыңсоңындақандайпернелерменжылжытуғаболады?
6. Бас әріппенбірнешесөзенгізуүшінқандайпернеқолданылады?
7. Бас әріптінемесесимволдыенгізуүшінқандайпернеқолданылады?

 

Сергіту сәті

Менинформатикболғым келеді!Суретте берілген компьютердің құрылғыларының аттарын жазыңыз.

  1. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

Практикалық жұмыс

Барлық оқушылар жеке- жеке тапсырмалар орындайды.

  1. Сәйкестендіру. WordPad мәтіндік редакторының батыраларының қызметтерін анықтаңыз.

 

Батырма   Қызметі
  Жаңа құжат құру
  Сақталған құжатты ашу

 

  Құжатты сақтау
  Құжатты баспаға шығару
  Қиыпалу
  Көшіру
  Қою
  Қаріп өлшемі
  Жартылай қалың
  Курсив
  Асты сызылған
  Қаріп түрі
  1. WordPad мәтіндік редакторының терезесін жазып шығыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Жылдам қол жеткізу тақтасы
    2) Жолақ
    3)Сызғыш
    4) Жай- күй жолы
    5) WORDPAD батырмасы
  1. Компьютермен жұмыс

Суреткеқарапмәтінқұржәне оны компьютердетеріп ,жаз.

VII. Бекіту кезеңі. 

  • WORDPAD бағдарламасын қалай іске қосамыз.

2) WORDPAD   бағдарламасының терезесінің элементтерін атаңыз?

3) Мәтін теру ережелерін айтыңыз?

Word-та нені үйрендік. Соған тоқталып, жазып шығамыз. Барлық оқушылар жеке- жеке айтып шығады.

 

 

Сабақта жеткен жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқтала отырып, бүгінгі сабаққа қысқаша шолу жасау арқылы сабақты қорытындылау.

Сабаққа жақсы қатысып, барлық тапсырмаларды мұқият, шапшаң орындап отырған оқушыларға баға қоямын.

VIII. Үйге тапсырма.§19- 20 тақырыпты оқу, оқулықтан тест тапсырмаларын орындап келу. «Менің мектебім» атты тақырыпта шығарма жазу, WordPad- та мәтінді теру.