Excel дің графикалық мүмкіндіктері. Диаграммаларды салу

39

Сабақтың тақырыбы:   Excel дің графикалық мүмкіндіктері.  Диаграммаларды салу

Сабақтың мақсаты:           

Білімділік:          оқушыларға  Excel-дің негізгі графикалық мүмкіндіктерімен таныстыру және құрылған кестеге диаграмма тұрғызуды үйрету;

Дамытушылық: оқушылардың компьютерлік бағдарламалар туралы түсініктерін, электронды кестені қолдану дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік:          оқушыларды біліми белсенділікке, Excel бағдарламасын сауатты пайдалануға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:           жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:          түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың көрнекілігі:        электрондық оқулықтар, практикум элементтері бар түсіндірмелі , интерактивті тақта, слайдтар, таратпа қағаздар.

Сабақтың барысы:   І Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;

ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;

б) сабақтың мақсатымен таныстыру

 

ІІ Үй тапсырмасына шолу 

  Теориялық тест тапсырмасы

Оқушылардың білімдерін сынау мақсатында сыныпқа слайдтар арқылы  төмендегідей тест сұрақтарын қойып, алдыңғы сабақта танысқан материалдарды қайталап өтемін.

 

  1. Бір мезгілде суреттегідей белгілеу үшін қандай батырма қолданылады? А) ctrl     Ә)   alt         Б) shift
  2. Слайдта көрсетілген команда не үшін қолданылады? А) Жұмыс бетін ерекшелеу үшін  Ә) Жұмыс бетінің атын өзгерту үшін    Б) Жұмыс бетін қосу үшін
  3. Суреттергі қандай қатар?

А) Формулалар       Ә) Мәзір             Б) Форматтау

ІІ   Мен нені үйрендім?

1) Excel  электрондық кестесі

2) Қатар

3) Баған

4) Ұяшық

ІІІ Таңдайық, таңданбайық — жауабын бірден табайық!

Әр бір компьютердің астында сұрақ жасырылған . Сұраққа жауап беру арқылы бір – бір ұпайдан алып отырады.

  1. Баған мен қиылысудан нелер пайда болады?
  2. Қатар дегеніміз не?
  3. Формуланы енгізу қандай таңбадан кейін жазылады?
  4. Электрондық кестедегі формула
  5. Ұяшық дегеніміз не?
  6. Microsoft Excel қандай программа?

 

ІV Білгенге маржан

Санау жүйесіне байланысты сұрақтар қойылады.

V  Үй тапсырмасын қорыту

 

VІ  Жаңа сабақ

                                      Диаграммалармен жұмыс істеу

Қазіргі заманғы кестелік процессорлар сүреңсіз статистикалық мәліметтерді бояулы диаграммалармен, графиктермен және графикалық объектілермен (серуттермен, схемалармен) түрлендіруге мүмкіндік береді. Диаграммалар мәліметтерді графикалық ұсыну үшін арналған.

Диаграмма – бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі. Диаграммалар бір ұяшықта тұрған қатені де тез көрсете алады.

 

Диаграммалар келесі типтегідей болып келеді:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әрбір енгізілетін мәліметтерге құрылатын диаграмманың түрін таңдау өте маңызды.

Дөңгелек диаграммадан басқа барлық диаграммалардың екі өсі бар:горизонталь немесе санаттар осі және вертикальнемесе мәндер осі. Көлемдік диаграммаларды әзірлеу кезінде үшінші ось – қатарлар осі үстемеленеді. Диаграммалардың тор, тақырыптар және аңыз (легенда) сияқты элементтері бар.

               Тақырыптар диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін пайдаланылады.

               Аңыз (легенда) диаграммада ұсынылған мәліметтердің қатарын айырып тануға көмектеседі. Қандайда бір мәліметтердің (бағандардың немесе жолдардың мәндері) негізінде диаграмманы құру үшін диаграмманың таңдалынған типін құруға талап етілетін ұяшықтардың ауқымын көрсету қажет. Ал содан кейін кестелік процессорда бар диаграммалар шеберімен диаграмманы құру керек.

