Таңғажайып «Интел» планетасына саяхат

62

Сайыстың  тақырыбы:   Таңғажайып «Интел» планетасына саяхат

Сайыстың мақсаты: Фантастикалық — ойын  сабақ ретінде  өткізе отырып, оқушыларды  тапқырлыққа  баулу, логикалық  ойлау, есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту.

Бағдарламалық — дидактикалық  қамсыздандыру: Интерактивтік тақта,

компьютер, оқулық, слайд, карта, шарлар.

Сабақтың түрі: Ғылыми-фантастикалық  сайыс сабақ

Сабақтың типі: Сұрақ  – жауап.

Сабақтың  жоспары:

  1. «Сөзжұмбақ» планетасы
  2. «Шарлар» планетасы
  3. «Тас қамал» планетасы
  4. «Логикалық » есептер шешу
  5. «Фантастикалық» ой — толғау
  6. Қорытынды

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Негізгі бөлім

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Екі топтың өздерінің аттары болады.

10«А» сынып «Norton Commander» тобы, 11«А» сынып  «Dos Navigator»тобы

2050 жыл 21 желтоқсан біздің Жер планетамызға беймәлім Draiver галактикасының «Интел» планетасынан шифрленген SOS Хабарлама келіп түсті.

Хабарламаны  Жер планетасының ғылыми зерттеу орталығының шифраторлары шешіп, Интел планетасына әр түрлі ғылым салаларынан  2 топ экипаж мүшелерін ғарыш кемелерімен ұшыруға дайын.

 «SOS! SOS! Қымбатты басқа планеталар тіршілік иелері! Біздің «Интел» планетамыз жету жолы шифланып кодталғандықтан, басқа планета иелерімен байланысып-қатынасу  мүмкіндігі жоқ. Кімде-кім осы кодталған құпияны шешетін болса, олар біздің ең құрметті атағымызға ие болады.» — деп жазылған екен. Хабарламамен бірге Draiver галактика жүйесінің  картасы берілген. Картада «Интел» планетасына ұшып бару үшін бірнеші Планета аралық кедергілерден өту керек.

Сонымен, жолдарың болсын, іске сәт! Целерон-1, Целерон-2 ғарыш кемелері ұшуға дайындаламыз, төрт, үш, екі, бір, ноль, бастау.

(Слайд1)

Целерон-1, Целерон-2 ғарыш кемелері «Draiver» галактикасының «Сөзжұмбақтар» планетасына ұшып келді.   Бұл планета біздің экипаж мүшелеріне  өз тапсырмаларын берді. Бұл тапсырманы дұрыс орындап, кодталған құпияны шешетін болсақ, бізге «Интел планетасына» ұшып жету маршрут картасын бір бөлігін береді. Қалған бөліктерін келесі планеталардан сынақтарын өтетін болсақ аламыз.

(Слайд 2)

Экипаж мүшелері ары қарай жолға шығып, машрут бойынша «Шарлар» планетасына ұшып келді. Бұл планетаның тіршілік иелері ары ұшып кету үшін келесі тапсырмалар жиынтығын қолымызға ұстатты. Қолдарыңа  домина таспалары  беріледі. Бірінші топтың экипаж мүшелеріне Стандартты саймандар, ал екінші топ экипаж мүшелеріне Форматтау саймандар тақтасының  пиктограммаларын тауып, оларды жұптарымен тізіп шығу керек.

(Слайд3)

Біздің ғарыш кемелеріміз «Шарлар» планетасының тапсырмаларын ойдағыдай орындап, ары қарай ұшу маршрутының картасын қолдарына түсірген соң,  келесі «Тас қамал» қара түнек кедергісіне ұшып кетті.

Міне «Draiver» галактикасының «Тас Қамал» қара түнегіне келіп қондық. Бұл жерде біздің жас ғалымдарымызды тағы бір сынақ  тапсырмалары күтіп тұр. Берілген тапсырмада орындары ауыстырылып берілген сөздердің жұбын тауып, оны тақтада көрсету керек.

(Слайд4)

Бұл тапсырманы орындап шыққан экипаж мүшелері келесі ұшу жолының маршрутын алып ары қарай «Интел» планетасына ұшып кетеді.

Міне көп күттірген «Интел» планетасына ұшып келдік. Келген экипаж мүшелерін планетаның тіршілік иелері бірінші сараптамадан өткізіп барып, бірақ қабылдайды. Бұл сараптамада  логикалық  есептер шешуді   орындаймыз. Тапсырманы дұрыс және бірінші орындаған экипаж мүшелері «2050  жылы  мектеп  қандай  болсын  деп   ойлайсыңдар?»  деген тақырыпта  фантастикалық  ой -толғау  өз пікірлерін  ортаға  салу керек.

«Интел» планетасының ең қымбат құрмет грамотасына ие болады.

(Слайд5)

Қорытынды:

Міне, біздің  жер планетасының жас ғалымдары өз жетістіктеріне жетіп, «Интел» планетасының тұғырықтан шығарды. Ойынға тыңғылықты дайындалып, ерекше қатысқан топты және оқушыларды  мақтау қағазымен марапатталады.