Пернетақтамен жұмыс

84

Сабақтың тақырыбы:        Пернетақтамен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дербес компьютердің енгізу-шығару құрылғыларына жалпы    шолу. Пернетақтамен танысу.

Тәрбиелік:  Дербес компьютердің  негізгі құрылғылармен қалай жұмыс жасауды үйрету.

Дамытушылық: Әр түрлі алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуді көрсету, пернетақтамен жұмыс істеу әдістерімен  таныстырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын дамыту.

Сабақтың типі: саяхат, баяндау, көрсету,практикум.

Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру:

Пернетақталық тренажер, оқулық, жұмыс дәптері, электрондық оқулық,Activ studio Professional бағдарламасы.

Көрнекілік:    интерактивтік тақта, плакат, суреттер

Пәнаралық байланыс: география, математика.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі
  2. Үй тапсырма тексеру (әлемге саяхат)
  • Жаңа тақырыпты түсіндіру
  1. Практикалық кезең (пернетақталық тренажер)
  2. Сабақты бекіту, оқушыларды бағалау
  3. Үйге тапсырма беру.

 

  1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  2. Ал енді сабақта бәріміз түгел болсақ, үй тапсырмасын тексеру бағытында мына ақпарат мухитындағы кемеге отырып, әлемге саяхатқа аттанамыз. Саяхат кезінде біз бір керемет қазынаны іздеу жұмысын жүргіземіз, ол үшін мұндағы әр материкке тоқталып, ондағы тапсырмаларды орындаймыз. Осы тапсырма орындау барысынд а біздің іздеген  қазынамызда  табылып  қалар. Әзір болсақ, алға, балалар!

Ұзақ сапарымызда

Бірінші аялдамамыз – Австралия  материгі.

Сұрақ: 1.Табиғаттағы  ақпарат  ұғымы.

2.Ақпарат түрлері.

Сыйлық:Информатика оқулығы.

Екінші аялдамамыз – Африка материгі.

Сұрақ: 1.Бейнедегі ақпараттық процесстерді атап, жазу.

Сыйлық: Жүйелік блок.

Үшінші аялдамамыз – Оңтүстік Америка материгі.

Сұрақ:Ребусты шешу.

Сыйлық:Монитор.

Төртінші аялдамамыз —  Солтүстік Америка материгі.

Сұрақ: Салауатты өмір салты тақырыбына мақал айтыңыз, мақалдың ақпараттық өлшемін табыңыз.

Сыйлық:Тінтуір.

Бесінші аялдама  —  Еуразия материгі.

Біздің осы ұзақ сапарымызда іздеген қазынамызда өз өлкемізден, кең

байтақ Қазақстан жерінен таптық.

Енді, балалар, мына сандығымызды ашып, ішіндегі қазынаны тамашалайық.

Алтын тиындар арасынан біз пернетақтаны таптық.

 

ІІІ. Бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбы  «Пернетақтамен жұмыс»

Бізге компьютермен жұмыс жасау үшін құрылғыларымыз түгелденді.

Алдымен  пернетақтамен  танысайық

(электрондық оқулықтан бейнематериал)

Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы.

Қазіргі компьтерлік пернетақтасында 101 немесе 105 перне болады. Пернелер бірнеше блокқа бөлінеді:

  • Символдық пернелер
  • Функционал пернелер
  • Нұсқаушы пернелер
  • Цифрлық пернелер

Символдық пернелер, олар пернетақтаның ортасында орналасқан және негізгі бөлігі болып табылады. Бұл  пернелер  көмегімен  кез  келген  алфавитті-цифрлық  ақпаратты  енгізуге  болады. Пернетақтаның бұл бөлігінде латын, орыс, қазақ әріптері, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады.

Функционал пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолға орналасқан. Олар латынның F (F1,F2….F12) әрпімен белгіленген. Функционал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады.

Нұсқаушы немесе меңзерді басқарушы пернелер, меңзер дегеніміз экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Бұл пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде стрелкалар салынған. Олар меңзерді экранда жылжытуға арналған.

Цифрлық пернелер немесе пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге болады.

(Арнайы пернелермен сурет арқылы түсіндіру)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV.Практикалық кезең (пернетақталық тренажер)

Оқушылар компьютерде пернетақталық тренажер жұмысын жасайды. Тренажердың міндеті: берілген мәтінді пернелер арқылы теру, қателескен жағдайда дыбыс білдіреді және түзетуін күтеді.

 

V.Сабақты бекіту барысында, оқушылар геометриялық фигураны тандап сондағы сұраққа жауап беру керек.

  1. Пернетақта қандай құрылғы?
  2. Пернетақта неше блокқа бөлінеді?
  3. Латын, орыс, қазақ әріптері қандай пернелерге жатады?
  4. F1,F2….F12 пернелерді қандай пернелер деп атаймыз?
  5. Нұсқаушы пернелер қандай әрекет орындайды?
  6. Сандарды қандай пернелер арқылы еңгіземіз?

Сабаққа белсене қатысып, сұрақтарға жауап беріп, тақтаға шыққан оқушылар бағаланады.

VI.Үйге тапсырма

1.Оқулықтын 42 беттегі 2.2 тақырып бойынша пернетақта туралы түсініп оқу.

2.Арнайы  пернелерді және олардың қызметін дәптерге жазу.