Excel электрондық кестелері Диаграмма құру

101

Бағдарлама тақырыбы:  Excel электрондық  кестелері.

Сабақ  тақырыбы: Диаграмма құру.  

Сабақ мақсаты:

  • Білімділік: Оқушыларды диаграмма және графиктер

                            түрлерімен таныстыру және оларды құруды,

түзетуді үйрету.

  • Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын,

                          белсенділігін арттыру.

  • Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік білімділігін

                                      арттыру.

                                              

Оқу-өндірістік жұмыс:  тапсырмалар.

Өндірісте оқыту көрнекілігі:

  1. Дербес компьютер, принтер, проектор
  2. Дидактикалық материалдар мен бекіту сұрақтары
  3. Оқулық кітапша – 7
  4. Тапсырма қағаздары
  5. Нұсқаулық сызба -15 дана

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды түгендеу.

б) Сабаққа дайындығын тексеру, ынталарын сабаққа аудару

ІІ. Кіріспе нұсқауы

2.1. Сабақтың тақырыбын,  мақсатын айту таныстыру.

2.2. Оқушыларды білімге шақыру үшін ,ойландыра отырып сұрақтар қоямын. Өткен сабаққа сүйене отырып, оқу барысын дамыту, оқушылар тақтаға шығып осы сұрақтарға «Таза тақта» ойыны арқылы жауап береді.

  1. Excel электрондық кестесінің атқаратын қызметі қандай?
  2. Excel программасын қалай іске қосуға болады? (көрсету)
  3. Ұяшық дегеніміз не?
  4. Электрондық кестедегі кітап деген не? Жаңа кітап қалай құрылады?
  5. Excel терезесінің негізгі элементтерін ата?
  6. Стандартты саймандар тақтасының командалары?
  7. Бағаналар, қатарлар қалай белгіленеді?
  8. Кестені жиектеу әрекеті қалай орындалады?
  9. Кесте ішіндегі фондық түстер деп нені айтуға болады?
  10. Парақты немесе жұмыс кітабын толық қорғау үшін қандай команданы орындау қажет?
  11. Электрондық кестеге формулалар қалай жазылуы керек?

Таңбашалар арқылы жауап беру. Оқушылар бөлу керек қайсысы  таңбаша Excel бағдарламасына жатады, қайсысы Word бағдарламасына жатады. Таңбашалар проектор арқылы көрсетіледі. Енді сіздерге сұрақ,  қандай таңбашалар бұрын сіздер Word –тан білдіңіздер, енді Excel бағдарламасынан қандай таңбашалар қосылды?

 

2.3.Сабақ тақырыбы бойынша оқушыларға нұсқау беру.

  1. Excel бағдарламасында 14 түрлі екі және үш өлшемді диаграмма түрлері орнатылған. Кесте деректерін көрнекті түрде – диаграммалар немесе графиктер түрінде көрсетуге болады. Оларды тұрғызу үшін Excel-дің Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) деп аталатын құралы бар, «Стандартты» саймандар тақтасындағы батырманы шерту арқылы шақыруға болады.
  2. Диаграмма шеберін іске қосу, видеопроектор арқылы көрсету
  3. Диаграмма типін таңдап, ұсынылған тізімнен оның көрсетілген түрлерінің бірін (гистограмма, сызықтық, дөңгелек, график, т.б.) таңдап, Әрі қарай (Далее) батырмасын шерту.
  4. Проектор арқылы Диаграмманың қадамдарын көрсету.

 

     2.4. Жаңа   тақырыпты  пысықтау.

  1. Excel-дегі диаграмма дегеніміз не?
  2. Ол қандай элементтерден тұрады?
  3. Диаграмманың қандай типтері бар?
  4. Диаграммаға тақырып қалай жазылады?
  5. Диаграммалар шеберінің бірінші қадамында қандай параметрлер тағайындау керек?
  6. Диаграмма баспаға қалай шығарылады?
  7. Жұмысқа кірісер алдында Еңбектегі сақтық ережесін қайталайық.

Тапсырма беру. Енді бүгін осы тақырыптан алған білімдеріңізді тексеру мақсатында сіздерге әр түрлі тапсырмалар дайындап келдім.

