Ақпараттық модельді құру:модельдеу мақсаттарын анықтау, объектінің құрылымдық талдауы, объектіні зерттеу мақсаттары

40

Сабақ тақырыбы: Ақпараттық модельді құру:модельдеу  мақсаттарын анықтау,  объектінің құрылымдық талдауы, объектіні  зерттеу мақсаттары

 

Сабақ мақсаты:   Ақпараттық модельді құру:модельдеу  мақсаттарын анықтау,  объектінің құрылымдық талдауы, объектіні  зерттеу мақсаттарын  таныстыру.

 

Білімділік:   Ақпараттық модельді құру теориялық білімдерін пысықтап, тексереді.

 

Дамытушылық: Ақпараттық модельді құруға  дағдыланады және модельді құру  дағдысын,  логикалық ой-өрісін, зейінін, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді. Пәнге қызығушылығы артады. Басқа пәннен алған теориялық білімдерін модель құруда қолдана білуге дағдыланады.

 

Тәрбиелік: Алдыға мақсат қойып, соған жетуге талпынады, өз қызметіне талдау жасауға, баға беруге тәрбиеленеді.  Жұппен, өз бетімен жұмыс жасау мәдениетін қалыптастырады.

 

Сабақ типі: Жаңа тақырыпты меңгерту.

 

Сабақ түрі: Білім бекіту сабағы.

 

Әдіс-тәсілдері: Жеке, топпен жұмыс, өз бетімен жаңа білім алу, бекіту жаттығулары.

 

Пәнаралық байланыс: Математика, Физика.

 

Көрнекі құралдар: Слайд, оқулық .  Үлестірме тапсырмалар.

 

Техникалық құрылғы: Проектор, экран, компьютер.

 

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Слайд1: Бүгінгі күн.
    • Сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. Журнал толтыру.
    • Үй тапсырмасын сұрау. Слайд арқылы қысқаша /3-4 оқушы/
    • Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттерін, барысын айтып өту.

Мұғалім сөзі: Ақпараттық модельді құру:модельдеу  мақсаттарын анықтау,  объектінің құрылымдық талдауы, объектіні  зерттеу мақсаттары

Зерттеудегі  объект туралы  қажетті ақпараттың бәрін қамтитын шамалар жиынтығы –ақпараттық модель. Ақпараттық моделді  қолмен ұстап, көзбен көре алмаймыз.  Себебі олар тек ақпараттардан ғана құралады. Мұндай модельдер қоршаған ортаны ақпараттық жағынан зерттеуге мүмкіндік береді. модель  объектінің  қасиеттерін, белгілерін, күйін толық көрсететіндей болуы қажет. Объектіні  зерттеу үшін адам сол объект жөнінде  ақпарат жинақтайды.

Ақпараттың аса көп болуы міндетті емес, қолданылатын мақсатқа сай болса, жеткілікті. Мысалы: мектепте сен қан айналымының ақпараттық моделімен  таныстырылады. Оқушы үшін бұл жеткілікті болғанымен, дәрігер мамандығын қалағандар үшін осы білімді одан тереңдетіп, жетілдіру қажет.

Кейбір  объектілерге  белгілі бір   қасиеттер тән болғандықтан ол көзге анық  көрініп тұрады. Мысалы гүл түсінің сарылығымен, ал найзағай жарқылдауымен ерекшеленеді. Осы  объектіге  не себепті  сол қасиеттердің  тән екенін  білу  үшін  объектіні  толық зерттеу қажеттілігі туады. Модель  құру кезінде  объектіге зерттеу мақсатында, зерттеу құралдары мен адамның білім дәрежесіне қарай әртүрлі  ақпарат жинақталады.

Мысалы: өсіп тұрған гүл жөнінде  биология маманы, дәрігер және оқушының алатын мәліметтерін салыстырайық.

Биология маманы гүлді өзі білетін гүлдермен салыстырып, тамырына, клеткалық құрамына, топырақта өсу ерекшеліктеріне көңіл бөледі.

Дәрігер өсімдіктің  химиялық құрамын анықтап, оның денсаулыққа пайдалы және зиянды жақтарын ашуға тырысады.

Ал оқушы  гүлдің  сыртқы көрінісіне , иісіне, үзілгеннен  қанша уақыт солмайтына  көңіл бөледі.

Объектінің қасиеттерін сипаттау үшін әртүрлі схемаларды , таңбалық жүйелерді қолдануға болады.

Ақпараттық модельде объектінің параметрлері мен оның құраушылары сандық, мәтіндік және басқа да түрде беріледі. Ал зерттеу  барысында  іс-әрекеттер ақпаратты өңдеу процесі түрінде көрсетіледі.

Ақпараттық модель  адам өмірінде  маңызды орын алады. Мектепте  оқылатын пәндер де құбылыстарды танып-білу мақсатында ақпараттық модель түрінде беріледі.

Ақпараттық  модель еш уақытта  объектіні толық сипаттай алмайды.бір объект үшін әртүрлі ақпараттық модель құруға болады.

Ақпараттық  модель  модельдеудің алдағы жолын анықтайтын ойдың тууына әсер етеді.

 

Практикалық жұмыс:

Тапсырма: Қара жәшіктің  алгоритмін табу.

Кірісі 16 23 34 42 57
Шығысы 15 24 33 41 58

Осы мысалда былай тұжырымдайымыз: енгізілген тақ санға 1-ді қосады, жұп саннан 1-ді азайтады.

1.

Қара жәшіктің  алгоритмін табу.

Кірісі 16 23 34 42 57
Шығысы 15 24 33 41 58

Жауабы:  ЖҰП САННАН  1-ДІ   АЛАДЫ, ТАҚ САНҒА 1-ДІ ҚОСАДЫ.

Кірісі 23 5 12 21 132 56 9 20 100 24
Шығысы 47 11 25 43 265 113 19 41 201 49

Жауабы: *2+1

2.

Кірісі 23 5 12 21 132 56 9 20 100 24
Шығысы 45 9 23 41 263 112 17 39 199 47

ЖАУАБЫ: *2-1

3.

Кірісі Оператор Логика Ақпарат Топология Объект
Шығысы 2 1 0 3 1

ЖАУАБЫ:  «О» ӘРПІ

4.

Кірісі 25 11 7 98 34
Шығысы 100 44 28 392 136

ЖАУАБЫ:  *4

5.

Кірісі Доллар Зообақ Бала Ағаттық Әдепті
Шығысы 1 1 0 1 0

ЖАУАБЫ: ҚОС ӘРІПТІ САНАУ

6.

Кірісі информатика қағаз Абай қаламсап атамекен
Шығысы 6 3 2 5 4

Жауабы: ДАУЫССЫЗ  ДЫБЫС САНАУ

7.

Кірісі 26 33 21 8 123
Шығысы Болмайды 11 7 Болмайды 42

Жауабы: /3

8.

Кірісі 10 13 40 100 54
Шығысы 4 Болмайды 19 49 26

ЖАУАБЫ:/2-1

  1. Жаңа білім қорытындысы.
  1.  Ақпараттық модель  дегеніміз не?
  2. Ақпараттық моделге мысал.
  3. Объектінің қасиеттерін сипаттау нені  қолдануға болады?

 

  1. Үй тапсырмасын беру. Дәптердегі конспектілеу оқу .
  2. Бағалау.  Қорытындылау.