Алгоритмнің график түрінде кескінделуі

60

Сабақтың тақырыбы:  Алгоритмнің график түрінде кескінделуі

Мақсаты: Оқушыларға алгоритмнің график түрінде берілуін меңгерту.

Міндеттері:

  1. Оқушыларға алгоритмнің график түрінде берілуін үйрету.
  2. Оқушының ойлау қабілетін арттыруға, өз ойын жүйелеуге, еркін айтуға, талдау жасауға дағдыландыру.
  3. Терең ойлауға, топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың құрал-жабдықтары:

Құралдар: интерактивті тақта,  Activote құрылғысы, Activslate құрылғысы, магнит тақтасы

Көрнекіліктер: электронды оқулық, стикер, үлестірмелі қағаздар.

Сабақтың типі:  жаңа білім беру

Сабақтың түрі:   аралас сабақ

Сабақтың әдісі:   өзің үшін жазу, Т кестесі

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІV. Өзіндік жұмыс

  1. Сабақты қорыту.

VІ. Үй тапсырмасын беру.

VІІ. Бағалау.

Күтілетін нәтиже: Алгоритмді график түрінде кескінделуін біледі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі /2 мин./

а) оқушыларды түгелдеу, оқу құралдарын түгелдеу, екі топқа бөлу.

ә) олардың көңілін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.  /10 мин./

Тест  /Activote құрылғысының көмегімен/

  1. «Алгоритм» атауы кімнің есімінің латынша атауы?

          А) Әл-Тарази;              Б) Әл-Бируни ;           В) Әл-Хорезми;*                   Г) Ибн-Сина.

  1. Алгоритмді … пайдаланады.

А) есеп шығаруға;*              Б)мәтін теруге;        В) программалауға;   Г)график сызуға;

  1. Алгоритмнің қасиеттері

А) 6;               Б) 5;*              В) 4;                Г)3;

  1. Берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі

А) программа;           Б) кесте;        В) алгоритм; *          Г)блок-схема

  1. Алгоритмнің тізбекті қадамдарға бөлініп атқарылуы

А)айқын өрнектелу ;           Б)үзіктілік;*             В) нәтижелік;          Г)ортақтық

  1. Әрекеттер тізбегінің орындалуы

А) программа;           Б) кесте;        В) процесс;*              Г)блок-схема

  1. Табиғи тілде жазылған алгоритм компьютерде неліктен орындалмайды?

А)дәлдік сақталмайды;*                          Б)ақпарат өңделмейді;         

В) формалды түрде атқарылады;                       Г)нәтиже бермейді

  1. Программалау тілі қандай тілге негізделіп жасалады?

А) орыс;         Б) қазақ;        В) неміс;                    Г)ағылшын*

  1. Программа тізбегі:

А) программа;           Б) кесте;        В) алгоритм;             Г)команда*

  1. Кез келген алгоритмнің нәтижесі …

А) болмайды ;                                              Б) болады;*              

В) шартына қарай болады;                       Г)сипатына қарай болады

 

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру. /13 мин/

 Қызығушылықты ояту. «Өзің үшін жазу» стратегиясы

«Блок-схема» деген сөзді қалай түсінеміз? /стикер парағына жазып, магниттік тақтаға жапсырылады/

Мағынаны ажырату.

                                               Алгоритмнің өрнектелу жолдары

 

 

                       Табиғи тіл                Графиктік тілде                 Программалау тілінде

 

Негізгі ұғымдар: /электронды оқулық/ 

Алгоритмнің жекелеген қадамдары әртүрлі геометриялық фигуралардың көмегімен өрнектелетіндей, осы фигураларды жалғастыратын байланыс сызықтардың көмегімен алгоритмнің графикалық кескінделуі блок-схема деп аталады.

Блок- схемада пайдаланылатын фигуралар оның блоктары, ал оларды бір-бірімен қосатын сызықтар байланыс сызықтары деп аталады.

Алгоритм блоктарының арнайы белгілері

Іс-әрекеттің орындалуы Блок пішімі Атқаратын жұмысы
Процесс

 

 

 

 

Математикалық өрнектерді есептеу
Таңдау

 

 

 

Есеп шығару жолын таңдау
Модификация

 

 

 

Цикл (қайталау) басы
Құжат Нәтижені шығару, қағазға басу
Енгізу

 

 

 

 

 

Мәліметтерді енгізу
Бастау, аяқтау

 

 

 

 

Басталуы, аяқталуы
Түсініктеме

 

 

Схеманы, формулаларды түсіндіру

1 қадам.  «Сандық фокус»

Берілген алгоритмді орындау керек.

1) Кез келген сан ойлан

2) +1

3) *3

4) +1

5) басында ойлаған санға шыққан санды қос

 

 

  1. Өзіндік жұмыс /10 мин./

Ой толғаныс.

1 тапсырма. Блок-схеманы ретімен орналастыр /Activslate құрылғысының көмегімен/

 

«Өзің үшін жазу» стратегиясы.

Сабақтың басында қойылған сұрақ қойылады. «Блок-схема» деген сөзді қалай түсінеміз? /стикер парағына жазып, магниттік тақтаға жапсырылады/ Әр топтан оқушы шығып, бастапқы жазып берген жауап пен соңғы жауабын салыстырады.

  1. Сабақты қорыту /5 мин/
  2. Күн тәртібінің алгоритімінің блок-схемасын құру.
  3. Т кестесі. (Алгоритмнің берілуі)
График түрде берілуі Табиғи тілде берілуі
 

 

 

 

 

  1. Үй тапсырмасын беру. /2 мин./
  2. Блоктардың арнайы белгілерін жаттау
  3. 1.5 тақырыпты оқу

VII. Бағалау  /3 мин/

Оқушының

аты-жөні

Үй жұмысы /алгоритм құру/ Блок-схеманы ретімен орналастыру Блок-схеманы толтыру Қорытынды баға

 

Әр оқушы өздерін 5 балдық жүйеде сабаққа қатысуын  бағалайды:

Мен Біз Іс Көңіл-күй

 

  • Мен- менің сабақтағы жұмысым;
  • Біз – сынып жұмысы;
  • Іс – мақсатына жетті ма?
  • Көңіл-күй – смайликтің суретін сал.