Бір диаграмманың үлгісін проектор арқылы көрсету.

  1. Берілген тапсырмалар бойынша диаграмма құру.
  2. Оқушыларға әр үстелге нұсқау сызбасын тарату.

 

ІІІ. Өткілікті нұсқау және оқушыларға берілетін жұмыстар

3.1.  Бақылау ретінде оқушылардың жұмыстарын қарау

а) Енбектегі сақтық ережелерін қарау;

б) Жіберілген қателерін көрсету;

в) Қателерді түзету  жағдайларды айтып, түсіндіріп беру

Оқушылар нені білуі керек:

  • диаграммаларды құру тәсілдерін;
  • баспаға басуды қалыпқа келтіруді;

Оқушылар нені үйренуі керек:

  • диаграмма құруды.
  • құжаттарды баспаға басуды.

ІҮ. Қорытынды нұсқауы

  1. Сабаққа қорытынды жасау, бүгін сабақта не өттік?
  2. Оқушылардың орындаған жұмыстарын қарап бағалау,
  3. Түзетуді қажет ететін жағдайларды айтып, түсіндіріп беру.
  4. Бағаларын естірту.
  5. Үйге тапсырма беру, диаграмма құруды оқып келу.

Сабаққа конспект

 

Тақырыбы: «Диаграммаларды құру»

Диаграммалар деректердің графикалық түрде ұсынылуына арналған. Диаграммалар келесі типтегідей болады:

  • Діңгектік (гистограмма)
  • Сызықтық
  • Дөңгелек
  • Нүктелік
  • Шығыршықтық
  • Цилиндрлік
  • Конустық
  • Пирамидалық жән т.б.

Дөңгелек диаграммадан басқа барлық диаграммалардың екі осі: көлденең немесе категория осі және тік немесе мәндер осі болады.

Диаграммалар мынадай элементтерден тұрады: тор, тақырып және аңыз. Тақырыптар диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады. Аңыз диаграммада берілген бірқатар деректерді ажыратуға көмектеседі.

Диаграммалардың бірқатар типтерін қарастырайық.

  1. Дербес компьютерді іске қосу.
  2. Диаграмма шебері батырмасы бойынша шертіңдер.
  3. 1-қадам –диаграмма типі, диалог терезесінің Тип тізімінен диаграмманың типін таңдаңдар, Келесі батырмасын шертіңдер.
  4. 2- қадам – диаграмма деректерінің көзі — диалог терезесі пайда болады және үнсіз келісім бойынша  қатарларды бағана бойынша тұрғызу ұсынылады, Дайын батырмасы бойынша шертеміз.
  5. 3- қадам – диаграмма параметрлері диалог терезесінде диаграмманы безендіру бойынша сервис ұсынылады. Ості жазып қоюға, диаграммаға ат беруге және т.б. орындауға болады. Келесі батырмасын шертеміз.
  6. 4- қадам – диаграмма орналастыру – диалог терезесі диаграмманы бар бетте немесе жеке бетте орналастыруға мүмкіндік береді. Бар бетті таңдап, Дайын батырмасы бойынша шертеміз.

Диаграммаларды қою үшін, бетке сандық деректермен кестені шығарып алу керек.  Саймандар қатарынан «Диаграмма» белгісін таңдап, ҚОЮ – ДИАГРАММА деген осы беттегі бұйрықты басу керек. Бетте маркер арқылы диаграмма белгісі пайда болады. Тышқанның сол жағын басып, оңға – төмен жылжыта отырып, диаграмманың орнын көрсету керек.

Диаграмманы қағазға шығару үшін:

  1. Тұрғызылған диаграмманы екі рет басу арқылы белгілеу керек.
  2. Алдын ала көру режимін енгізу керек.
  3. Беттер командасына басып, Колонтитулдар мен тор белгілерін алып тастау қажет.

