MS Accеss деректер қоймасы. Формаларды деректерді енгізу және редакциялауда қолдану

147

Сабақтың тақырыбы:      MS Accеss деректер қоймасы. Формаларды деректерді енгізу және редакциялауда қолдану

Есеп беруді құру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:                              MS Accеss деректер қоймасында мәліметтермен жұмыс

жасай отырып, формаларды деректерді енгізу және

редакциялауда қолданып, есеп беруді құра білу.

Дамытушылық:                  Өмірдегі күнделікті тіршіліктен мысалдар келтіре отырып, өз

бетімен іздену, білімдерін іс – жүзінде қолдана білу

дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:                             Деректер қоймасына халық құндылықтарын енгізе отырып

шапшаңдыққа,  ұқыптылыққа және еңбек сүйгіштікке, халық

дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                     практикалық, жарыс сабақ.

Сабақ әдісі:                          Халықтық педагогика технологиясы және деңгейлік оқыту

                                                технологиялары арқылы алдына мақсат қоя отырып оқыту,

зерттеу әдістері.

Сабақтың жүрісі:  

І Ұйымдастыру.

  • Сабаққа дайындықтарын тексеру
  • Мұғалімнің кіріспе сөзі.

 

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Жеті саны туралы ұлағатты ұлттық ұғымдарды атау

  1. жеті қазына (1.Ер жігіт. 2.Сұлу әйел. 3.Ақыл,білім. 4. Жүйрік ат. 5.Қыран бүркіт. 6.Берен мылтық. 7.Жүйрік тазы)
  1. жеті ғалам   (1.Шығыс. 2.Батыс. 3.Оңтүстік. 4.Солтүстік. 5.Аспан. 6.Жер. 7.Жер асты)
  2. жеті күн       (1.Бүгін. 2.Ертең. 3.Бүрсігүні. 4.Арғы күн. 5.Ауыр күн. 6.Соңғы күн. 7.Азына)
  3. жеті жұт  (1.Құрғақшылық. 2.Жұт. 3.Өрт. 4.Оба. 5.Соғыс. 6.Топан су. 7.Зілзала)
  4. жеті ата   (1.Бала. 2.Әке. 3.Ата. 4.Арғы ата. 5.Баба. 6.Түп ата. 7.Тек ата.)
  5. жеті қат көк  (1.Ай. 2.Күн. 3.Шолпан. 4.Есекқырғын (Меркурий). 5.Қызыл жұлдыз (Марс). 6.Сатурн. 7.Мүштәри (Юпитер))
  6. жеті қат жер (1.Тұңғиық. 2.Жылан. 3.Су. 4.Қос балық. 5.Қара тас. 6.Көкөгіз. 7.Жер)

Сұрақтар: (жеті қазына суреттеріне сұрақ жасырылған)

  1. Деректер қоймасы не үшін қажет?
  2. Деректер қоймасы қандай компонеттерден тұрады?
  3. Бос кестелерді тұрғызудың қанша тәсілі бар?
  4. Деректер қоймасының негізгі мүмкіндіктері қандай?
  5. Қоймаға сұрату дегеніміз не?
  6. Жазба дегеніміз не?
  7. Өріс дегеніміз не?

 

ІІІ. Жаңа тақырып.

Форманы құру. Форманы көрсету режимдері.

Формалар – деректер базаны ақпаратпен толтыратын қызметкерлерге қажет. Олар ақпаратты енгізуге, қарап шығуға және кесте немесе сұраныстағы ақпаратты модификациялауға көмектеседі.

Құру тәсілдері:

  1. автоматты түрде – Автоформа.
    2.      шебер арқылы – Мастер форм.
    3.      өз қолымен – Конструктор.

Форманы көрсету режимдері:

  1. конструктор режимі
    2.      форма режимі
    3.      кесте режимі

Режимдер арасында ауысу Вид менюі арқылы іске асады.

Басқару элементтер.

Конструктор режимінде форманың көлбеу және тігінен орналасқан сызғыштар, форматтау тақтасы және құралдар тақтасы бар. Қосымша басқару элементтер тақтасын  экранға шығаруға болады. Ол арқылы формаға жаңа объектілер енгізуге болады.

Басқару элементтер – бұл формада немесе есепте орналасқан және деректерді бейнелеуге, операцияларды жасауға немесе жай әсемдік үшін арналған графикалық объектілер болып табылады.

Формаларда үш бөлім және бірнеше басқару элементтер болуы мүмкін.

Форманың бөлімдері:

  1. форманың тақырып жолы – бұл бөлім форманың 1-ші бетінің ең басында орналасады және тақырыптың атауын орналастыруға арналған;
  2. форманың ескерту бөлімі – соңғы беттің ең соныңда орналасқан, пайдаланушыға арналған кеңестер және басқада қажет ақпаратты орналастыруға пайдаланады.
  3. деректер аумағы – деректердің жазулары орналасқан.

Экранға көрінбейтін бөлімді шығару үшін Вид /Заголовок/Примечание формы командасын орындау қажет.

Есептер құрастыру.

Есептер – сұраныстар жұмысының нәтижелерін көрнекті түрде, баспа құрылғысында басылма түрінде алуға мүмкіндік береді (қағаз құжаты).

Құру тәсілдері:

  1. автоматты түрде – Автоотчет.
    2.      шебер арқылы – Мастер отчета.
    3.      өз қолымен – Конструктор.

