MS EXCEL-ге берілгендерді енгізу және редакциялау

43

Сабақтың тақырыбы:  MS EXCEL-ге берілгендерді енгізу және редакциялау

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: оқушыларға MS EXCEL-дің күнделікті тұрмыста маңызды қызмет атқаратынын түсіндіру

2.Дамытушылық: MS EXCEL кестелік процессоры арқылы оқушыларға есептер шешімін табу, күрделі формулалар жаза білуін дамыту

3.Тәрбиелік:Оқушыларды ұқыптылыққа, жылдам жұмыс жасауға, алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, компьютер, интерактивті тақта, проектор, жұмыс дәптері, МS Power Point  ортасында жасалған слайдтар,                                                плакат,үлестірмелер

 

Сабақтың түрі:  жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Практикалық түсіндірме

 

Сабақтың жүру барысы

 

І.Ұйымдастыру ;  а) сәлемдесу

ә)оқушыларды түгендеу

б) сабақтың мақсатымен таныстыру

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру; Өткен сабақты еске түсіру үшін (Миға шабуыл)

 

 

1.Жұмыс істеп тұрған ұяшықтың аты;

  1. Бағандардың аты;
  2. Жұмыс істеп тұрған ұяшық;
  3. Жұмыс парағы;
  4. Жол аты;

6.Парақ қаттамасы;

  1. Басқа параққа ауысу батырмасы;
  2. Формула жолы;

 

ІІІ. Жаңа сабақ;

Берілгендерді енгізу . Берілгендерді ұяшыққа енгізу үшін ұяшықты белгілеп, оған клавиатура көмегімен берілгендерді енгізу керек. Берілгендер ұяшықта және редакциялау жолында көрсетіледі. Берілгендерді енгізу кезінде формула жолының сол жақ бөлігінде  үш батырма тұрады, олар: қызыл крест, жасыл белгі  ( «˅») және «=» ,белгісі немесе

Егер қызыл кресті батырманы шертсеңіз, онда енгізу тоқтатылып, ұяшыққа енгендер – өшіріледі. Егер  белгісінің батырмасын шертсеңіз, экранда Функция шеберлері (Мастера функция) диалогтік терезесі көрінді (оны 8,3 тақырыпта қарастырамыз).

Формула жолы

Енгізуді аяқтау үшін Enter-ді немесе курсорды бағыттаушы пернелердің біреуін басу керек. Берілгендерді енгізу аяқталады және жұмыс істеп тұрған ұяшық келесіге ауысады.

Кез-келген электронды кестенің ұяшығына:

  • Сан;
  • Формула;
  • Мәтіндік (алфавиттік – сандар) ақпараттарды енгізуге болады.

Сан.  Үнсіз келісім бойынша сан ұяшықтың оң жақ шетіне тураланады. Ұяшыққа сыймайтын үлкен сан енгізілсе, онда EXCEL ұяшықты ######### символдарымен толтырады, сондықтан санды толығымен көру үшін бағанды кеңейтуге тура келеді.

Формулалар. Егер сіз «=» белгісімен басталатын символдар тізбегін терсеңіз, онда EXCEL оларды формула деп қабылдайды.

Формула бір жолға барлық амалдар белгісі қолданылып және символдар тізбектеліп, бірінен кейін бірі жазылады.

Мысалы, сіз ұяшыққа D5 формуласын енгіздіңіз: = A5+B5*C5.

Бұл ұяшықтың мәні B5 және C5 көбейтіндісін A5 ұяшығындағы мәнге қосқанда шығатын санға тең болады.

Мәтін. Егер сіз сан немесе формула емес символдар тізбегін тересіз, онда EXCEL оны мәтін, яғни символдық ақпарат ретінде қабылдайды. Мысалы,

-55,99 немесе а 55,9 –мәтін; =Ғ1+Ғ2 – формула, а Ғ1+Ғ2-мәтін.

Берілгендерді редакциялау. Ұяшықтардағы мәліметтерді редакциялаудың бірнеше әдісі бар:

  • Ұяшықты белгілеп, курсорды қажетті орынға апарып, оны формула жолында редакциялау.
  • Ұяшыққа апарын, екі мәрте тышқанды шерту немесе ұяшықты белгілеп және Ғ2 пернесін басу.

Ұяшықтағы редакциялауды аяқтағасын, Enter  пернесін басу керек.

 

  1. Сабақты бекіту.

 Бүгінгі сабақ бойынша тапсырма

 

  1. MS EXCEL-ді ашыңыз
  2. Үлгі ретінде ұсынылған кестені құрыңыз.

 

3.А1 ұяшығына кестенің «Қызметкерлерге берілетін жалақы (теңге) тақырыбын енгізіңіз.

Кестенің тақырыбын енгізу үшін мына команданы орындаңыз. Пішін (формат) →ұяшық (ячейка) →қосымша (вкладка).

  1. А2 ұяшығына «Аты – жөні» сөзін енгізіңіз
  2. В2 ұяшығына «Қазан» сөзін енгізіңіз
  3. С2 ұяшығына «Қараша» сөзін енгізіңіз
  4. Д2 ұяшығына «Желтоқсан» сөзін енгізіңіз
  5. Е2 ұяшығына «Барлығы» сөзін енгізіңіз

9.А3, А4, А5 ұяшықтарына қызметкерлердің тегі мен аты-жөнін толтырыңыз

10.В3:Д6 аумағына сәйкес сан мәндерін енгізіңіз

11.Кестені жұмыс дискіңізге сақтаңыз.

 

 

 

 

  1. Ой толғау
  2. “Кім жылдам?”

Оқушылар бұл ойында информатика пәніне байланысты сөздерді жазып шығу қажет. Кім көп сөз жазады, сол жеңіске жетеді.

 

  1. “Келесі” ойыны

Сұрақ қойылады, жауабын білмесеңдер ,“Келесі” деп айтасыңдар, сол кезде сұраққа келесі оқушы жауап береді.

 

1.Беттің нөмірін қою үшін?

2.Кесте (таблица) қою үшін?

3.Редакциялау дегеніміз?

4.Мәтінді форматтау дегеніміз?

 

 

VI.Қорытындылау, бағалау

Оқушыларды әрбір бөлімге қатысуына  байланысты бағалау

 

VII.Үйге тапсырма

  • 8,2 — 98-99 бет оқып келу