«Информатика патшалығы» сайысы

41

«Информатика патшалығы»  сайысы

Тайжанова  Тоғжан   Жомартқызы

Нұра  орта  мектебінің  мұғалімі

Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары мен ынтасын арттыру, теориялық, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымдық жұмыс жасауын және өз ойын еркін жеткізе білу, өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру. Шыдамдылыққа, әділдікке , намысқойлылыққа жетелеу мақсатында   өзімнің   информатика  апталығында    өткізген  «Информатика  патшалығы»  атты  сайысымның  жоспарын  назарларыңызға  ұсынып  отырмын.

І.  Кешті  өткізуге  дайындық

  1. Кешке қатысатын  оқушыларға   компьютер құрылғылары  бөлініп            берілді.
  2. Кеш өтетін орын безендірілді
  3. Топқа бөліп сайысқа  дайындау
  4. Сазды үзіліске арнап өнер  көрсету.

ІІ. Сайысты  өткізу  программасымен таныстыру.

  • Әділқазылар алқасымен  таныстыру
  • Сайысты өткізу
  • Әділқазылар алқасының  қорытынды  жариялануы

Сайыс  жоспары:

1- тур.  «Ақпаратты  беру» сайысында  әр топ өздерін  таныстырады. (топ аты   және ұраны)

2- тур. «Ақпаратты  табу» сайысы.  Бұл сайыста   әр топқа  бірдей тапсырма  беріледі.

3- тур. «Ақпаратты  қабылдау»  сайысы. Бұл  сайыста  әр топ  информатикаға  қатысты  әзіл  айтып  жарысады.

4- тур. «Ақпарат  алмасу»  сайысы.  Әр топ  өз  өнерлерін  ортаға  салады.

5- тур. «Ақпаратты  сәйкестендіру»  сайысы.  Топ  мүшелеріне  компьютерге  қатысты  құрастырылған  мақал – мәтелдер  беріледі,  осы  мақал – мәтелдердің  күнделікті  өмірде   қолданылатын  нұсқаларын табы  қажет.

6- тур. «Ақпаратты  өңдеу» сайысы.  Үй  тапсырмасы  бойынша   компьютер  құрылғыларын  қатыстыра  отырып,  киім  түрлерін  құрастыру.  Осы  құрастырылған  киім   бойынша  сән  көрсету.  Жақсы  құрастырған  киім  бойынша, ұпай  санын  бағалау.

Қорытынды.  Сайыс соңында  әділқазылар  алқасы  әр топтың   ұпай сандарын  есептеп  қорытындылайды. Сайысқа  қатысушылар марапатталады.

Қарағанды  облысы,

Шет  ауданы,

Кеншоқы  ауылы