Есептің құрылымы:

  1. тақырып жол бөлімі– есептің жалпы атауын жазуға арналған;
    2.      жоғарғы колонтитул бөлімі – егер есептің құрылымы күрделі болса және бірнеше беттерден тұрса, онда ішкі атауларды жазу үшін қолданылады;
    3.     деректер аумағы – база кестелер өрісінің мазмұнымен байланысты, басқару элементтер орналасқан;
    4.     төменгі колонтитул– құру мерзімі және беттерді нөмірлеу;
    5.     ескерту бөлімі – қосымша ақпарат орналастыру;
    6.     топтың тақырып жолы – әрбір берілген топтың жоғарғы бөлігінде шығады.

 

 

 

  1. Практикалық бөлім.

Жеті туралы ұлағатты ұлттық ұғымдарды Access бағдарламасына енгізу

  1. жеті қазына
  2. жеті ғалым
  3. жеті күн
  4. жеті жұт
  5. жеті ата
  6. жеті қат көк
  7. жеті қат жер

 

Тапсырманы орындау реті.

  1. Деректер қоймасын құру. Файл менюінде Создать командасын таңдаңыз.
  2. Конструктордың көмегін келесі кестені тұрғызыңыз: (өрістер жеті қазына,………)
  3. Формалар құру. – деректер қоймасы  терезесінен «Кестелер» категориясын таңдау, кестеге нұсқағышын орнату; -деректер қоймасы терезесіндегі объектілер ішінен Формы таңдап; — Шебердің көмегімен форма құру командалар орындаймыз.

Есеп беруді құру үшін:

Есеп берудің қарапайым есеп беруді құру үшін бірнеше  әрекеттерді ғана орындау  жеткілікті:

  1. Деректер қоймасының терезесін ашыңыз.
  2. Деректер қоймасының терезесінде «Кестелер» категориясы таңдалғанына  көз жеткізіңіз.
  3. Есеп беруді құрғыңыз келген кестеге нұсқағышты орнатыңыз.
  4. Вставка/ Автоотчет командасын орындаңыз немесе  саймандар  панеліндегі Новый объект батырмасын басыңыз және ашылған тізімнен Автоесеп беруді таңдаңыз.

Экранда санаулы уақытта – ақ пайдалануға дайын есеп беру пайда болады (11 — сурет). Бұл есеп беруге кестенің барлық өрістері қосылған. Олардың атаулары кестедегі сияқты тік орналасқан. Әрбір өріс атауының оң жағында кестедегі мәні бейнеленген.

 

  1. Сабақты бекіту

Аламан бәйге. (сурет бөліктері астына «20» саны жасырылған)

(Бекітуге бәйге ретінде өткізу үшін сұрақтар «Аламан бәйге» деп алдым. Бұл бөлімде оқушылар шапшаңдық, жылдамдық, білімділік көрсетуі тиіс)

  • MS Access – те кестеде барды көрсетудің екі пішімі бар олар не деп аталады? (кесте түрінде және форма түрінде)
  • MS Access – те формаларды құру неше жолы бар? (екі конструктор көмегімен және шебер көмегімен)
  • MS Access деректер қоймасының негізгі мүмкіндіктері қандай? (кесте, сұрату, форма, есеп беру)
  • Деректер типтерін ата? (мәтіндік, сандық, ақшалай, санауыш, дата/уақыт, логикалық, гиперсілтеме)
  • Есеп беруді құру не үшін қажет? (Есеп беру)
  • Есеп берудің құрудың қарапайым тәсілі? (ДҚ терезесін ашыңыз;ДҚ терезесінде «Кестелер» категория таңдау; кестеге нұсқағышын орнатып; Вставка —  автоотчет    командасын орындаңдар)
  • Деректерді енгізуде және редакциялау қайда қолданылады? (формаларда)

 

— Суретте не көріп тұрсыздар? Бұл сан нені білдіреді?

— Қазақстан тәуелсіздік алғанына 20 жыл,осы уақыт аралығында қандай жетістіктерге жетті?

1991 жылы қазан айында     тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1993 жылы, 13-қарашада      төл теңгеміз дүниеге келді

1995 жылы 30-тамызда         Ата Заңымыз қабылданды

1997 жылы                             Астана Ақмола қаласына көшірілді.

2005 жыл                                Дүниежүзі қазақтары үшін құрылтай болды.

2006 жылы 6-қаңтарда         әнін Шәмші Қалдаяқов, сөзін Н.Ә.Назарбаев жазған «Менің Қазақстаным»

атты ҚР жаңа мемлекеттік әнұраны бекітілді.

2010 жылы         ҚР ҰҚЫҰ Саммитіне төрағалық етті.Осы саммитте Астана декларациясы қабылданды.

 

Туған халқымыз тәуелсіздік алды.Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріптермен жазылды.. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді  екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі» туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.

 

Міне егемендігімізді алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан жылдан-жылға көркейіп, небір қиындықтарды артқа тастап, жаңа экономикалық өрлеу үстінде.Өз халқын жақсылықпен жетістікке жетелеген Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдау елдің тағатсыздана күтетін жаңалыққа толы бастамасы.Әр жылғы жолдаудан еліміз жаңа серпіліс пен батыл қадамдар күтеді. Еліміздің экономикасын өркендетуге сендер де ат салысады деп сенемін.

Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат болыңыздар!

 

VI.Үйге тапсырма беру. Форма құру, есеп беру.

Қазақ халқының құндылықтарын ұмытпайық.

Қазақ киімдері: ерлер киімі; әйелдер киімі

Әсемдік бұйымдар: қыз келіншек, бозбала.

 

VIІ. Бағалау