Диаграмманың кейбір типтерін мысалда қарастырайық:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диаграмманы салу  үшін:

 

  • Диаграмма құратын мәліметтерді енгізу қажет.
  • Диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында ерекшелеу;
  • Вставка (Қою) менюіндегі Диаграмма командасын таңдау немесе Стандарт аспаптар тақтасындағы батырмасын шерту;

 

  • «Мастер диаграмм» (Диаграмма шебері) диалогтік терезесінде диаграмма түрін таңдау қажет;
  • Келесі қадамға өту үшін <Далее> (Жалғастыру) батырмасы қолданылады;
  • Кез келген қадамда диаграмманы құру үшін <Готово>(Дайын) батырмасын шертуге болады, сонда Диаграмма шеберідиаграмманы құруды аяқтайды.
  • Соңғы терезесіндегі <Готово>(Дайын) батырмасын шертіңіз.

Диаграмманың немесе басқа объектінің, мысалы, суреттің өлшемін өзгерту үшін оған тінтуірді шертіп, пайда болған белгілеу маркерлерін жылжыту арқылы өзгертуге болады. Диграмманың түрі мен параметрін өзгерту үшін диаграммаға тінтуірдің оң жақ батырмасын шертіп, контекст менюіндегі қажет команданы таңдау керек. Диаграмманы жою үшін оған тінтуірді бір рет шертіп, Delete пернесін басамыз.

 

VІІ  “Білгенімді зердеме тоқу”

Оқушылардың жаңа  материалды түсінгендігін тексеру үшін тапсырма беріледі.

Отбасы мүшелерінің жастарына байланысты диаграмма құру.

 

VІІІ  Сергіту сәті

 

ІХ  Лото ойыны

Лото ойынында әр бір шыққан шардың астында сұрақтар жасырысырылған , әр сұрақтың жауабына 2  ұпайдан  беріледі.

  1. Диаграмма құру неше қадамнан тұрады?
  2. Диаграмма дегеніміз не?
  3. Диаграмманың қандай түрлері бар?
  4. Excel бағдарламасын қалай іске қосуға болады?
  5. Диаграмада аңыз (легенда) не үшін қолданылады?

 

Х  Сәйкестікті тап

Тақтамен жұмыс ретінде диаграммалардың суретіне қарап аттарын тауып екеуін қосады

 

ХІ Ақпараттың өлшем бірлігі

Мына ақпараттың өлшем бірліктерін өсу ретімен дұрыс шығатындай етіп бірліктерді номерлеп шығу керек

 

1 Байт.

                            1 Мегабайт.

                            1 Гигабайт.

                            1 Килобайт.

                            1 Бит.

 

ХІІ  «Озық ойлы тапқыр»  Жаңа білімді пысықтау

Сұраққа дұрыс жауап берсе , жоғарыдағы жауабы сұрақтың жанына орналасады

 

І  Есептеуіш техника  негіздерін  салушы ғалымдар:

Чарльз Беббидж.

С.А.Лебедев.  

Ада Лавлейс.

 

Қойылатын сұрақтар:

1.Ол XIX ғасырдағы ең бірінші есептейтін программаларды құрды.

2.Ол ең алғашқы электронды есептеуіш машинаны шығарды.

3.Бірінші советтік электронды есептеуіш машинаға  1950 жылдары басшылық жасаған академик ғалым.

 

ІІ  Компьютердің   құрылғылары

Монитор

 Пернетақта.

 Принтер.

 Дискжетек

                               Қойылатын сұрақтар:

  1. Ақпаратты ЭЕМ-ге енгізуге арналған құрылғы?
  2. Ақпаратты(мәтіндер мен бейнелерді) ЭЕМ-нен адамға беруге арналған құрылғы?
  3. Ақпаратты адамға қағазға басылған мәтіндер мен бейнелер түрінде беруге арналған құрылғы?
  4. Ақпараттың үлкен көлемін сақтауға және қайта шығаруға арналған құрылғы?

ХІІІ   « Кім жылдам »

І топ: Сыныпта тұрған заттардың атын жазып,толтыру әрекеті арқылы нөмірлеу

ІІ топ: Сыныптағы  оқушылар тізімін компьютер тізіміне енгізу

 

ХІV  Үйге тапсырма беру

Excel-де күнделікті уақытты жұмсауға диаграмма құру.

ХV  Оқушы білімін бағалау 

 

 

 Оқушыларға жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды орындатқызып, осы сандарға диаграмма құрғызу және жұмысын тексеру. Жіберген қателермен жұмыс жүргізу.

Excel – де сабақ кестесін құру