Ехсеl-дегі деректермен жұмыс және формуланы енгізу және көшіру

40

3/29-сабақ жоспары

Мерзімі 15.04.2013 ж.

Сыныбы: 8”Ә”

Пән атауы: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Ехсеl-дегі деректермен жұмыс және формуланы енгізу және көшіру

Сабақтың мақсаты:  Еxcel-дегі деректермен жұмыс және формуланы енгізу және көшіру жолымен таныстырады

Сабақтың міндеттері:

— оқушыларға ұяшыққа формуланы енгізу және көшіруді үйретеді;

— оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды, қарапайымнан  күрделіге қарай орындата отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытады ;

— уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиеленеді.

Қолданылған модульдер: “АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”,  “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,  “Оқытуды басқару және көшбасшылық”, “Талантты және дарынды балаларды оқыту”,  “Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу”.

Стратегиялық іс-әрекеттер: “Жылы лебіз”, “Миға шабуыл”,  “Бағдаршам ”, “Сыр сандық”, “Формативті тест”, “Екі жұлдыз, бір тілек”.

Уақыт өлшемі Жоспар мазмұны Мұғалімдер іс-әрекеті Оқушы іс -әрекеті Бағалау Ресурстар
 5 мин. Кіріспе

Сыныпта психологиялық ахуал тудыру

Жылы  лебіз тренингін жүргізу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Қайырлы таң достым,
Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің әр кезі,
Сәттілікке толсын.
Бүгінгі алар бағамыз,
Кілең «бестік» болсын!

Оқушыларды сыныпта қарсы алады, сәлемдеседі.

Орындарынан тұрғызып, щеңбер құрғызып, жақсы тілектер айтқызады.

Оқушылардың назарын сабаққа аударады.

Оқушылар бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді

 

Оқушылар сабаққа дайын екендігін көрсетеді.

 Жарайсың! (ф.б.) Тұсаукесер
5 мин. Білу

Үй тапсырмасын сұрау

Сыр сандық

Сыр сандықтағы оқушылардың жасырған сұрақтарын ұсыну Оқушылар жасырынған сұрақты талдау және  шағын тестке жауап беру.  Өзін-өзі бағалау Сыр сандық, таратпа қағаздар
3 мин. Топқа бөлу

1-топ Сандар

2-топ Ұяшықтар

3-топ:Амалдар

Оқушыларды топтарға бөледі. Қағазға қарап, сандар, амалдар, ұяшықтарға  байланысты шағын топтарға бөлінеді. Ауызша бағалау (мадақтау) Бірінші топтасқан оқушыларды мадақтау Түрлі-түсті топтасу қағаздары
2 мин. “Миға шабуыл” стратегиясы Кестеге байланысты тақырып мазмұнын анықтайтын сұрақ қояды.

 

Оқушылар сұраққа жауап беріп сұрақтар кестелік тақырыбына қатысты анықтайды. Смайлинг (ф.б.) Флипчарт
15 мин. Түсіну

 Негізгі бөлім

Жаңа сабақ

1-топ  Формуланы енгізу.

2-топ Формулаларды көшіру.

3-топ Салыстырмалы және абсолют сілтемелер.

 

Оқушыларға жаңа тақырып бойынша бағыт беру Жаңа тақырыпқа мақсат құру,  кітаптан оқып, бір-бірлеріне тақырыпты түсіндіреді.  Өзара бағалау Бағалау парағы, компьютер, флипчарт, маркер, қалам, электрондық оқулық, оқулық, интернет.
2 мин. Сергіту сәті Бейне жазбаларды қосып береді Оқушылар видео роликке қарап, орындайды  Жарайсың! (ф.б.) тұсаукесер
10 мин. Қолдану

Деңгейлік тапсырма:

1-тапсырма. Автоқосынды көмегімен бос ұяшықтарға тігінен, көлденеңнен қосындыларын есептеу керек. Көшіру командасын пайдалану.

2-тапсырма: Сандардың арифметикалық ортасын табу

3-тапсырма: Формула көмегімен сандарды дәрежеле

4-тапсырма: V=S/t формуласы бойынша жылдамдықты есепте.

Оқушылардың жас ерекшелігін және А, В, С деңгейдегі тапсырмаларды ұсанады. Берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды. Өзін-өзі бағалау (ф.б.) Таратпа қағаздар, компьютер
3 мин. Талдау

Қорытынды

“Формативті тест” MS Excel бағдарламасында жасалған автотест әдісі арқылы.

 Оқушыларға білімдерін жүйелеу үшін  тест тапсырмасын ұсынады Берілген тест тапсырмасы

бойынша

жұптық әрекет жасайды.

 Өзара бағалау әрекеті Компьютер, бағалау парағы
2 мин. Жинақтау

 «Екі жұлдыз, бір тілек»

Мақсаты: алған білімді қорытындылау, жинақтау.

 

 

Бағалау

Дамыту

 Үйге тапсырма: §8.3 тақырыпты оқу, кестеде формуланың тиімді жолдарын қарастырып келу.

Кері байланыс әрекетін жүзеге асыру үшін стикер ұсынды.

 

 

Жиынтық бағалау

 

Үйге тапсырма ұсыну

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазды және өз ойларын өлең түрінде ұсынды.

 

Ұпайларын есептеу

(1-3 ұпай)

15-12 ұпай- «5» баға

11-9 ұпай-«4» баға

8-5 ұпай-«3» баға

Күнделікті алып, тапсырманы жазу

“Екі жұлдыз, бір тілек”

 

Жиынтық баға

 

 

Стикер, қалам

 

 

Бағалау парағы