Мектеп. Мектеп ұжымы.

46
  1. Дүниетану.Сабақтың тақырыбы: Мектеп. Мектеп ұжымы.

Сабақтың мақсаты: 1 Мәтінді түсіндіру 2  Адамгершілік тәрбие беру.3.Мектеп туралы білімін дамыту, толықтыру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Оқыту әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру:1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Үй тапсырмасын сұрау.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру: « Отбасыңа қамқор бол».әңгімелеу.

ІІІ. Мақсат қою: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Тақырыпты оқи отырып түсіндіру.1)  Іштей оқыту.2) Тізбектей оқыту.3 М Мақатаев: «Мектеп» өлеңін жаттату.Мақал-мәтел айтқызу.1. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.2. Әдепті бала кездессе,,  Сәлем берер бас иіп. Әдепсіз бала кездессе,  Өте шығар кекиіп.

Сергіту сәті.

Ү. Жаңа білімді бекіту:—  Мектепті кім басқарады?-Мектепте кімдер жұмыс істейді?-Сынып ұжымына кімдер кіреді?-Ұжымға өзіңнің қандай көмегің тиеді?( Осы жерден «Өрмекші торы» ойынын ойнатуға болады.Оған қажет жіп.Бір-бірімен мектеп ұжымының байланысын жіп арқылы байланыстырып көрсетуге болады.Бір оқушы директоры, одан кейін мектеп әкімшілгі т.б)

ҮІІ. Үйге тапсырма:«Мектеп» жаттау.«Мектеп ұжымы» түсініп оқу

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не жайында білдік?