1- қадам

Мұнда Excel бағдарламасында Диаграмма шеберінің <5-тен 1-қадам> деген сұқбат терезесіне шығады. Осы терезеде диаграмманы тұрғызатын мәліметтер орналасқан ұялар белгіленеді. Егер белгіленетін блокты, терезе жауып тұрса, оны басқа орынға жылжытуға болады. Тышқанмен 13:16 блогын белгілеп алып, Диаграмма шеберінің Келесі сөзін таңдау керек.

 

2- қадам

     Келесі сұқбат терезесінде Excel бағдарламасы тұрғыза алатын диаграмма түрлерінің ішінен қажетті біреуін таңдап алу керек. Гистограмма диаграмма түрін тышқанды басу арқылы таңдап алып, келесіге көшу қажет.

 

3- қадам

     Үшінші сұқбат терезесі қандай диаграмма түрін таңдағанға байланысты. Гистограмма түрін таңдағандықтан үшінші терезе  суретіндей болады. Ол терезеден формат түрін белгілеп алып, келесіні басу қажет.

 

4- қадам

     Бұл Excel бағдарламасының бұрын белгілеп алған мәліметтерді қалай пайдалана алатынын көрсетеді. Қадамда мәліметтердің қайда орналасқанын қатарда ма, бағанада ма көрсетіп, олардың түсіндіру мәліметтерін «түсініктемелегенде» қандай аралықтан таңдау керектігін көрсету керек. Түсініктеме диаграммадағы мәліметтердің аттарын және оң жақта орналасатын нұсқау –маркерлерін бейнелейді. Егер шыққан нәтиже ұнамаса, қайтадан алдыңғы терезе «кейін» -ге оралу қажет. Мысалы: Мониторда диаграмма шебері мәліметтердің қатарлары дұрыс орналасқанын  анықтаса, өзгертудің қажеті жоқ.

 

5- қадам

     Бұл сұқбат терезеде түсініктеме (легенда) қосымша атаулар, нұсқаулар қажет болса, соларды және диаграмма атын, Х пен Ү осьтері бойынша жазылуға тиісті мәлімет енгізу керектігі көрсетіледі. 

Түсініктеме қосу деген сұраққа түсінік беретін мәліметті қосу үшін, Ия пернесіне, әйтпесе Жоқ пернесіне басып жауап беру қажет.

Диаграмма  аты деген өріске «компьютерді пайдалану» деген сөзді енгізіп, аяқтау  пернесіне басу керек. Бұл жұмыс парағына салынған диаграмма. Егер диаграмманың ұнамағаны болса, оны қайта түзетуге болады.

 

Тапсырма

 

Кеңістікте көлемді дөңгелек диаграмма тұрғызу және оны түзету

 

Диаграмманы түзету кезіндегі экран бейнесі

 

Дөңгелек диаграммалар – жиі пайдаланылатын график түрі. Олар бір бүтіннің құрама бөліктерін немесе проценттерін бейнелеуге өте ыңғайлы. Енді дөңгелек диаграмма тұрғызу жолдарын қарастырайық.

  1. Жаңа файл дайындаймыз.
  2. Суреттегідей етіп тақырып жазып, оған сәйкес мәліметтер кестесін жасаймыз.
  3. Диаграмма шебері батырмасын басып, диаграмма тұрғызу үшін керекті мәліметтерді 13:16 блогын аламыз.
  4. Диаграмманы қадам бойынша былай етіп тұрғызамыз:
  • 1-қадамда 13:16 және А3:А6 блоктарын таңдаймыз;
  • 2-қадамда Кестенің дөңгелек деген типті таңдаймыз;
  • 3-қадамда еш нәрсені өзгертпейміз. Excel бәрін өзі дұрыс таңдап алады.
  1. 5-қадамда түсініктемені қосамыз.

Аттарын бұл қадамда енгізбей тұра тұрамыз, сонда бейне экранға шығады. Енді безендіру элементтерін енгізу үшін, оны түзету режиміне көшеміз.

 

 

Қолданылған әдебиет

 

 

  1. Microsoft Excel – 97 кестелік процессоры, Лабораториялық практикум
  2. Информатика, Талапкер топтамасы: Астана «Арман -ПВ»ұсынған «Оқушы» анықтамасы
  3. Кирнос В.Н. Информатика, 11-сыныпқа арналған оқулық